8) сотқа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арыз қоюға құқылы.
2. Жеке тұлғалар:
1) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін авариялар, табиғи құбылыстар қаупі туралы тиісті органдарға хабарлауға;
3) «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға;
4) азаматтық қорғау жөніндегі оқудан өтуге;
5) тұрмыста және күнделікті еңбек және шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеуге;
6) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру жөнінде қолдан келген шараларды қабылдауға;
7) өндірістік қауіпті объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін тексеру кезінде, сондай-ақ өртке қарсы қызметке өрттерді сөндіру кезінде ықпал етуге;
8) азаматтық қорғау органдарының ұйғарымдарын және өзге заңды талаптарын орындауға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау органдарына оларға тиісті өндірістік, шаруашылық, тұрғын және өзге үй-жайлар мен құрылыстарға азаматтық қорғау саласындағы бақылау мақсатында зерттеу және тексеріс жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;
10) төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша өткізілетін оқу-жаттығуларға және жаттығуларға қатысуға, халық пен объектілерді қорғау құралдарында құнтты қарауға міндетті.
3. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жеке тұлғалар:
1) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) ұйым әкімшілігін, қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, инциденттер туралы шұғыл хабарлауға, өрттердің болуын анықтаған жағдайда ол туралы өртке қарсы қызметке хабарлауға;
3) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан өтуге және нұсқау алуға, қайта даярлықтан, білім тексерісінен өтуге;
4) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін анықтауға, сондай-ақ өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
5) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру жөнінде қолдан келген шараларды қабылдауға;
6) азаматтық қорғау органдарының нұсқамаларын және өзге заңды талаптарын орындауға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау саласын бақылау мақсатында азаматтық қорғау органдарына өздеріне тиесілі өндірістік, шаруашылық, тұрғын үйді және өзге үй-жайлар мен құрылыстарды зерттеуге және тексеруге ұсынуға міндетті.
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие болады.
4-бөлім. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
19-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың түрлері мен міндеттері
1. Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың түрлері:
1) азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы бақылау;
5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау болып бөлінеді.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудың міндеті халықты, аумақтар мен объектілерді қазіргі зақым келтіру құралдарынан қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын тексеру болып табылады.
4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылаудың міндеті субъектілерді құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан осы Заң нормалары талаптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуын анықтау мақсатында тексерулерді жүзеге асыру болып табылады.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің нәтижесінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы бақылаудың міндеті халықты, аумақтар мен объектілерді төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын тексеру болып табылады.
7. Қызметтері үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру саласындағы бақылаудың міндеті объектілер иелерінің міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын тексеру болып табылады.
8. Шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмір разрездерінде, мемлекеттік орман қорының аумағында, сондай-ақ әуе, ішкі су және теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өзге де өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
20-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторлары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволарының басшылары;
2) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволары басшыларының орынбасарлары;
3) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволарының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары;
4) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторлары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
5) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
6) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, аудандардың мемлекеттік инспекторлары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары жатады.
2. Мемлекеттік инспекторға уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлік мөртабан, төс белгісі және пломбир беріледі.
21-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектордың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор:
1) белгіленген тәртіпті сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы жағдайға тексерулерді жүргізу мақсатында құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан тексерілетін субъектіге баруға;
2) азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеруге қажетті құжаттармен танысуға;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте бұзушылықтарға кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін соттың шешімінсіз үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға және анықталған бұзушылықтар үш тәулік ішінде жойылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес тоқтата тұруға немесе тыйым салуға сотқа талап-арыз жолдауға;
5) Актіні шығару жолымен тексерілген заңды немесе жеке тұлға ұсынған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламаның негізінде ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қалған барлық жағдайларда ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын жартылай немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер азаматтық қорғау саласындағы нормаларды, қағидалар мен техникалық регламенттерді бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті орган ведомстволарының немесе аумақтық бөлімшелерінің арызы бойынша сот жүргізеді.
Субъектінің жұмысын жартылай немесе толық тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап-арыз уәкілетті орган немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте және негіздерде сотқа жібереді.
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор:
1) азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, жалпылауға, жүйелендіруге және талдауға;
3) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
3. Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым берілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша, асыраушыдан айырылған жағдайда мемлекеттік инспекторлардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Мемлекеттік инспектор актілері
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
4) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;
5) тексеру нәтижелері бойынша ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметіне тыйым салу туралы нұсқама-акт;
6) тексерілетін заңды немесе жеке тұлғалар бұзушылықтарды жойғаны туралы жазбаша хабарламаны ұсынғаннан кейін берілетін ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін қайта бастау туралы акт.
3. Мемлекеттік инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
23-бап. Азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру және өзге нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексерулерді жүргізудің түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес анықталады.
3. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандары осы Заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандарының қорытындылары бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы бұзу анықталған жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықталған бұзушылықты дереу жою туралы нұсқама шығарады.
6. Бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
24-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында ұйым иесіне тікелей бағынатын өндірістік бақылау қызметінің персоналы жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері болып қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің жағдайына әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау табылады.
3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
Ережеде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілеттігі қамтылуы тиіс.
Ережеге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын адамдардың функциялары мен өкілеттіктерін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.
5-бөлім. Азаматтық қорғаныс
25-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және оны басқару
1. Азаматтық қорғаныс азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде соғыс уақытында азаматтық қорғау міндеттерін орындауға арналған.
2. Азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының бастығы болып табылатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бірінші басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.
5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың соған сәйкес басшыларының орынбасарлары болып табылады.
6. Мемлекетті азаматтық қорғаныс бойынша дайындау қару-жарақтың, әскери техниканың және әскери қақтығыстарды жүргізу кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден халықты қорғау құралдарының дамуын ескере отырып, алдын ала бейбіт уақытта жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде азаматтық қорғанысты жүргізу ерекше жағдайларда әскери қақтығыстардың нақты басталуынан немесе Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізуден, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі бойынша басталады.
8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:
1) уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелеріне;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі бөлімшелеріне;
3) бірінші басшыға тікелей бағынысты азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі санатталған ұйымдардың бөлімшелеріне (жекелеген қызметкерлеріне) жүктеледі.
Уәкілетті органдарда, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдар бөлігі әскери қызметкерлерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарынан, өзге әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.
9. Азаматтық қорғаныс бастықтары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы белгілеген тәртіппен тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын бекітуге және қолданысқа енгізуге;
2) белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізуге тартуға міндетті.
10. Уәкілетті органның туы мен рәмізі бар.
Уәкілетті органның туы мен рәмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
26-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызу. Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу
1. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттік, қорғаныстық маңызына және халықтың тіршілігін қамтамасыз етуіне қарай азаматтық қорғаныс іс-шараларын кешенді және сараланған түрде жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын міндеттерінің көлеміне қарай қалалар үшін мынадай топтар айқындалады: ерекше, бірінші, екінші және үшінші.
Қалаларды топтарға жатқызу мынадай критерийлер бойынша белгіленеді:
1) ерекше топқа астана мен республикалық маңызы бар қала жатады;
2) бірінші топқа:
халқының саны миллион адам және одан астам;
халқының саны 500 мың адам және одан астам, аумағында кемінде аса маңызды санаттағы үш ұйым немесе 50-ден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
қала халқының не аумағының 50 пайыздан астамы жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетін қалалар жатады;
3) екінші топқа:
халқының саны 500 мың адам және одан астам;
халқының саны 250 мың адамнан 500 мың адамға дейін, аумағында кемінде аса маңызды санаттағы екі ұйым не 20-дан астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
қала халқының не аумағының 30-дан 50 пайызға дейін жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетін қалалар жатады;
4) үшінші топқа:
халқының саны 250 мың адамнан 500 мың адамға дейін;
халқының саны 10 мың адамнан 250 мың адамға дейін, аумағында кемінде аса маңызды санаттағы бір ұйым не екеуден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
қала халқының не аумағының 30 пайыздан кемі жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетін қалалар жатады.
3. Ұйымдар үшін әлеуетті қауіптілігіне, әлеуметтік-экономикалық зардаптарының шамасына, ықтимал төтенше жағдайларға қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған.
Ұйымдарды санаттарға жатқызу мынадай критерийлер бойынша айқындалады:
1) аса маңызды санатқа аумағында жұмыс істеуінің бұзылуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін және төтенше жағдайдың туындау қаупін тудыратын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар жатады;
2) санаттандырылғандарға жұмыс істеуінің бұзылуы едәуір әлеуметтік-экономикалық зардаптарға, өңірлік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін мынадай ұйымдар жатады:
аса маңызды мемлекеттік объектілер;
өнеркәсіптің, көлік-коммуникация кешенінің, энергетиканың, байланыстың жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауіпті өндірістік объектілері бар әрі маңызды мемлекеттік және экономикалық мәні бар ұйымдар;
тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдар;
аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері орналасқан ұйымдар.
4. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бір өндірістік аумақта орналасқан кезде ол дәл сол санатқа теңестіріледі.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және бекіту үшін оларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
27-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары
1. Халықты, аумақтар мен объектілерді әскери қақтығыстар туындаған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс жөнінде санаттандырылған ұйымдар өз құзыреті шегінде:
1) алдын ала:
азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуді;
азаматтық қорғаудың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін құруды және дамытуды, оларды пайдалану үшін әзірлікте ұстауды;
азаматтық қорғау күштерін құруды, жасақтауды, жарақтандыруды және әзірлікте ұстауды;
басқару органдарын дайындауды және зақымдандыру құралдары қолданылған жағдайда халықты қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарын жүргізуге жаппай оқытуды;
қорғау құрылыстарын салуды және оның қорын жинақтауды, оларды жұмыс істеу әзірлігінде ұстауды;
азаматтық қорғаныс мүлкін құруды, жинақтауды және уақтылы жаңартуды;
эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды;
салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды және орындауды;