негiздер мен iргетастарды;
бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
ағаш конструкцияларды құрылыстық жобалау және конструкциялау;
инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
жылудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционер орнатуды, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау сигнализациясының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
бақылау-өлшеу, есептеуіш және реттеуіш құрылғыларды қоса
алғанда, технологиялық процестердi автоматтандыруды;
iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВт-қа дейiн және 10 кВт-қа дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
35 кВт-қа дейiн, 110 кВт-қа дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
мыналар:
еңбектi қорғау;
коррозияға қарсы қорғау құрылғысы;
найзағайдан қорғау құрылғысы;
ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделi жөндеу, реконструкциялау немесе қайта жабдықтау үшiн жобалау кезеңiнде өрттен қорғау сигнализациясы, өрт сөндiру және өрттен қорғау жүйесi автоматикасы, оны орнату;
сметалық құжаттама жасау;
құрылысты ұйымдастыру жобалары мен жұмыс өндiрiсiнiң жобаларын құру бойынша жобалардың арнайы бөлiмдерiн әзiрлеу;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (емдеу және аурулардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге арналған, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
көлiк инфрақұрылымына (тiкелей халыққа қызмет көрсету үшiн көзделген) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
энергетика өнеркәсiбiне арналған;
жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, қайта өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
ауыр машина жасауға арналған;
медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;
көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
автомобиль, электрлi, темір жол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;
байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
мыналарды:
темір жол көлiгi қатынастарын;
барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жол айрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
қайта өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
3) құрылыс-монтаж жұмыстары.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:
іргетасты орналастыруды;
ұңғымаларды (мұнай және газ ұңғымаларын қоспағанда) жайластыруды;
жер қабатындағы бұрғылау, бұрғылау-жару жұмыстарын;
су асты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;
мелиоративтiк және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстарын;
жер қабатындағы гидромеханикаландырылған жұмыстарды;
объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын үйлер мен ғимараттардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:
металл конструкцияларды монтаждауды;
мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
түтiн мұржаларын, тiрек құрылыстарын, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгі қалқаларын орналастыруды;
көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
металлургия, мұнай-химия, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсiп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
монолиттi конструкцияларды орналастыруды, сондай-ақ құрама-бетон және темір-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға мен далдалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:
қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
кернеуi 35 кВт-қа дейiнгi және 110 кВт-қа дейiнгi және одан жоғары электр беру магистральдық желiлерiн;
түстi металдардан, полимерлiк материалдар мен шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждауды;
байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылысын, оның iшiнде:
темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газ шаруашылығының iшкi жүйелерiн;
суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желiлерiн;
iшкi орталықтандырылған жүйелердi;
желдетудi, ауаны салқындатуды, пневматикалық көлiктi және аспирацияны орналастыруды қамтиды;
конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде объектілерді күрделі жөндеуді және реконструкциялауды (судан қорғауды, жылуды сақтауды, оның iшiнде тасқын су кезiндегi коррозиядан сақтауды, химиялық қорғауды жабынды мен электрлi химиялық қорғауды және найзағайдан қорғауды);
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және темір жол құрылыстарын салу, оның ішінде:
темір жолға арналған негiздердi және оның беткi құрылыстарын салу;
I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi-мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын;
мыналармен:
лифт шаруашылығы және өзге де көтергіш-көлiктiк құрылғылармен;
металлургиямен, кен байытумен;
металл өңдеумен;
ағаш өңдеумен;
геологиялық барлау, мұнай және газ кәсiпшiлiгiмен;
тау-кен-шахта өндiрiсiмен, метрополитендер және тоннельдермен;
гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
астықты сақтаумен және ұқсатумен, өзге де тамақ өнiмдерiн өндiрумен және сақтаумен;
көмiр, химия және мұнай өңдеу өндiрiсімен;
құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
жеңiл өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсiмен;
дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өндiрiсiмен, денсаулық сақтаумен, оңалтумен және аурулар профилактикасымен;
театр-ойын-сауыққа, білім беруге, спортқа арналған объектiлермен;
жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықты қоса алғанда, электр пештермен, өзге де электр-техникалық құрылғылармен;
компрессор машиналарымен, сорғылармен және желдеткiштермен;
байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;
4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.»;
20) 34-баптағы «, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді» деген сөздер алып тасталсын;
21) 36-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
22) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергілікті атқарушы орган немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.
2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
3) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
4. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
5. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиар сауалының негізінде он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті лицензиарға жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мерзімде жауап жібермеген жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады.
6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегі лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берілді деп есептеледі.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзі алынғанға дейін лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылған тізімдеменің көшірмесі лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңды екенін растайтын құжат болып табылады.»;
23) 45-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тарту жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;»;
24) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
2) дара кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;
3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың, осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшірмелерін күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.
Қызметтiң лицензияланатын түрiнен бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiндегi бір немесе одан да көп сынып алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензиясымен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызметтің лицензияланатын түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға отыз күнтізбелік күн ішінде лицензияларды және лицензияның көшірмесін қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттарға қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
3. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.
Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтаруға міндетті.»;
25) 6-тарау мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Лицензиялық бақылау
1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
26) 50-баптағы «азаматтық» деген сөз алып тасталсын.
49. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған мақта иесi; қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
3) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы;
4) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
5) мақта иесi - меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) мақта қабылдау пунктi - шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат;
7) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - шитті мақтаны сақтау; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;
9) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшiн мақта өңдеу ұйымы беретiн қосарлы қойма куәлiгi;
10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
11) мақта нарығына қатысушылар - шиттi мақтаны өндiруге, оны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
12) мақта нарығының мониторингi - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткізудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
13) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
14) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
15) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) мақта тазалау зауыты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат;
17) мақта талшығы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм;
18) мақта талшығы бумасы - стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше әдiспен нығыздалған белгiлi бір көлемi;
19) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, мақта талшығының сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
20) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар және (немесе) келiсiмшарттар талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;