2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) техникалық және авторлық қадағалаумен бірге құрылыстың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен және аумақтық бөлімшелерден тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзіміне рұқсат беру (рұқсат беруден негізді бас тарту). Егер объекті нормативтік ұзақтық мерзімі ішінде аяқталмаса, онда тапсырыс беруші (құрылыс салушы) құрылысты жалғастыру үшін жаңадан рұқсат алуға міндетті.
Жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) (сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайдағы аудандардан басқа) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын, қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы үй-жайларды объектінің конструкциялары мен функционалдық мақсатын өзгертпей реконструкциялауға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға рұқсат талап етілмейді;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану жүктеледі.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу құқығы беріледі.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Инспекциялау нәтижелері бойынша жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншік иесіне) берілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар анықтама және объектілердің ведомосі жасалады.
6. Мыналар:
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды қажет ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар құрылысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасында және мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын жеке тұрғын үйлер салуды қоспағанда, жеке тұрғын үйлер және техникалық жағынан күрделі емес, азаматтардың жеке пайдалануына арналған құрылыстар салу;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлері тиісінше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшылары, олардың орынбасарлары мен штат қызметкерлері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.
34-бап. Авторлық қадағалау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiлердiң авторлық қадағалауы:
1) осы Заңның 68-бабына сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер құрылысы кезiнде;
2) объектiнi жобалауды, инвестициялауды және оның құрылысын жүргiзушi ұйымның өкiмдiк құжатына (бұйрығына) сәйкес;
3) осы Заңның 15-бабы мен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектiлердiң құрылысы барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Мұндай жағдайларда авторлық қадағалау объект құрылысының (реконструкциялау, қалпына келтiру, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) не аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қоюдың бүкiл кезеңi iшiнде жүзеге асырылуға тиiс.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;
2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.
3. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн мемлекеттік нормативтiк құжаттармен белгiленедi.
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Техникалық қадағалау
1. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдануына жататын объектілердің құрылысы кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақша өзгертілді
2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақша жаңа редакцияда; 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қабылдау, мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссиялары жұмыс істеген кезде сол комиссиялардың құрамына енгізілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің штат қызметкерлері;
4) комиссиялардың (топтардың) жұмысы кезiнде мемлекеттік қабылдау (жұмыс) комиссияларына не сараптама топтарына енгiзiлген өзге де заңды тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерi жатады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
3. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.
4. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тиiстi сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының өкілеттiктерi шегiнде белгiленедi.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының нұсқамалары
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Анықталған жолсыздықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан (ережелерден, шектеулерден), өзге де мiндеттi талаптардан ауытқушылықтарға (сәйкес келмеушiлiкке) байланысты сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерiне (субъектiлердiң атынан өкiлдiк ететiн жауапты адамдарға) нұсқама береді.
2. Нұсқамаларға қол қою құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ғана берiледi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары заңдарға сәйкес берген нұсқамалар Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2-бөлім. Сәулет және қала құрылысы
7-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
37-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесiне кiредi және аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерi:
1) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;
3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;
4) инвестициялық қызметтi бағалау;
5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, құрылысқа (жұмыс жүргiзудi бастауға) және объектiлердi кейiннен кәдеге жаратуға рұқсат беру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау кезiнде пайдаланылуға тиiс.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жерге және басқа да жылжымайтын мүлiкке салынатын салық мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу, елдi мекендердiң аумақтарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобаларды iске асыруды талдау үшiн пайдаланылады.
4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мынадай аумақтық деңгейлер бойынша:
1) республикалық;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық;
3) базалық (аудандық, облыстық бағыныстағы қалалық) болып бөлінедi.
38-бап. Республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастры
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қала құрылысы кадастрының мемлекеттік тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады.
3. Республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негiзi облыстық және базалық деңгейлердегi қала құрылысы кадастрлары болып табылады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді
39-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастры
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тапсырысшылары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерi болып табылады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2. Облыстық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негiзi базалық деңгейдегi қала құрылысы кадастрлары болып табылады.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мониторингi
1. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөніндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшiн:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мүлiк пен жекешелендiрудi, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;
2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына бақылау жасау қызметтерi;
5) жердiң, судың және басқа да салалық кадастрлардың, тiркелiмдердiң деректерi, өзге де деректер банктерi бастапқы ақпарат (мәлiмет) көздерi болып табылады.
8-тарау. Аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау
41-бап. Қала құрылысы регламенттерi
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді
1. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдаланудың қала құрылысы регламенттерi, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзген кезде олардың жай-күйiне енгiзiлген кез келген өзгерістер белгiленген мерзiм шегiнде қолданылып жүрген артықшылықтар берудiң, тыйым салулардың, шектеулер мен өзге де режимдердiң үлгiлерiмен, түрлерiмен және параметрлерiмен сипатталады.
Регламенттердiң көздерi заңдарда белгіленген тәртiппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы болып табылады.
2. Мемлекеттік қала құрылысы регламенттерiнiң сыныптағышы мен олардың көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi деңгейлерде белгiленедi.
3. Мемлекеттік қала құрылысының кадастрын жүргiзуге арналған қала құрылысы регламенттерiнiң жүйесi олардың мынадай үлгiлерiн:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктi функционалдық пайдалануды белгілеуді және (немесе) өзгертуді;
2) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) интенсивтілігiн;
3) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) балансын қамтамасыз етудi;
4) аумақ пен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсер етуiн қамтуға тиiс.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктердi функционалдық пайдалануды белгiлеу және (немесе) өзгерту мемлекеттік регламенттердiң мынадай түрлерi:
1) аумақты функционалдық белгiлеу және (немесе) өзгерту;
2) жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттарды функционалдық белгiлеу;
3) бар үйлер мен ғимараттарды функционалдық пайдалануды өзгерту арқылы iске асырылады.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде аумақтар мен елдi мекендердi дамыту және жайғастыру (құрылыс салу) қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) игерiлетiн аумақтардың ауқымдары;
2) осы аумақ үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу, рұқсат беру мен шектеулер;
3) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумаққа түсетiн ауыртпалықтар;
4) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумақты немесе жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту мен өзгерту режимдерi;
5) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң жоспарлы құрылымы мен сәулет келбетiн қалыптастыру;
6) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң әлеуметтiк, рекреациялық, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарын қалыптастыру (жетiлдiру) арқылы көрiнiс табуға тиiс.
6. Аумақты және елдi мекендi дамыту балансы қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) аумақтар мен объектiлердi дамытудың ресурстық жағдайлары;
2) аумақтар мен елдi мекендердiң ортаға байланысты жағдайлары;
3) халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң инженерлiк жағдайлары арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді