1) адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шараларды қолдануға;
2) өз міндеттерін орындау үшін қажетті толық әрі айқын ақпарат алуға;
3) авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін ұйымдардың аумағы мен өндірістік объектілеріне, тұрғын үйлерге кедергісіз кіруге;
4) төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардың бәрінен белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етуге;
5) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға;
6) азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
7) азаматтарды құтқаруға бағытталған шараларды қабылдау үшін дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерден, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа тұрғын үй және өзге де үй-жайларға, заңды және жеке тұлғалардың аумақтарына кедергісіз кіруге;
8) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқаруға кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
9) адамдарды құтқару үшін ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануға құқылы.
4. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізген кезде адам өмірін құтқарумен байланысты аса қажет болған жағдайларда қатысқан құтқарушылар келтірілген залалды өтеуден босатылады.
5. Авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар бойынша шығыны авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен төленетін тамақ өнімдерімен және тұратын орынмен қамтамасыз етілуге құқылы.
6. Еңбек шарты бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындау барысында зардап шеккен кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары, сондай-ақ ерікті авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар оларды авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылған кезде тегін медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
7. Объектілік авариялық-құтқару қызметінің құтқарушыларын және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды авариялық-құтқару мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартқан кезде олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.
8. Төтенше жағдайлар салдарын жою кезеңінде әскери авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тамақпен қамтамасыз ету апат болған қауіпті өндірістік объектінің иесі есебінен жүргізіледі.
54-бап. Құтқарушылардың міндеттерi
1. Құтқарушылар:
1) зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқару жөнінде шаралар қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа да жәрдем түрлерін көрсетуге;
2) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысуға дайын болуға, өздерінің дене шынықтыру, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге;
3) авариялық-құтқару құралымдарының құрамындағы іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге;
4) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу технологиясын мүлтіксіз сақтауға;
5) құрамындағы құтқарушылары аталған жұмыстарды жүргізуге қатысатын авариялық-құтқару құралымдары басшыларының авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында беретін бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға;
6) төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын және олар туындаған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібін түсіндіруге міндетті.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғыларда, ережелерде, нұсқауларда белгіленеді және еңбек шартының құрамдас бөлігі болып табылады.
55-бап. Құтқарушылар қызметінің құқықтық кепілдіктерi
1. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында құтқарушылар осы Заңды, авариялық-құтқару қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады және құрамында аталған жұмыстарды жүргізетін авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының басшыларына ғана бағынады.
2. Ешкім де құтқарушылардың өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында қандай да бір нысанда ықпал етуге құқылы емес.
56-бап. Құтқарушылардың жұмыс істеу (қызмет) және демалыс режимi
1. Күнделікті қызметте кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс істеу (қызмет) режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында, кезекшілік кестелерінде, арнайы дайындық жөніндегі сабақ немесе өзге іс-шаралар кестелерінде белгіленеді.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс істеу режимі жұмыс күні мен жұмыс жылы ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық және санитарлық-гигиеналық нормалар ескеріле отырып, белгіленеді.
3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлікте болу режимінде үйде кезекшілік ету уақыты кезекшіліктің әр сағатына сағаттың төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
4. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс істеу режимі мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайлардың сипатын, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен медициналық ұсыныстарды ескере отырып, төтенше жағдайларды жою басшылары белгілейді.
5. Орталық атқарушы органдардың кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына ұзақтығы күнтізбелік отыз күнді құрайтын ақылы демалыс беріледі. Әр үш жыл өтілі үшін ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.
57-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы:
1) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша ұшуды, дүлей зілзалалар кезінде көмек көрсетуді;
2) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шараларды жүргізу бойынша ұшуды;
3) уәкілетті органның, оның құрылымдық аумақтық бөлімшелерінің және ерікті құтқарушы құралымдардың жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көліктік-жолаушы ұшуын;
4) төтенше жағдай аймағынан зардап шеккен адамдарды, халықты және мүлікті, сондай-ақ шетелдерден азаматтарды эвакуациялау бойынша ұшуды;
5) төтенше жағдайлар аймақтарына гуманитарлық жүкті жеткізу бойынша ұшуды;
6) республикалық және халықаралық оқуларға, уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік басқару органдарының желісі бойынша халықаралық жобаларға қатысуды;
7) авиациялық техника мен оның компоненттеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша қызметтерді көрсетуді;
8) жолаушыларды, багажды, жүктерді және поштаны әуе тасымалдауды;
9) аэротүсірілім, картографогеодезиялық жәнеавиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу бойынша ұшуды;
10) орман шаруашылығына қызмет көрсету бойынша ұшуды;
11) құрылыс-монтаждау және жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша ұшуды;
12) көліктік-байланыс ұшуын;
13) теңіз кемелерінен және теңіздегі бұрғылау қондырғыларынан, вахталық бригадаларды, жабдықты және басқаларды тасымалдау бойынша мұнай-газ секторының жасанды аралдарынан ұшуды;
14) әуежайлық қызметті жүзеге асыруды;
15) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою үшін далалы, сулы, орманды және таулы жерлерді патрульдеу бойынша ұшуды;
16) өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша ұшуды;
17) бақылау және хабардар ету қызметтерін ұйымдастыру бойынша ұшуды (бекеттерді қою және оларға қызмет көрсету);
18) жағдайды кешенді бағалау мақсатында аумақтарды аэровизуальдық аралап ұшуын (сел ағындары, тасқындар, сырғымалар және басқалар);
19) далалық экспедициялық жұмыстарға қызмет көрсету бойынша ұшуды;
20) электр қуатын беру желілерін және магистральдық құбырларды зерттеу бойынша аэровизуальдық ұшуды;
21) ұшқыштар құрамының кәсіби деңгейін сақтау және жаңа техниканы игеруге арналған жаттығу ұшуын орындайды.
10-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қатысуы
58-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттері:
1) ұйымдарда, объектілерде және елді мекендерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
2) ұйымдарда, объектілерде және елді мекендерде өртті сөндіруге байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
2. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің, сондай-ақ елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз жұмысын осы Заңға және өртке қарсы қызмет жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмыс істеуге 18 жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмыс істеуге психикалық ауруына, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуына байланысты, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы адамдар қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша өз қызметкерлерін арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормаларға сәйкес болуға тиіс.
59-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар
1. Дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін.
2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:
1) дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттің алдын алу және оларды жою;
2) дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өртті сөндірумен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету жатады.
Өртке қарсы ерікті құралымдар жүктелген міндеттеріне сәйкес халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және өрт туындаған жағдайда олардың іс-қимылдар жасауға дайындығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
Ерікті өрт сөндірушілерге өздерінің іскерлік және моральдық қасиеттеріне, сондай-ақ денсаулық жай-күйіне қарай өрттің алдын алуға және (немесе) оларды сөндіруге байланысты міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ерікті негізде жеке тәртіпте қабылданады.
Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізуін өртке қарсы ерікті құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі және мамандандырылған оқу орталықтарында алғашқы дайындықтан өтеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің алғашқы дайындық бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі дайындығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі дайындық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
4. Өртке қарсы уақытылы іс-қимыл жасау үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілуі бойынша өртке қарсы ерікті құралым басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт болған жерге жеткізу жолын айқындайды.
5. Ерікті өрт сөндірушінің өрттің алдын алу және оны сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртті сөндіруге байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақаттанған жағдайдағы кепілдіктері өртке қарсы ерікті құралымның жарғысында белгіленеді.
6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.
4-бөлім. Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары
11-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
60-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алуды, өрт қауіпсіздігі саласында бақылауды, өрт сөндіруді және өрт сөндіруге байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, уәкілетті органның ведомствосынан, оның аумақтық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерінен, оның ішінде уәкілетті органның білім беру ұйымынан тұрады.
3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының сипатын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін өз тулары болады.
4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне төтенше және соғыс жағдайы болған кезеңде атыс қаруы және арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Атыс қаруын және арнайы құралдарды қолдану тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
61-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі
1. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі жүйесі - өрт пен одан келтірілетін залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштері мен техникалық құралдарының жиынтығы.
2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орталық және жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, өртке қарсы ерікті құралымдарды, өрт-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерін, уәкілетті органның білім беру ұйымдарын, өрт-техникалық өнімдерін шығару кәсіпорындарын қамтиды.
3. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ведомствоішілік қызметінің міндеттері мен функциялары уәкілетті орган басшысы бекітетін қағидаларда, нұсқаулықтарда (нұсқауларда) регламенттеледі.
62-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде орындалуға міндетті өрт қауіпсіздігі талаптарының белгіленуі.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, өрт қауіпсіздігі нормалары, қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын нұсқаулықтар және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
3. Өнім мен оның өмірлік цикл процестеріне өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
4. Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті келісуге жатады.
63-бап. Өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеу және іске асыру
Өрт қауіпсіздігі шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ өрттің туындау себептерін талдау және оған қарсы күрес тәжірибесі, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіптілігін бағалау негізінде әзірленеді.
Заттарды, материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын міндетті түрде көрсетеді.
Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектілерге арналған өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде оларды жобалау кезінде міндетті түрде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін шешімдер көзделуге тиіс.
Өндірістер үшін міндетті түрде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді көздейтін өртті жою жоспарлары әзірленеді.
Елді мекендер мен әкімшілік-аумақтық құрылымдарға арналған өрт қауіпсіздігі шараларын тиісті мемлекеттік органдар әзірлейді және іске асырады.
64-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету
Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін мемлекеттік емес ұйымдар құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін, ондай жұмыстар мен қызметтерге:
1) өрт-техникалық өнімін өндіру, сынақтардан өткізу, сатып алу және жеткізу;
2) жобалау, іздестіру жұмыстарын орындау;
3) ғылыми-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретіне жатқызылатын сараптама жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргізу;
4) заттарды, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды және конструкцияларды өрт қауіпсіздігіне сынақтан өткізу;
5) халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту;
6) өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнімдерін басып шығару;
7) оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
8) өртке қарсы жарақтарды, өртті сөндірудің бастапқы құралдарын өндіру, жөндеу және оларға қызмет көрсету, өрт сөндіру заттарының сапасын қалпына келтіру;
9) өртке қарсы қызметтің ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жөндеу;
10) өртке қарсы қорғану жүйелері мен құралдарын өндіру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
11) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау; 12) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер көрсету жатады.
65-бап. Өртті сөндіру
1. Өртті сөндіру азаматтарды, мүліктерді құтқаруға және өртті жоюға бағытталған іс-қимыл болып табылады.
Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызы бар мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүзеге асырады.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіру автомобильдері мен жеке құрамы өрт сөндіру деполарының ғимараттарында орналасады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Басқа объектілердегі өртті сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдарда және объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет тартылған жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте жүргізіледі.
Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесінде, ал ауылдық жерлердегі аудандарда өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспарында белгіленеді.
Өрт сөндіруді ұйымдастыру және оған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өртті сөндіруге шығуы мүлтіксіз жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру үшін елді мекендердің телефон жүйелерінде «101» бірыңғай нөмірі орнатылады.
3. Өрт сөндіруге тартылған өртке қарсы қызметтің барлық бөлімшелері өрт сөндіру жөніндегі басшыға бағынады. Өртті сөндіру жөніндегі басшының әрекеттеріне оған уәкілеттігі жоқ лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.
4. Өрт сөндіруде тікелей басшылықты өрт болған жерге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды адамы жүзеге асырады. Өрт сөндіру жөніндегі басшы өрт сөндіру бойынша міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге тартылған күштерді дара басшылық қағидаты негізінде басқарады.
5. Уәкілетті орган басшысы өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.
6. Өрттерді сөндіру кезінде келтірілген материалдық залал қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте өтелуге тиіс. Өртке қарсы қызметтің жеке құрамы, аса қажеттілік жағдайларда өрт сөндіруге қатысқан өзге қатысушылар келтірілген залалды өтеуден босатылады.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесі, әуе, ішкі су және темір жол көлігі, мемлекеттік орман қорының объектілеріндегі өрттерді сөндіру уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдерде регламенттеледі.
8. Аварияларды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқасы) оларды жою жөніндегі басшының қарамағында болады.
9. Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің:
1) өрт сөндіру үшін көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың күштері мен құралдарын тартуға;
2) өртті сөндіру және жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезеңінде цехтер мен объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, қажет жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды эвакуациялауға, материалдық құндылықтарды көшіруге өкім беруге;
3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кіруін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;