азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын өткізуді;
2) әскери қақтығыстар туындаған жағдайда:
қазіргі заманғы зақымдандыру құралдарының қолданылу қатері мен қолданылуы жайында туралы хабардар етуді, халықты іс-қимыл тәртібі мен ережелері жөнінде хабарлауды;
халықты қорғау құрылыстарында паналатуды, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалануды;
жарақаттанғандар мен зақымданғандарға медициналық көмек көрсетуді;
эвакуациялық іс-шараларды;
азаматтық қорғаудың қосымша басқару, хабардар ету және байланыс пункттерін құруды;
авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды;
басқарудың, хабардар етудің және байланыстың бұзылған жүйелерін қалпына келтіруді;
азаматтық қорғау құралымдарының әзірлігін қалпына келтіруді жүргізеді.
28-бап. Азаматтық қорғаныс күштерінің құрамы
Азаматтық қорғаныс күштеріне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен әскери бөлімдері органдары, азаматтық қорғаудың басқару органдары, азаматтық қорғау күштері және басқа да ұйымдар кіреді.
29-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері мен олардың бейбіт және соғыс уақытындағы міндеттері
1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:
1) бейбіт уақытта:
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
әскери, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;
төтенше жағдайлар аймақтарында халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;
төтенше жағдайларды алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасы тиісті келісімдер жасасқан шет мемлекеттердің аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
басқару пункттерін күзету және оларға қызмет көрсетілуді қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;
жұмылдыруды өрістетуге дайындық және жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін кеңінен өрістетуге, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және уақтылы жаңарту;
оқу-жаттығу объектілерді, полигондарды әзірлікте ұстау;
уәкілетті органның жедел резервін ұстау болып табылады.
2) соғыс уақытында:
қорғаныс шептері мен позицияларын құру;
зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргізу;
зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
аэродромдарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымның басқа да маңызды элементтерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;
халықты эвакуациялауды жүргізуге қатысу;
аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;
қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқауларын орындау болып табылады.
2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің Қазақстан Республикасы тиісті келісімдер жасасқан шет мемлекеттері аумақтарында авариялық-құтқару жұмыстарға және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін қолдану туралы шешімді уәкілетті органның басшысы қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері азаматтық персоналмен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жалпы сан шегінде уәкілетті органның басшысы белгілейді.
5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері техника және құрал-жабдықтармен жарақтандырылады.
6. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін жұмылдыруды өрістету үшін штаттарға және нормаларына сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және ұсталады.
7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері жеке құрамының авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қызмет режимін және жұмыс уақытының ұзақтығын төтенше жағдайларды жоюдың сипаты мен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып оның басшысы белгілейді.
8. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің тұрғын үй-жайлары және әскери қалашықтарының өзге құрылыстары, полигондар, оқу-жаттығу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттің меншігі, активтері болып табылады. Азаматтық қорғаныс бөлімдері жоғарыда аталып кеткен және бөлінген өзге мүліктерге қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.
30-бап. Азаматтық қорғаныстың объектілері және мүлкi
1. Азаматтық қорғаныстың объектілеріне: азаматтық қорғаныстың басқару органдарының басқару пункттері, жеке тұрған және қосып салынған баспаналар, радиациядан қорғану панаханалар, азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.
Азаматтық қорғаныс мүлкіне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және хабардар ету құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаныстың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкінің қоры құрылады.
3. Жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығындағы экономика салаларының ұйымдарына бекітілген және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған мемлекет меншігі болып табылатын азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі иеліктен айыруға жатпайды.
4. Мемлекеттік органдардың басқару пункттері қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша және жылжымалы болып бөлінеді.
Қалалық қосалқы басқару пункттері азаматтық қорғаныстың санаттандырылған қалаларының баспаналарында орналастырылады. Азаматтық қорғаныстың санаттандырылмаған қалалардағы және ауыл аудандарындағы басқару пункттері радиациядан қорғану панаханаларында орналастырылады.
Қала сыртындағы қосалқы басқару пункттері қауіпсіз аймақта, апатты су басу ықтимал аймағынан тыс жерде орналастырылады.
Қосымша басқару пункттерінің күштері мен құралдарын басқару қиын болған немесе мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттік басқару органына ведомстволық бағынысты басқару пункттерінің жұмыс істеп тұрған базасы бірінде өрістетілетін қосымша басқару пунктері құрылады.
Жылжымалы басқару пункттері автомобильдерде, әуе кемелерінде, ішкі су және темір жол көліктерінде орналастырылуы мүмкін.
5. Мемлекеттік органдардың қорғау құрылыстары тиісті деңгейдегі мемлекеттік бюджет есебінен ұсталады.
Қауіптілігі ықтимал объектілердің, азаматтық қорғаныстың санаттандырылған объектілердің аумағында орналасқан, олардың ең көп жұмыс істейтін ауысымы үшін жұмылдыру тапсырысы бар қорғау құрылыстары ұйымдар қаражаты есебінен ұсталады және азаматтық қорғаныс мүддесінде қолданылады.
6. Азаматтық қорғаныстың объектісі мен мүлкі бар заңды тұлғаның түрі мен нысаны өзгерген жағдайда, оларды нысаналы мақсат бойынша пайдалануға дайындауда ұстау, сондай-ақ құру мен жинақтау бойынша тапсырмалар сақталады.
2-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу
6-тарау. Азаматтық қорғау іс-шаралары
31-бап. Халықты, аумақтар мен объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шаралары
1. Төтенше жағдайларды алдын алу төтенше жағдайлар олардың туындау мүмкіндігі, олардан келтірілетін залалдың мүмкіндігі ескере отырып жүргізіледі.
2. Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі іс-шараларға:
1) Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғау жөніндегі құқықтық, экономикалық, нормативтік-әдістемелік және техникалық құжаттарды әзірлеу;
2) төтенше резервтерді құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
3) меншік нысаны мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан атқарушы билік, жергілікті басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің, объектілердің және ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу саласындағы қызметтерін үйлестіру;
4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері аумақтарының қауіпсіздік паспорттарын, тиісті аумақтардың су айдындары паспорттарын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіп-қатерінің каталогтарын, қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздік декларациясын, объектілердің тұрақты қызмет етуін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы ықтималдығын есепке ала отырып, аумақтағы құрылыстарды жоспарлауды үйлестіру;
6) ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық төзімді етіп салу және оларды сейсмикалық күшейту;
7) халық үшін қаржы ресурстарының резервін, азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың, уақытша тұрғын үй қорларын құру;
8) басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;
9) төтенше жағдайлар салдарын жоюға дайындық бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және оқу-жаттығулар, жаттығулар, сабақтар өткізу;
10) табиғи және техногендік сипаттағы болуы ықтимал төтенше жағдайлар қауіптілігін, сондай-ақ халық үшін әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжамдау және бағалау;
11) мониторинг, халықты хабардар ету, аумақтар мен объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйелерін ұйымдастыру;
12) жер сілкінісін болжаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу жөніндегі сын-тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенін орындау жатады.
3. Халықты, аумақтар мен объектілерді болуы ықтимал жер сілкіністерінен қорғау мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту жөніндегі алдын ала іс-шаралар жүргізу керек.
4. Теңіздер мен ірі су айдындарының су тасқындарынан, тасқындарынан және су деңгейлерінің көтерілуінен және таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден, қатты жер сілкінісінен қорғау бойынша іс-шаралар халықтың, объектілердің, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оларға:
1) қорғау гидротехникалық және өзге құрылыстарды жобалау, салу және пайдалануға беру;
2) теңіздер мен ірі су айдындары деңгейлері өзгеруінің, қоршаған орта жағдайының мониторингі жүйелерін ұйымдастыру, жағалау аймағындағы желкөтерме құбылыстары туралы халықты және шаруашылық жүргізуші субъектілерді хабардар етуді ұйымдастыру;
3) сел және көшкін қауіпсіздігі мониторингі, халық пен объектілерді сел қаупі мен туындауы туралы тиісті хабардар ету жүйелерін ұйымдастыру;
4) тау баурайлары, биік таулы, морендік және мұздық көлдер қаупін азайту жөніндегі алдын ала іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
5) тау арналарының, сел ошақтарының, көшкін қауіпі бар аймақтардың фитомелиорациясын өндіру;
6) қар көшкіндерін күштеп түсіру жұмыстарын жүргізу кіреді.
5. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шараларына:
1) игеріліп жатқан кен орындары аудандарындағы бар үйлер мен ғимараттардың беріктілігі мен орнықтылығын арттыру;
2) табиғи және техногендік сипаттағы болуы ықтимал төтенше жағдайлар туралы мониторинг жүйесін ұйымдастыру;
3) кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан келтірілуі мүмкін залалды азайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргізу мүмкін емес жағдайда қорғау іс-шараларының қажетті кешенін орындай отырып, кен орындарын өндіруді тоқтату және кеніштерді консервациялау кіреді.
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында орталық, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, объектілер және ұйымдар басшылары меншік нысанына және ведомстволық қатыстылығына қарамастан халықты, аумақты және объектілерді қорғау жөніндегі қосымша шараларды қабылдауы тиіс.
7-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, білімді насихаттау және халықты оқыту
32-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, мониторинг және болжамдау
Халықты, объектілерді және аумақты стихиялық апаттардан, авариялар мен зілзалалардан қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.
Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерлерін азайтуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік негіздерді әзірлеу; тәуекелдерді бағалау және басқару жөнінде нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету кіреді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингі және болжамдау қызметі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне кіреді.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестаттаудан өткен ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржыландыру бюджеттік қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың басқа да көздері есебінен жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулерді үйлестіру уәкілетті органға жүктеледі.
33-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерін кәсіптік оқыту, азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық қорғау саласында халықты оқыту
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерін азаматтық қорғау саласындағы кәсіптік оқыту бекітілген мамандықтар мен білім беру стандарттарына сәйкес ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттердің оқу орындарында жүргізіледі.
2. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық қорғау саласында халықты оқыту төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дағдыландыру, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен әдістерін үйрету, халық арасындағы шығындарды барынша азайту, материалдық залалды азайту мақсатында жүргізіледі.
Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы және мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасы уәкілетті органының және шетел мемлекеттердің ұйымдары мен оқу орындарында даярлаудан және қайта даярлаудан өтеді.
Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің, ұйымдардың, мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы оқу топтарының жетекшілері, барлық түрдегі жалпы білім беру мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілер мамандары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде даярлаудан және қайта даярлаудан өтеді.
Даярлықтан өткен тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар береді.
3. Азаматтарды оқыту мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінде, жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша ұйымдарда, сондай-ақ өздігінше жүргізіледі.
Сейсмикалық қауіпті өңірлерде немесе қауіпті өндірістік объектілер жақын орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында тоқсан сайын сейсмикалық жаттығулар немесе қатты әсер ететін улы және радиоактивті заттардың шығарылуынан туындаған авариялар кезіндегі персоналдың, студенттердің, оқушылардың, балалардың іс-әрекеті бойынша жаттығулар жүргізіледі.
Сел қауіпті, сырғыма қауіпті, көшкін қауіпті аудандарда, сондай-ақ су басу, тасқын су болуы ықтимал аймақтарда орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарында қауіпті кезеңнің басталуы алдында жаттықтыру жүргізіледі.
34-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыру, білімді насихаттау және оқыту
1. Халыққа төтенше жағдайлар туралы ақпарат байланыс пен хабардар етудің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі.
2. Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыруға және оқытуға:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың қағидалары мен тәртібіне үйретуді ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан қорғану саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік қағидаларын насихаттау жөніндегі басылымдарда жүйелі түрде жариялануды, радио және телерадио хабарларын тарату желілері бойынша бағдарламалардың шығуын ұйымдастыру;
3) халықты дүлей апаттардың алдын алу және оларды жою, техногендік зілзалалар мен авариялар бойынша мемлекетпен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыру;
4) республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда халықты азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыру және оқытуға арналған арнайы бағдарламаларды құру жатады.
3. Азаматтық қорғау саласындағы білімдерді насихаттауды уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады. Білімдерді насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары халықты олар азаматтық қорғау саласында қабылдаған шешімдер туралы ақпараттандырулары және білімдердің таралуына жәрдемдесулері тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілер орналасқан аудандардағы халықты хабардар етуді ұйымдастыру үшін жауапкершілік олар қарамағына кіретін ұйымдарға жүктеледі.
3-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою. Азаматтық қорғау күштері
8-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою
35-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде жүргізілетін іс-шаралар
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел іс-қимыл жасау мақсатында:
1) таралу ауқымыне байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
2) азаматтық қорғаудың басқару органдарын таралу ауқымыне байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша бекітілген іс-қимылдар жоспарларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылған күштер мен құралдардың жағдайын бақылау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын уақтылы жіберу, бөлімшелерді белгіленген тәртіпке сәйкес уақытша басқа жерге орналастыруды қамтамасыз ету;
5) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын оралымды басқару, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі міндеттерді қою және оларға жеткізу, қажетті кезек күттірмейтін шаралар мен шешімдерді қабылдау;
6) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жұмыстарын үйлестіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылған түрлі бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
7) төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді талдау, төтенше жағдайлардың таралу ауқымын анықтау және залал мен адам шығындарын алдын ала бағалау;
8) төтенше жағдайлардың даму мүмкіндігін бағалау, жалпы жағдай туралы мәліметтерді жалпылау, талдамалық материалдарын әзірлеу (картографиялық, электрондық-графикалық);
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселесі жөніндегі басқару шешімдерінің варианттарын әзірлеу;
10) штаттық режимде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғаныстың қызметтері мен құралымдарымен өзара әрекет ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде төтенше жағдайды жою басшысы бірінші кезекте міндетті түрде төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарын нақты әзірлеу үшін мамандарды тартуы тиіс.
36-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға басшылық ету
1. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара іс-қимыл етуін ұйымдастыруды төтенше жағдайды жою басшысы жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып:
тиісті аумақ әкімінің шешімімен төтенше жағдайлар болған аумақтың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамы;
төтенше жағдайлардың өңірлік және ғаламдық көлемдегі жіктелуі бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады.
3. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және оларға басшылық етуді төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлар аймақтарының шекарасын төтенше жағдайларды жою басшысы айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымы бойынша объектілі, жергілікті, өңірлік және ғаламдық болып бөлінеді.
5. Төтенше жағдайдың сипатын бағалауды, төтенше жағдайлар жою басшысына оларды оқшаулау және жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жедел штаб жүзеге асырады. Жедел штаб авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдарын үйлестіреді.
6. Жедел штаб төтенше жағдайды жою басшысының шешімімен құрылады.
Жедел штаб бастығы болып уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады және ол төтенше жағдайлар жою басшысының орынбасары болып табылады.
Жедел штаб бастығы төтенше жағдайды жою басшысымен келісу бойынша және төтенше жағдайлардың ауқымы мен аймағына байланысты жедел топтардың қажет санын құрады және олардың жұмысын төтенше жағдай аймағында бөледі.
7. Төтенше жағдайларды жою басшысын белгіленген тәртіпте міндетін атқарудан шеттетуден, басшылықты өзіне қабылдаудан немесе өзге лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте оның төтенше жағдайларды жою жөніндегі қызметіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ.
8. Төтенше жағдайларды жою басшысы тиісті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларын олармен қабылданған шешімдер туралы дереу ақпараттандыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
9. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге технологиялық мүмкіндік болмаған жағдайда, төтенше жағдайларды жою басшысы бірінші кезекте төтенше жағдай аумақтарындағы адамдарды құтқару бойынша барлық шараларды қабылдай отырып, көрсетілген жұмыстарды толық немесе олардың белгілі бір бөліктерін тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдай алады.
10. Төтенше жағдайларды жою басшысы:
1) төтенше жағдай аймағында барлауды және жағдайды бағалауды, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;