Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қазандағы № 4С-28-4 «Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 12 кезектен тыс сессиясының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-12-6 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қазандағы № 4С-28-4 «Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3377 тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2010 жылдың 16 желтоқсанында № 153 және «Акмолинская правда» газетінде 2010 жылдың 16 желтоқсанында № 150 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрайымы, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Дьячек |