10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауын қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды сатуы - биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, өндірілген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі - биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы - биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - биоотынның тиісті көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 147-11-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
147-11-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді табыс етпеуі, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып табыс етуі -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-тармақ 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
4. Шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын жер қойнауын пайдаланушының бұзуы -
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5-тармақ 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері - заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің бұзуы -
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субьектілерінің сақтамауы -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекет, -
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 147-12-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
147-12-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу
1. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асырып жіберуі,-
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асырушы тұлғалардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасын асырып жіберуі, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 147-13-баппен толықтырылды
147-13-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу
1 және 2 пункттар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, дұрыс немесе толық жарияламауы, -
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізукөлемі бойынша есепті ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұратқан, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4 пункт 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы, -
орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушыларға электр энергиясын беруді заңсыз шектеуі және (немесе) ажыратуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтаудың жеке шартын жасасудан бас тартуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 151- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды
151-1-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе жюри мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында сатып алу -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
3. Спортшылардың өздеріне жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстары ұйымдастырушыларының немесе жюри мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 153-бап өзгертілді
153-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кету;
9) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізу;
11) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау, -
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 154-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 154-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
154-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайда, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 154-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 155-бап өзгертілді
155-бап. Банкроттық кезіндегі құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзіндегі дәрменсіздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсіз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге не конкурстық iс жүргiзу немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 155-1-баппен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 155-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;
борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;
әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;
борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борышкердің мүлкін сатуы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.