28. «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат):
44-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы нотариус куәландырған куәлiктiң көшiрмесiн» деген сөздер «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат):
18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушыларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;».
30. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
1) 10-бапта:
5-тармақтағы «туралы заңдарында» деген сөздер «және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігі «мемлекеттiк тiркеу» деген сөздерден кейін «және филиалдар мен өкiлдiктерді есептiк тiркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тiркеушi органға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн орган орналасқан жердің және оның басшылары туралы деректердiң өзгергені жөнінде хабарлауға;».
31. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат):
19-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;».
32. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат):
80-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын.
33. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтiнiш берушi Қордың акцияларын сатып алу және қатысу шартын жасасу үшiн Қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
2) жарғының нотариат куәландырған көшiрмесi.».
34. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
18-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құрылтай құжаттарының көшiрмелері және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;».
35. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 11-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
2) 12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;»;
3) 30-баптың 1-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Акциялардың күшін жоюға қажеттi құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкiлеттi орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы (осы акционерлiк қоғамға басқа заңды тұлғаның қосылу немесе осы акционерлiк қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамның бөлiнiп шығу жағдайларын қоспағанда) туралы мәлiметтер қамтылатын акционерлiк қоғамдардың акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешiм қабылдауға құқылы.»;
4) 30-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облигациялардың күшін жоюға қажетті құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы туралы мәліметтер қамтылатын эмитенттердің облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
5) 67-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;».
36. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;»;
2) 28-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке тұлға үшін - дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;»;
4) тармақшадағы «сауал жолдауға уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы туралы ақпаратты кредиттік бюроларға табыс етеді» деген сөздер «кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 10-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалаp үшiн);»;
2) 29-баптың 6-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшiн);».
38. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
11-бапта:
8-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын мәліметтерді ашпайтын, жинақталған ақпарат жалпыға қолжетiмдi болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің жалпыға қолжетімді ақпаратына:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген жылы, айы, күні;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) заңды мекенжайы (орналасқан жері);
5) қызмет түрі;
6) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) жатады.».
39. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беру және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер беру рәсімі қаржы орталығына қатысушыларды мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.»;
2) 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру;»;
3) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкiлеттi орган берген, қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға;».
40. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесін;».
41. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн тоқтатылуға жатады.»;
2) 14-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiктi» деген сөздер «мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманы» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құрылыс салушыны және жобалау компаниясын - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды;».
43. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 8-баптың 5) тармақшасы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;»;
2) 42-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлға үшiн - өтініш беруші жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;».
44. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi - құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;»;
2) 9-баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
3) қызметiн филиал мен өкiлдiк арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн - филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
3) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «қамтылған» деген сөзден кейін «, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа тұлғаға берілуі мүмкін емес.».
45. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
20-баптың 3-тармағында:
45-тармағының үшінші абзацы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақшадағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн» деген сөздер «бизнес-сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2013 ж. 1 қаңтардан бастап 45-тармағының төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылды
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мақта иесі туралы деректерді: жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауын; жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн немесе заңды тұлғаның орналасқан жерiн; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрiн немесе заңды тұлғаның тіркеу нөмірін; мақта иесiнiң бизнес-сәйкестендіру нөмірін (ол болған кезде), салық төлеушiнің тiркеу нөмiрiн;»;
45-тармағының алтыншы және жетінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мақта иесі туралы деректерді: жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауын; жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн немесе заңды тұлғаның орналасқан жерiн; сәйкестендіру нөмірін;».
46. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат):
13-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;».
47. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган қалыптастыратын дерекқордағы мынадай мәліметтер:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі;
3) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша коды;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды;
6) кәсіпорындардың жұмыспен қамтылғандар саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды құпия болып табылмайды.».
48. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
81-баптың 1-тармағындағы «тiркеу туралы куәлiктi» деген сөздер «мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
188-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;».
50. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат):
17-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлға үшін - жарғының көшірмесі және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;».
51. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;».
52. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат):
1) 8-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;»;
2) 15-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;»;
3) 24-баптың 3-тармағындағы «дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органның» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 7-тармағының төртінші абзацы алып тасталсын;
2) 2-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «7-тармағының төртінші абзацын,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «7-тармағы үшiншi абзацының,» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заңның 1-бабы 45-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 1-бабы 45-тармағының төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 24-і.