2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Әріптестік ұйым мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы ақпарат, сондай-ақ әріптестік ұйымдардың атауы мен байланыс деректері Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру орындарында орналастырылады.
24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис үшін ақы белгілей алады.
25-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;
2) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;
3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және оған қоғамдық мониторинг жүргізу
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу қағидаттары
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) анықтық;
5) жан-жақтылық;
6) ашықтық.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру жəне байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне жатады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау:
1) жергілікті жерге бару арқылы не лауазымды адамдарды шақырып жəне (немесе) материалдарды сұрата отырып, жергілікті жерге бармай тексеру;
2) ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес есептік ақпарат пен өзге де мəліметтер негізінде байқау жолымен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылады.
5. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның лауазымды адамдары, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның жəне оның филиалдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке жəне заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары, ал қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның лауазымды адамдары жүргізеді.
6. Осы баптың ережелері қарсы барлау қызметін жəне кəсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, қамтамасыз етуге жəне жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-1-бап. Тексерудің түрлері жəне оларды жүргізу тəртібі
1. Тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексеру;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің оларды жүргізуге негіз болған мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспардан тыс тексеру.
2. Тексеру жүргізу үшін мемлекеттік органдардың жəне ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылуы мүмкін. Тексеруді есепке алуды жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ба ғалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган тек серу жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 жел тоқ санына дейінгі жəне ағы мдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бекітетін, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкі летті орган басшысының шешімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін жартыжылдық тексеру жос пары жоспарлы тексеру тағайындауға негіз болып табылады.
Тексеруші лауазымды адамдардың құрамы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен өзгертілуі мүмкін.
Тексеруші лауазымды адамдардың құрамы өзгерген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бұл туралы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері, егер:
1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту алдындағы соңғы алты айда олар бір мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен болса;
2) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда алдыңғы тексерулердің нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну шығарылған болса;
3) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда оларға қатысты жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардан жолданым келіп түссе;
4) соңғы жыл ішінде олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылса;
5) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу жəне көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша талдау жəне мониторинг негізінде жолданған ұсыныс орындалмаса;
6) соңғы жыл ішінде оларға қатысты үш жəне одан көп жоспардан тыс тексерулер жүргізілсе;
7) соңғы үш жылда оларға қатысты жоспарлы тексеру жүргізілмесе, жоспарлы тексеруге жатады.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
6. Жоспардан тыс тексеру тағайындауға:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері жөніндегі мемлекеттік органдардың жолданымдары;
3) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулардың орындалуын бақылау;
4) байқау нəтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұзушылықтар;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар жəне сұрау салу арқылы зерделенген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат негіз болып табылады.
7. Анонимдік жолданымдар негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
8. Тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған талаптарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізу үшін объектіге келген лауазымды адамдары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау субъектісіне:
1) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қатысты тексерулер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасымен не оны алмастыратын адаммен келісу бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерінде болған уақытта оларға осы органда белгіленген рұқсаттамалық жəне объектішілік режимдердің талаптары қолданылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-2-бап. Тексеру жүргізу мерзімдері жəне ол аяқталғаннан кейін қабылданатын шаралар
1. Жоспарлы тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне тексеру басталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізу мерзімдері тексеру басталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Жоспарлы тексерудің басталатыны туралы хабарлама күні көрсетіле отырып, ол басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын, жоспардан тыс тексеру басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын жіберіледі.
3. Тексерудің басталатыны туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:
1) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адам дардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
2) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
4) тағайындалған тексерудің нысанасы;
5) тексеру жүргізу мерзімі;
6) тексерілетін кезең;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу негіздері;
9) хабарламаға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
4. Тексеру жүргізу мерзімдері:
1) жүргізілетін тексеру шеңберінде елеулі маңызы бар қажетті мəліметтерді ұсыну туралы мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға жəне өзге де субъектілерге сұрау салу жіберілген жағдайларда олар алынғанға дейін;
2) төтенше жағдай енгізілген кезде оның қолданылу кезеңіне көзделген негізгі жəне уақытша шектеу шаралары ескеріле отырып тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексеру жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрған жəне қайта басталған кезде бұл туралы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
5. Тексеру барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамы тексеру аяқталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жобасын жасайды жəне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға жібереді.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісі, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар тексеру жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүргізетін тыңдауға қатысуға жəне тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жобасына оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе айтуға құқылы.
Тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жобасына келіп түскен қарсылықтарды қарау нəтижелері бойынша тексеру жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы анықтама жасайды не белгіленген мерзім шегінде елеулі маңызы бар мəліметтерді қосымша зерделеу жөнінде шаралар қабылдайды, оның ішінде осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сəйкес тексеру жүргізуді тоқтата тұрады.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне жəне өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру нəтижелері туралы анықтама жіберілген күн тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тексеру нəтижелері туралы анықтамамен расталатын жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атына тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы қаралуы міндетті ұсыну енгізіледі.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің онда көрсетілген бұзушылықтарды күнтізбелік отыз күн ішінде жою бойынша шаралар қабылдай отырып қарауына жатады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шараларда қабылданады.
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды қарау қорытындылары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ол қаралған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
11. Тексерудің басталуы жəне тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, тексеруші лауазымды адамдар құрамының өзгеруі туралы хабарламалардың, тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру жүргізілген кездегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарына тапсырылған;
осы Заңда белгіленген тексеру жүргізу талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган жəне оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының тексеру нəтижелеріне (анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеру жүргізу процесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген əрекеттерін тексеруші лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеруші лауазымды адамдарының аумаққа жəне үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің тексеруші лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері тексеруші лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
4) тексеру жүргізілген кезде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-4-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-4-бап. Тексерудің жарамсыздығы
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Жолданымды беру мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауын жоққа шығармайды.
3. Егер тексеру осы Заңда белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүргізілсе, ол жарамсыз деп танылады.
4. Тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексерудің басталатыны туралы хабарламаның болмауы;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерулер тағайындау жатады.
5. Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуының күшін жоюға негіз болып табылады. Жоғары тұрған мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың күшін жоюдан бас тартқан жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың күшін сот жояды.