Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.22.10 № 1647 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Показать изменения
8603- 8607
8607 19, 8607 21, 8607 30 тауар позициясын қоспағанда, темір жол және трамвай вагондары, өзге де жылжымалы құрам және олардың бөліктері
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен жинақтауыштар құны бірінші жылы, тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан;
екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 %-ынан;
үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан;
төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 %-ынан;
бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан;
алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 65 %-ынан, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарттары кезінде:
- темір жол пішімдерін, оның ішінде Z - арқалық біліктерінің, екі тавр, аралық біліктердің жоғарғы табақтарының, вагонды тіректерінің, шанақ бортының жоғарғы және төменгі байламаларының пішімін қию;
- табақты детальдардың плазмалық құрылғыларды және табақты иілгіш және гидравликалық бастырмалардағы иіндерді кесу;
- автотістердің алдыңғы және артқы тіректерінің тесу және шегелеуді орындауымен арқалық білікті құрастыру;
- дөңгелек жұптарын қалыптастыру және буксирлеу тораптарын монтаждау;
- авторежим тораптарын және тірек бағандарын және авторежимнің тірек бағандарының тежегіштік тартқышты детальдерінің жиынтығын және тозуға төзімді детальдерін дайындаумен арбаларды құрастыру;
- арбаны вагон астына орнату;
- аппараттарды, тарту қамыттарын, автотістерді, тістемелі тартқыштарды өзіне тартатын соққылы-тартқышты;
- автоматты және тұрақтағыш тежегіштерді монтаждау, бұрау және сынау;
- люк қақпақтарын және тиек құрылғыларын монтаждау және белгілік секторлар, таратқыштар, торсиондар жапсыру;
- жазулар мен трафареттерді бояу;
- ыдыс салмағын өлшеу және жазу
Показать изменения
8607 19
Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамының бөліктері
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, бұл ретте орындалған жұмыстардың көлемі мынадай жұмыстарды орындаумен әзірленген конструкторлық және технологиялық құжаттамамен айқындалады:
- дайындамаларды дайындау;
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
Показать изменения
8607 21
Пневматикалық тежегіштер және олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, бұл ретте орындалған жұмыстардың көлемі мынадай жұмыстарды орындаумен әзірленген конструкторлық және технологиялық құжаттамамен айқындалады:
- дайындамаларды дайындау;
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
Показать изменения
8607 30
Ілмектер және өзге де тіркесетін құрылғылар, буферлар, олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, бұл ретте орындалған жұмыстардың көлемі мынадай жұмыстарды орындаумен әзірленген конструкторлық және технологиялық құжаттамамен айқындалады:
- дайындамаларды дайындау;
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
Показать изменения
8608 00
Темір жол және трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен қондырғылары;
механикалық (электрлі механикалықтарды қоса алғанда) дабыл беруші жабдықтар, темір жолдар, трамвай жолдары, ішкі су жолдары, тұрақ құрылыстары, айлақ құрылыстары немесе әуеайлақтар үшін немесе қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немесе бақылауға арналған қондырғылар; аталған қондырғылар мен жабдықтардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шектеуде өнімдікіндей позицияда жіктелетін материалдар түпкілікті өнім құнының 5%-ы шегіндегі сомаға дейін ғана пайдаланылуы мүмкін
Показать изменения
8609 00
Контейнерлер (сұйық жүктерді тасымалдауға арналған ыдыстарды қоса алғанда) немесе бірнеше көлік түрлерімен тасымалдауға әдейі арналған және жабдықталған
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын бір материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
87-топтан
Теміржол немесе трамвайлық жылжымалы құрамды қоспағанда жердегі көлік құралдары, олардың бөлшектері мен барлық жабдықтары, олар үшін қолданылатын ережелер бұдан әрі - жазылатын 8702-8704, 8716 позициялардың тауарларынан басқа
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8701
Тракторлар (8709 тауар басқа) позициясындағы тракторлардан
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күнінен бастап түпкілікті өнім бағасының 95 %-ынан аспауы тиіс;
екінші жылы -түпкілікті өнім бағасының 90 %-ы;
үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 %-ы;
төртінші жылы -түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы;
бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 %-ы;
алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 %-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: жартылай рамалы алдыңғы осьті орнату;
қозғалтқышты орнату;
артқы мостты орнату;
гидробакті орнату; гидроаспаларды құрастыру және орнату;
карданды білігі бар тіректерді құрастыру және орнату;
ауа баллондарын құрастыру және орнату;
гидрожүйенің май өткізгіштерін орнату;
отын бактерін құрастыру және орнату;
цилиндрлі рулдік тарту күшін орнату;
рулдік баған мен тосқауыл кранын құрастыру және орнату; алдыңғы қанаттардың кронштейндерін орнату; май және су радиаторын құрастыру және орнату; гидрожүйені және гидрокөлемді рулдік басқаруды орнату; дыбыстық белгіні орнату; сөндіргішті орнату; қозғалтқышқа, артқы мостқа және гидробакке май құю;
гидрожүйе мен қозғалтқышты сынау және тексеру;
газ серіппелерін, айналар мен күнге қарсы маңдайшаларды орнату; фонарлар мен артқы және алдыңғы габарит фарларды орнату; аккумулятор батареяларының әйнек тазартқыштарын орнату;
артқы қанаттарды құрастыру және орнату;
тракторға кабина орнату;
аспаптар қалқаншалары мен электр-өткізгіштер бұрауларын кұрастыру және орнату;
рулдік колонканы, алдыңғы жетекші мостының қосу тарту күшін, тоқтау белгісін сөндіруді орнату;
пердешелерді, тұру тежегішінің рычагын, тарту күшін, ажырату муфтасын орнату;
алдыңғы және артқы доңғалақтарды орнату;
шлангілерді, жылытуды қосу және рулдік доңғалақты орнату;
қаптаманы құрастыру және орнату; табличкаларды, тұтқыштарды және тыстарды орнату;
төсеніштерді және қапталдық панелдерді орнату
Показать изменения
8703**, 8702***, 8704*** жолдар да көрсетілген тауарлардан басқа 8702- 8704
Автомобильдер, адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл және өзге де моторлы көлік құралдары, жүк-жолаушы автомобильдерді, фургондар мен жарыс автомобильдерін, жүк автомобильдерін қоса алғанда
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдар құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: қорапты (кабинаны) дайындау және сырлау;
қозғалтқышты қондыру және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;
радиаторларды қондыру және суыту жүйелерін іске қосу;
амортизаторларды бекіту, трансмиссияларды іске қосу;
алдыңғы аспаларды және жартылай осьтерді құру, артқы аспаны қондыру;
рульмен басқаруды алдыңғы доңғалақтардың күпшегімен біріктіру;
доңғалақтарды қондыру және алдыңғы күпшектің мойын тіректерінің тартылуын реттеу;
оталдыру орауыштарын қондыру; рульмен басқарудың гидрожүйесіне, тежеу жүйесіне, гидроілінісуге май құю және жел беру;
фарларды, алдыңғы және артқы белгі беру шамдарын қондыру және іске қосу; сөндіргішті және пайдаланылған газ шығаратын құбырлар секцияларын қондыру;
отын багін қондыру және отын құбырын іске қосу;
генераторды қондыру және жетекші белдіктің керілуін реттеу;
ернеулік электр тізбектерінің жұмысын тексере отырып, аккумуляторды қондыру және іске қосу;
автомобильді жүргізіп жаттықтыру. 8704 позицияның тауарлары үшін жоғарыда көрсетілген технологиялық және өндірістік операцияларда қорапты (кабинаны) жасау және бояу орнына аспалы және көпірлері бар қаңқаны жасау жөніндегі операцияларды орындауға рұқсат беріледі
Показать изменения
8702***, 8704***
жүргізушіні қоса алғанда, адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, 8704-90 000 0 позицияларының тауарларынан басқа жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары
Жылдық көлемі 10000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 %-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан, үшінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, төртінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- күштік агрегатты орнату;
- шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторды қосу;
- рульдік басқару жүйесін, тежегіш жүйесін, гидрожанасқышты толтыру; жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;
- фараларды, алдыңғы және артқы дабыл шамдарын орнату және қосу;
- бәсеңдеткіш пен түтін құбыр өткізгіш секциясын орнату;
- қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу;
- радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу;
- амортизаторларды бекіту;
- трансмиссияны орнату;
- алдыңғы және артқы аспаларды және жарты осьтерді орнату;
- рульдік басқаруды алдыңғы доңғалақ күпшелерімен қосу;
- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
- тез бұзылатын орындарды консервациялау;
- моторлы көлік құралын сынақтан өткізу.
Жылдық көлемі 10000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде
- дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ, мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау;
- салон элементтерін;
- құралдар панелін, салон шыныларын және алдыңғы әйнегін орнату;
- тежегіш жүйесін, гидрожанасқыштытолтыру және айдау;
- фараларды, алдыңғы және артқы дабыл шамдарын орнату және қосу;
- бәсеңдеткіш пен түтін құбыр өткізгіш секциясын орнату; жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;
- генератор және көтеру тартпасының созылмалылығын реттеу;
- шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторды орнату жәнеқосу;
- қозғалтқышты диагностикалау жәнереттеу; тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
- моторлы көлік құралын сынақтан өткізу
Показать изменения
8703**
Жолаушы-жүк автомобиль-фургондарын және жарысқа қатысатын автомобильдерді қоса алғанда, негізінен адамдарды тасуға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)
Мынадай өлшемдердің біреуін орындау кезінде өндірілген автомобильдер:
1) екі режимді ауысымды жұмыс кезінде жылына кемінде 25 000 дана жобалық қуаттылығының болуы, шанақты дәнекерлеу, құрастыру және бояу бойынша операцияларды орындау; «8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыру үшін» Бірыңғай кеден тарифінің позициялары бойынша 8707 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін шанақтардың құнын есепке ала отырып өндіріс үшін пайдаланылатын автокомпоненттердің жалпы құнынан 70 %-ынан аспайтын көлемде кеден одағына мүше емес 2) Жылдық көлемі 25000 данадан кем емес жоғары қуаттылық өндірісінің болуы, «ірі торапты құрастыру» жүзеге асыру - дайындау, ол кезде мынадай технологиялық операцияларды орындалады:
- қозғалтқышты қондыру және бекіту, басқару тетіктері қозғалтқыштарына қосу;
- артқы аспапты қондыру;
- газ шығару жүйесін қондыру;
- борттық электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторлық батарейді қондыру және қосу;
-қозғалыс дөңгелектерін қондыру;
-тежегіш және салқындатқыш сұйықпен толтыру;
-тежегіш жүйенің тиімділігін тексеру, сондай-ақ 1-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес қамтамасыэ ету бойынша міндеттерді қамтитын, осындай міндеттерді қабылдау күнінен бастап 84 айдан аспайтын мерзімде КО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясындағы моторлық көліктік құралдарды өнеркәсіптік құрастыру туралы шартты жасау
8704 90 000 0
Өзге, де жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8705***
8705 20 000, 8705 90 тауарлық позицияларынан басқа, арнайы мақсаттағы қозғалтқышты көлік құралдары, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа,(мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетін және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)
Жылдық көлемі 10000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 %-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан, үшінші жылы-құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, төртінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: күштік агрегатты орнату; шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторды қосу; рульдік басқару жүйесін, тежегіш жүйесін, гидрожанасқышты толтыру;
жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;
фараларды, алдыңғы және артқы дабыл шамдарын орнату және қосу;
бәсеңдеткіш пен түтін құбыр өткізгіш секциясын орнату;
қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу;
радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу;
амортизаторларды бекіту;
трансмиссияны орнату;
алдыңғы және артқы аспаларды және жарты осьтерді орнату;
рульдік басқаруды алдыңғы доңғалақ күпшелерімен қосу;
тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
тез бұзылатын орындарды консервациялау;
моторлы көлік құралын сынақтан өткізу.
Жылдық көлемі 10000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ, мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау;
салон элементтерін; құралдар панелін, салон шыныларын және алдыңғы әйнегін орнату; қозғалтқышты орнату және бекіту; қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу;
радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу, амортизаторларды бекіту; трансмиссия элементтерін монтаждау; алдыңғы және артқы аспаларды орнату;
рульдік басқаруды монтаждау;
алдыңғы доңғалақ подшипниктерінің тартпаларын орнату және реттеу;
рульдік басқару жүйесін; тежегіш жүйесін, гидрожанасқышты толтыру және айдау;
фараларды, алдыңғы және артқы дабыл шамдарын орнату және қосу;
бәсеңдеткіш пен түтін құбыр өткізгіш секциясын орнату;
жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;
генератор және көтеру тартпасының созылмалылығын реттеу;
шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторды орнату және қосу;
қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;
тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
моторлы көлік құралын сынақтан өткізу
Показать изменения
8705 20 000
Автобұрғылау
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу
операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
8705 90
Өзге де арнайы мақсаттағы қозғалтқышты көлік құралдары, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сендіру көлік құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетін және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
бөлшектерді механикалық өңдеу; бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8706-8707 **
8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған шассилер; 8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (кабиналарды қоса алғанда)
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95%-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, үшінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан, төртінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 75%-ынан аспауы тиіс».
Показать изменения
8708
8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарының бөліктері және керек-жарақтары
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, үшінші жылы -құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан, аспауы тиіс
Показать изменения
8716
Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; басқа да өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; 8716 39 800; 8716 90 тауарлық позицияларын қоспағанда, олардың бөліктері
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90 %, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 % аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дөңгелектер осьінде рессорлардықондыру,
- рамаға арба сүйенішін орнату;
- буферлерді, бамперлерді, кронштейндерді орнату және бекіту, алдыңғы фонарлар мен нөмірлік белгіні бекіту, сақтандырғыш тіректі орнату;
- оталғышты орнату және бекіту, дөңгелектерді жинау және оларды арба осьінде орнату;
- тұратын тежегішті орнату;
- ресиверді, пневматикалық таратқышты орнату және жинау, құбырды қосу;
- магистралдық пневматикалық тежегіш жүйесінің фильтрын орнату, герметикалығына пневматикалық тежегіш жүйесін,сынау, тежегіштерді реттеу, шанақты жинау және дәнекерлеу, рама кронштейндерді дәнекерлеу;
- шанақты көтеретін теңгеруші мен гидроцилиндірді орнату және жинау, гидравликалық құбырды қосу;
шассиге шанақты орнату;
- сақтандыру арқаның орнату, шанақтың түбіне гидроцилиндр тіректерін бекіту;
Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тiкұшақтар, ұшақтар); ғарыш аппараттары (жер серiктерiн қоса алғанда) және қосалқы орбиталық пен ғарыш зымыран тасығыштары
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 85 %-ынан аспауы тиіс, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 %-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- полимерлі-композициялық материалдардан жасалған ұшақтың бөлшектерін жасау,
- ұшақтың бөлшектерін механикалық өңдеу,
- ұшақтың бөлшектерін бояу, тегістеу және кептіру,
- құрастыру үдерісі: бұрғылау жұмыстары, пісіру, электр/радио жабдықтарын монтаждау,
- конструкторлық құжаттамада берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуат сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8803
8801 немесе 8802 тауарлық позицияларының ұшу аппараттарының бөліктері
Дайындау, ол кезде 8803 позицияның барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8804 00 000
Парашюттар, өзге де ротошюттер; (басқарылатын парашюттар мен парапландарды парашюттар-канаттар қоса алғанда) және ротошюттер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары:
Кез келген позицияның материалдарынан, соның ішінде 8804 00 000 позицияның өзге де материалдарынан дайындау Дайындау ол кезде 8804 00 000 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8805
Ұшу аппараттарына арналған бастау жабдығы; палубалық тежегіш немесе ұқсас қондырғылар; ұшқыш құрамға арналған жердегі жаттығу жабдықтары; олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде 8805 позицияның барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8805 10
Ұшу аппараттарына арналған бастапқы жабдық және олардың бөлшектері; палубалы тежегіш немесе ұқсас қондырғылар және олардың бөліктері
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу
операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау