19-баптың үшінші бөлігінің бесінші абзацындағы «бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеге» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат):
9-1-баптың 11-тармағындағы «заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн» деген сөздер «заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
18-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;».
17. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 88-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер өз қызметін тоқтатты деп бұл туралы:
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне - заңды тұлғалар жөнінде;
Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына - дара кәсіпкерлер жөнінде мәліметтер енгiзiлгеннен кейін есептеледi.
4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың борышкерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықтары сотқа және уәкілетті органға, сондай-ақ борышкердің орналасқан жері бойынша салық органына жіберіледі.»;
2) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiппен таратылуға тиiстi мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.»;
3) 95-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде борышкер қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне немесе Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.».
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат):
44-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.»;
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативтерiн» деген сөздер «заңға сәйкес келмеген жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тiркелген кооперативке Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында белгiленген мерзiмде заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берiледi.».
19. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжаттар; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
35-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тіркеу туралы анықтаманы;»;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) филиалды (өкiлдiктi) есептiк қайта тіркеу туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.».
20. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк орналасқан жерiн ауыстырған кезде қажеттi өзгерiстердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзу үшiн серіктестік бұл жөнінде серiктестiктiң нақты мекенжайы бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.»;
2) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.»;
3) 18-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
4) 19-бапта:
2-тармақтағы «заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгiленген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, оның iшiнде серiктестiктiң фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшерi, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жерi туралы мәлiметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізіледі.»;
4-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынуға тиіс.»;
4-1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер серіктестік құрылтайшылары өз қызметін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш ұсынылады.»;
5) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өз қалауы бойынша сол серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе өзге де жолмен беруге құқылы. Серіктестікке қатысушы серіктестікке басқа қатысушы алдындағы өз міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесін кепілге беруге құқылы. Бұл мәмілелерді жасауға серіктестіктің немесе басқа да қатысушылардың келісімі талап етілмейді. Алайда, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында осы Заңның 28-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттар көзделсе, бұл шарттар үлесті біреуге беру кезінде сақталуға тиіс.
Егер шығатын қатысушының серіктестік мүлкіндегi (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.»;
7) 67-баптың 1-тармағындағы «заңды тұлғаларды тiркеудiң заң актiлерiнде белгiленген ережелерiне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат):
16-2-баптың 3-тармағында:
бірінші абзац бойынша орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) тармақшадағы «куәлігінің» деген сөз «куәліктің көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы (заңды тұлға үшін);»;
3) тармақшадағы «жоспарының» деген сөз «жоспарының көшірмесін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның жетінші абзацындағы «құқық белгілеуші құжаттардың» деген сөздер «құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «растаудың» деген сөз «растаудың көшірмелерін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «анықтаманың көшірмелерін» деген сөздер «анықтаманың көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. № 21, 770-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
1) 6-бапта:
тақырыптағы «заңды мекен-жайы» деген сөздер «мекенжайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Селолық тұтыну кооперативi орналасқан жерiн ауыстырған кезде қажеттi өзгерiстерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзу үшiн селолық тұтыну кооперативінiң нақты мекенжайы бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға бұл жөнінде хабарлауға мiндеттi.»;
2) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Yшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда селолық тұтыну кооперативі мен оның мүшелерi жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен олардың тіркелгені туралы селолық тұтыну кооперативін мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарланған кезден бастап не сот шешiмiнiң негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне селолық тұтыну кооперативі жарғысының өзгергені туралы мәліметтер енгiзiлген кезден бастап селолық тұтыну кооперативі жарғысындағы өзгерiстерге сiлтеме жасауға құқылы. Алайда, үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстердi ескере отырып, іс-әрекет жасауға құқылы.»;
3) 14-баптың 2-тармағындағы «заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдарда белгiленетiн тәртiппен Әдiлет органдары» деген сөздер «әдiлет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 60-бапта:
1-тармақтағы «заң актiлерiмен белгiленген заңды тұлғаларды тiркеу ережелерiне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосылу және бөлiніп шығу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысатын селолық тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған селолық тұтыну кооперативтерi мемлекеттік тіркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады.
Қосылатын селолық тұтыну кооперативі оның басқа селолық тұтыну кооперативіне қосылуы тiркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады.»;
5) 62-баптың 12-тармағындағы «заңдарда белгiленген тәртiппен оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезден бастап құрылған болып» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркелген кезден бастап ол құрылды деп» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 71-баптың 4-тармағындағы «заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелуге» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат):
10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке күзет ұйымы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде күзет қызметiн жүзеге асырады.».
24. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi қамтылатын құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (мұндай құрылтайшылар болған кезде), аяқталған соңғы екi қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептiлiгi, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлiк баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп;»;
2) 32-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) иеленетін еншілес ұйымды - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;»;
3) 33-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;»;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкiлдiгiн есептік тіркеу туралы анықтаманы;»;
4) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және салық төлеушi куәлiгінiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;»;
5) 84-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;».
25. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 24-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептiк тiркеудің (қайта тiркеудің) тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалады.»;
2) 25-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммерциялық емес ұйым оған екінші бір ұйымның қосылуы нысанында қайта ұйымдастырылған кезде қосылған ұйым қызметiнің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлген кезден бастап олардың біріншісі қайта ұйымдастырылды деп есептеледi.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде жаңадан пайда болған ұйымды (ұйымдарды) мемлекеттiк тiркеу және қайта ұйымдастырылған ұйым (ұйымдар) қызметiнің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
3) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы
Коммерциялық емес ұйымның таратылуы аяқталды, ал коммерциялық емес ұйым өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi.»;
4) 31-баптағы «заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат):
39-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жылы, айы, күні, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не астықты сақтауға тапсырған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;».
27. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұтыну кооперативi орналасқан жерiн ауыстырған кезде қажеттi өзгерiстерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзу үшiн тұтыну кооперативінің нақты мекенжайы бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға бұл жөнінде хабарлауға мiндеттi.»;
2) 11-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Yшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда тұтыну кооперативі мен оның мүшелерi жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен олардың тіркелгені туралы мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарланған кезден бастап не сот шешiмiнiң негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тұтыну кооперативі жарғысының өзгергені туралы мәліметтер енгiзiлген кезден бастап тұтыну кооперативі жарғысындағы өзгерiстерге сiлтеме жасауға құқылы. Алайда, үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстердi ескере отырып, іс-әрекет жасауға құқылы.»;
3) 12-баптың 2-тармағындағы «заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдарда белгiленетiн тәртiппен әдiлет органдары» деген сөздер «әдiлет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 39-бапта:
1-тармақтағы «заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосылу және бөлiніп шығу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысатын тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады. Қосылатын тұтыну кооперативi оның басқа тұтыну кооперативiне қосылуы тiркелген кезден бастап өз қызметiн тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады.».