3) шетел мемлекеттерінің көмек көрсету бойынша топтарына Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының келу және кетуі үшін белгіленген рәсімдерден топ мүшелерінің өтуіне, олардың ұйымдарын орналастыруына, тіркеуге және төтенше жағдайлар ауданына шығаруға, төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыс ауқымын айқындауда көмек көрсету;
4) төтенше жағдайлар аймағына гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін жүктерді алып жүруді және қорғауды қамтамасыз ету;
5) гуманитарлық акциялар жүргізуді ұйымдастыру.
Әкелуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмекті әкелу кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей және әкелуге шек қойылмай жүзеге асырылады.
19-тарау. Өтпелі ережелер
116-бап. Өтпелі ережелер
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шектік:
1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі елу жасқа;
2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.
117-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат);
2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат);
3) «Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат);
4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат);
5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат);
6) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
«Азаматтық қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтеншем жағдайлардың туындауына
әкеп соқтырған авариялар, зілзалалар, апаттар себептерін тергеу
актісі
1. Облыс (қала) атауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жерлер (бұдан әрі - ТЖ), ұйымның атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, меншік нысаны және мекенжайы:
____________________________________________________________________________________________________________
2. Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:___________________________________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)
Комиссия мүшелері: ___________________________________________________________________________________________
3. Ұйымның, объектінің, учаскенің, аумақтың, ТЖ орындарының
сипаттамасы (қысқаша) ________________________________________________________________________________________
Бұл бөлімде басқа мәліметтермен қатар: ТЖ-ға дейінгі объектінің, жабдықтардың жұмыс режимін (бекітілген, нақты, жобалық), авария алдындағы объект жағдайы туралы қорытынды беру, техникалық пайдалану ережелерін сақтау; осы объектіде осыдан бұрын ұқсас ТЖ болған-болмағанын көрсету, олардың алдын алу жөнінде іс-шаралар әзірленді ме (қашан, кім, қандай, олар қалай орындалды).
4. Қызмет көрсетуші персонал біліктілігі (техника қауіпсіздігі бойынша оқуды және нұсқауды, біліктілік комиссиясында білімін тексеруден қайда және қашан өтті).
5. ТЖ жағдайлары (Осы бөлімнің соңында ТЖ сипаттамасын көрсету).
6. ТЖ ұйымдастыру және техникалық себептері. (Әр себептен кейін қандай заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағанын немесе бұзылғанын көрсету).
7. ТЖ себептерін жою жөніндегі іс-шаралар (орындалу мерзімін
көрсете отырып, ТЖ салдарын жою және олардың қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шараларды баяндау).
8. ТЖ-ға жол берген жауапты заңды және жеке тұлғалар туралы қорытындылар және оларды жазалауға ұсынылған шаралар. (олардың заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының қайсысын орындамағанын немесе бұзғанын көрсету, ТЖкезінде жергілікті атқару органдарының, жедел қызмет көрсету персоналдары іс-қимылдарына баға беру).
9. ТЖ-дан келтірілген шығынның қорытынды көлемі, барлығы ______________ МЫҢ ТЕҢГЕ
10. Өзге ақпарат (қажет болған жағдайда).
Тергеу жүргізілді және акт жасалды: _____________________________________________________________________________
(жылы, күні, айы)
Қосымша: тергеу материалдары ____ парақ.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері: