балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін концентрациясы бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың біреуі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары мен олардың негізінде алынатын қорытпалары жасалатын;
3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жұмыстары жүргізілетін;
4) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын кәсіпорындар, олардың өндірістік бөлімшелері және басқа да объектілер жатады.
2. Қауіпті өндірістік объектілергесол сияқты:
1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе судың 115 градус Цельсийден аса қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар (0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен жұмыс істейтін бу қазандары; 115 градус Цельсийден аса температурамен су жылыту қазандары; 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен жұмыс істейтін сауыттар; 0,07 мегаПаскальдан аса жұмысы қысыммен бу және 115 градус Цельсийден аса температурадағы ыстық су өткізгіш құбырлар);
2) жүк көтергіш механизмдер (жүк көтергіш крандар, көтергіштер, эскалаторлар, арқан жолдар, фуникулерлер, лифтілер) жатады.
82-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау
1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
3) өлімге әкеп соқтыратын жарақаттанудың жиілігі;
4) кәсіптік ауру;
5) негізгі қорлардың тозуы;
6) негізгі қорларды ауыстыру;
7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.
Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана шегіндегі өндірістік объектілердің жалпы қауіптілік деңгейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі айқындайды. Ұсынылған мәліметтер негізінде уәкілетті орган республика бойынша қауіптілік деңгейінің орташа салалық көрсеткішін айқындайды.
Қауіпті өндірістік объектілердің иелері және сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептік деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.
2. Объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
3. Қауіпті өндірістік объектілері бар, декларациялауға және сақтандыруға жататын ұйымдардың жыл сайынғы жалпы қауіптілік деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган өз интернет-ресурсында орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында жариялайды.
83-бап. Өндірістік қауіпсіздікті міндетті декларациялау
1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.
Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жаңадан енгізілетін қауіпті өндірістік объектілердің жоба алды құжаттамаларына және қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілері істерінің нақты жағдайы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.
Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.
Уәкілетті органның қауіпті өндірістік объектіні декларациялау немесе декларациялау қажеттілігінің жоқтығы туралы шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің еркін нысанда ұсынған өтініші бойынша сараптамалық қорытындының түпнұсқасымен қоса беріледі.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы (бұдан әрі - декларация) қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманың құрамында және қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілер істерінің нақты жағдайы бойынша әзірленеді, қайта қаралады.
3. Декларация мынадай мәліметтерді:
1) қауіпті заттар (оның ішінде өндірілетін) тізбесін және олардың сипаттамаларын;
2) қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
3) қауіпті өндірістік факторлардың таралуы туралы технологиялық деректерді;
4) қауіптілік пен тәуекелге талдауды;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді;
6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
7) авариялық жағдайларда персоналды іс-қимыл жасауға дайындауды;
8) авариялардың туындауы мен дамуының болуы ықтимал сценарийлерінің схемасын;
9) аварияны жоюдың жоспарын (хабардар ету жүйесі; адамдарды қорғау құралдары мен шаралары; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтік ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету);
10) объектінің және онымен іргелес аумақтың жергілікті хабардар ету жүйесінің жоспарын қамтуға тиіс.
4. Декларацияны әзірлеуді қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым не өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталған ұйым жүзеге асырады. Бұл ретте, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеген кезде қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым үшін осы аттестаттың бар болуы талап етілмейді.
5. Декларация ондағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәліметтері немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өзгерген жағдайда өзгерістер пайда болған кезден бастап үш айдан кешіктірмей нақтыланады.
6. Декларацияны қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы бекітеді.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның иесі декларациядағы мәліметтердің уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Декларация уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда сараптама жасауға жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол қайта сараптама жасауға және тіркелуге жатады.
8. Декларация қағазда екі данада не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде бір данада жоба құрамындағы сараптама қорытындысымен қоса немесе жеке құжат түрінде уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Электрондық құжат түріндегі декларация уәкілетті органда сақталады, декларацияны қағазда ұсынған жағдайда, бір данасы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, екінші данасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымда сақталады.
9. Қауіпті объектіні декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
10. Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
11. Объектілерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарын анықтайтын қағидалар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
84-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару
1. Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару үшін оның иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
2. Өтініш еркін түрде беріледі. Өтініште қауіпті өндірістік объектіні есепке қою немесе есептен шығару үшін сәйкестендіру негіздемесі көрсетіледі.
3. Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беріле отырып, жүзеге асырылады.
Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналында және қауіпті өндірістік объектінің паспортында тиісті жазба жасай отырып жүргізіледі.
85-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалық құжаттаманы келісу
1. Жобалық құжаттаманы келісу үшін қауіпті өндірістік объектінің иесі азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына:
жобалық құжаттаманы келісуге жіберу туралы өтінішті;
жобалық құжаттаманың көшірмесін;
жобалық құжаттаманың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының түпнұсқасын ұсынады.
2. Жобалық құжаттаманы келісу туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжат берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге толық көлемде жіберіледі.
86-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ осындай объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру
1. Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ осындай объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру қауіпті өндірістік объектілер иелеріне және аттестатталған, жобалау және осы сияқты жұмысқа тартылған басқа да мердігерлік ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру оқыту және одан кейін емтихандар қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
2. Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және олардан емтихан қабылдау қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығында немесе уәкілетті органның аттестаты бар оқу ұйымында жүргізіледі.
3. Аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу бойынша олардың басшылары бекітетін оқу жоспарын және ұзақтығы кемінде он, сондай-ақ қырық сағаттық жұмыстарды қауіпсіз орындау талаптарына қызметкерлерді оқытудың бағдарламаларын әзірлейді.
4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа түсетін техникалық басшылар, мамандар және жұмысшылар, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытыла отырып, кәсіби даярлықтан өтуге жатады.
5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін, сондай-ақ осындай оларға жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары және жұмысшылары біліктілігін арттыруға жатады:
жыл сайын он сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытудан өтетін қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмыс персоналы, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты адамдар;
үш жылда бір рет қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытудан өтетін техникалық басшылар, мамандар және инженер-техникалық қызметкерлер;
6. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары және қызметкерлері он сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытыла отырып, мынадай жағдайларда қайта даярлануға жатады:
1) жаңа немесе қайта әзірленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік актілер қолданысқа енгізілген кезде;
2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік саласындағы қосымша білімді талап етіп, жаңа лауазымға тағайындалған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
3) сыныптылығы, разряды жоғарылаған кезде;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары бұзылған кезде;
5) жаңа жабдықты пайдалануға енгізу немесе жаңа технологиялық процестерді ендіру кезінде;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын жеткіліксіз білуі анықталған кезде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің талабы бойынша.
7. Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің білімдерін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыру мен өткізуді бекітілген кестеге сәйкес олардың басшылары қамтамасыз етеді. Білімі тексерілетін адамдар кестемен танысуы тиіс.
8. Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің білімдерін тексеру үшін ұйым бойынша немесе аттестатталған оқу ұйымы бойынша бұйрықпен (өкіммен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектінің аттестатталған оқу орталығы немесе аттестатталған оқу ұйымы басшысы немесе орынбасары басқарады.
9. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын ұйымдардың басшылары, сондай-ақ аталған ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелері азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті орган комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
Басқа ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері азаматтық қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі комиссиясында үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
10. Құрамы үш адамнан кем болған жағдайда, емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.
11. Емтихан билеттерін аттестатталған оқу ұйымы әзірлейді, оларды ұйым басшысы бекітеді.
12. Білімді тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Білімді тексеру хаттамалары білімнің кезекті тексерілуіне дейін сақталады.
13. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясы төрағасының қолы қойылған белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.
Аттестатталған оқу ұйымында емтихандарды қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы ұйымның мөрімен куәландырылады.
14. Куәлік онда көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
15. Емтихан тапсыра алмаған адамдар бір ай мерзімнен кешіктірмей қайта білім тексеруінен өтеді.
Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жіберілмейді.
17. Мерзімі өткен куәлігі бар адамдар жұмысқа жіберілгеннен кейін бір ай ішінде емтихан тапсыруы тиіс.
18. Оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша барлық шығыстар қауіпті өндірістік объектінің иесіне және осындай объектіге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар басшыларына жүктеледі.
19. Осы баптың оқу ұйымдарына қойылатын талаптары, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердің оқу орталықтарына да қолданылады.
14-тарау. Инциденттерді, аварияларды, өртті және олардың салдарын тексеру мен есепке алу
87-бап. Қауіпті өндірістік объекті иесінің іс-қимылдары
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі техникалық құрылғылар істен шыққан немесе бүлінген, сондай-ақ технологиялық процесс режимінен ауытқыған (бұдан әрі - инцидент) жағдайда:
1) тәулік ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді;
2) инцидентті тергеп тексеруді жүргізеді;
3) инциденттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
4) болған инциденттердің есебін жүргізеді.
2. Авария болған жағдайда:
1) болған авария туралы осы объектіге қызмет көрсететін кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтеріне, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органға дереу хабарлайды;
2) хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етеді;
3) аварияның себептерін тексеру жөніндегі комиссияға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті барлық ақпаратты ұсынады;
4) комиссия жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.
88-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі комиссия
1. Үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан топтық жазатайым оқиғасы болған аварияны уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, ал бестен артық адам қаза тапқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған комиссия тексереді.
Басқа аварияларды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
2. Уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшенің өкілі аварияларды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
3. Комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объекті басшысы және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкілі кіреді.
89-бап. Комиссияның құқықтары
1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптама қорытындысын қажет ететін сұрақтар жазбаша нысанда қойылады. Барлық мүшелер қол қойған сараптама комиссиясының материалдары аварияны тексеру жөніндегі комиссияға оның төрағасы белгілеген мерзімде ұсынылады.
3. Аварияны тексеру жөніндегі комиссия оқиғаның куәсі болған адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсініктеме алуға құқылы.
90-бап. Тексерудің міндеттерi
Тексеру барысында комиссия аварияның болуына себепші мән-жайларды анықтайды, оның себептерін, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестерді пайдалану шарттарын бұзудың сипатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын айқындайды, мұндай авариялардың салдарын жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды белгілейді, материалдық залалды анықтайды.
91-бап. Тексеру материалдары
1. Аварияны тексеру материалдарына:
1) аварияның себептерін тексеру үшін комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
2) аварияның себептерін тексеру актісі, оған:
авария болған жерді қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбанұсқалар, фото-суреттер;
авария орнының эскизі;
комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкімі және аварияны тексеру жөніндегі комиссия шығарған басқа да өкімдер;
сараптама комиссиясының аварияның себептері туралы қорытындысы, зертханалық және басқа зерттеулердің, сынақтардың, талдаулардың нәтижелері қоса беріледі;
3) кәсіби авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің (егер олар аварияны жою үшін шақырылған болса) баянхаттары;
4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдарды сұрастыру хаттамалары мен олардың түсініктемелері;
5) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту, білімін тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
6) аварияның мән-жайлары мен себептерін сипаттайтын басқа да материалдар жатады.
2. Тексеру материалдарын техникалық ресімдеу қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейін тексеру материалдарын бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Комиссияның шешімі бойынша аварияның себептерін тексеру материалдары қабылданған процессуалдық шешімімен қоса объектінің орналасу орны бойынша құзыретті органға жіберіледі.
92-бап. Тексеру қорытындылары
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі он күн ішінде аварияның себептерін тексерудің нәтижелері бойынша бұйрық шығарады.
Бұйрықта аварияның мән-жайлары мен себептері туралы комиссияның қорытындысы жарияланып, оның салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы шаралар белгіленуі тиіс.
2. Қауіпті өндірістік объектінің иесі аварияны тексеру нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімі туралы жазбаша ақпаратты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың сындарлы кемшіліктерінен болса, қауіпті өндірістік объектінің иесі оны дайындаушыға наразылық арызын, ал уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне оның көшірмесін жібереді.
93-бап. Аварияларды тексеру бойынша шығыстар
Аварияны тексеруге қатысты барлық шығыстарды қауіпті өндірістік объектінің иесі көтереді.
5-бөлім. Мемлекеттік материалдық резерв
15-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру
94-бап. Мемлекеттік резерв жүйесi
Мемлекеттік резерв жүйесін уәкілетті орган, оның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы ведомстволары және ведомстволық бағынысты ұйымдары құрайды.
95-бап. Мемлекеттік резервтің мақсаты
Мемлекеттік резерв:
1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі бірінші кезекті жұмыстарды қамтамасыз ету;
гуманитарлық көмек көрсету;
нарыққа реттеушілік ықпал жасау;
босқындарға көмек көрсету мақсатында құрылады және пайдаланылады.
96-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының құқықтық мәртебесi
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының қорлары олардың сақталу орнына қарамастан, республикалық меншік болып табылады.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері болып табылатын ұйымдарды шетел қатысатын ұйымдардың сенімгерлік басқаруына берген немесе оларды шетел қатысатын ұйымдар жекешелендірген жағдайда, материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құпиялылық режимі сақтала отырып, басқа ұйымдарда орналастырылады.
97-бап. Мемлекеттік резервтің азайтылмайтын қоры
Мемлекеттік резервтің құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры (оларды сақтаудың тұрақты өзгертілмейтін көлемі) жасалады. Мемлекеттік резервтің азайтылмайтын қорында сақталуға жататын материалдық құндылықтардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейді.
98-бап. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтардың жеткізілуіне тапсырыстарды орналастыру
1. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтардың жеткізілуіне тапсырыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеткізушілер арасында бюджет қаражаты есебінен орналастырылады.
2. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтардың жеткізілуіне уәкілетті орган тапсырыс беруші болады.
3. Мемлекеттік резервке жеткізілетін материалдық құндылықтар бүкіл сақталу мерзімінде техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сай болуы тиіс.
4. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін әзірлейді.
99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде сақталады.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар сақтауға берілген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына, сондай-ақ оның уақтылы жаңартылуына жауапты болады.
3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін, осы құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемі жұмылдыру жоспарымен және есепті жылға арналған өнім өндіру және қызметтерді көрсету жоспарымен белгіленеді.
4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес қалыптастыруды, орналастыруды, сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартуды, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде шығаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Оларды кейіннен жұмылдыру тапсырыстарынан алған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығарған жағдайда оларды сақтау мемелекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар, ведомстволық бағынысты ұйымдардың филиалдары мемлекеттік резерв материалдық құндылықтарының сапалы және сандық жай-күйі туралы есептерді ұсынады.
6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар олардың бейіні өзгертілген, олар қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген немесе таратылған жағдайларда ол жөнінде екі ай бұрын уәкілетті органға хабарлайды.