авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.21.07. № 307- III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 130- бап өзгертілді
130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөніндегі тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiнсіз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөніндегі алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөніндегі ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, -
жеке тұлғаларға - жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту
1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту,-
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бірден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
132-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
133-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
134-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 134-1 баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 134-1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 134-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімдерін бұзу
Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгіленген қайтару мерзімдерін бұзу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 135-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 135-1-бап өзгертілді
135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiлердiң (мүлiктiң) қауiпсіздiгi мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы
1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттік орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілерінiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілерінiң қауiпсіздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік),-
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
136-бап. Бөтен біреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен біреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксіз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
1) бір топ адамдар қатысып;
2) бірнеше мәрте;
3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кіру арқылы жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Бөтен біреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бір немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183, 250, 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бірнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 136-1-баппен толықтырылды
136-1-бап. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсіз мүлiктiк залал келтiру -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 136-2-баппен толықтырылды
136-2-бап. Бөтен біреудің мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру
Бөтен біреудің мүлкiн iрi зиян келтiрiп абайсызда жою немесе бүлдiру -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүліктің құны немесе залалдың мөлшері ірі залал ретінде танылады.
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
138-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап өзгертілді
139-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 140- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
140-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу
1. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртібін бұзу
Пошта ұйымдарының, темір жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 141-1-баппен толықтырылды
141-1-бап. Мұнайды және мүнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнайды және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оны тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу, -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жүз елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Заңсыз кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті тіркелусіз не егер арнайы рұқсаттың (лицензияның) міндетті түрде болуы талап етілетін жағдайда, мұндай рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау талаптарын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе акцизделетін тауарларды едәуір мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан болса, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында азаматқа бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал ірі залал деп танылады.
2. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады.
3. Осы бапта құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар саны едәуір мөлшер деп танылады.»
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 143-1-баппен толықтырылды
143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтері), ақшасы, бағалы қағаздары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 143-2-баппен толықтырылды
143-2-бап. Заңсыз банктік қызмет
Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,-
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған табыс сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 144-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу
Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды
144-1-бап. Көрiнеу жалған жарнама
Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және iрi зиян келтiрсе, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғалаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі нұқсан ретінде танылады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 145 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер,—
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер:
1. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәркілеу тауардан, оның орамасынан, бланкілерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының дайындалған бейнесін, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тәркіленген тауарлар құқық иеленушінің өтініші бойынша оған берілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.
146-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 146-1-баппен толықтырылды
146-1-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтару
Тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн ұйым жетекшiсiнiң немесе азаматтың ірi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi кредиторлық берешек деп танылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2008.25.12. № 113-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 147-бап жаңа редакцияда
147-бап. Монополистік қызмет
1. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Бәсекелестікке қарсы келісім немесе бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер түріндегі әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектіcін судья, жиынтығында мынадай:
1) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы монополияға қарсы органға мәлімдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде жедел шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектісі мәлімдеу кезінен бастап бүкіл тергеу бойында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттердің фактілері туралы толық ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген залалдарды ерікті түрде өтеу шарттары сақталған кезде монополиялық табысын тәркілеуден босатуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 147-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 147-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -
мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы, -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-2-баппен толықтырылды
147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезінде нарық субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттерi
Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектілерінің оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы, -