Ет және ет өнімдеріндегі ластағыштардың санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау уәкілетті органдары белгілеген гигиеналық нормалардан және рұқсат етілген деңгейден асуына жол берілмейді.
39. Етті және сойылған өнімдерді қайта өңдеу цехында осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес температуралық-ылғалдылық режим сақталады.
40. Ет және ет өнімдерін өндірген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес су қолданылады.
Объектілерде ауыз су жүйелері мен айналмалы сумен жабдықтау жүйелерін тоғыспалы түрде қосуға жол берілмейді.
41. Өндіруде (дайындауда) ет және ет өнімдеріне ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізу үшін өндіру (дайындау) объектілерінде өндірістік бақылау бөлімшелері ұйымдастырылады.
42. Ет өнімдерін өндіру өнімнің қауіпсіздігін және нормативтік құжатпен белгіленген тағамдық құндылығын қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен бекітілген рецептураларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тағамдық қоспалар сәйкестік сертификатымен бірге жүреді және белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының технологиялық нұсқауларына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылады.
43. Отандық және импорттық өндірістің ет шикізаттары өнеркәсіптік қайта өңдеуге ветеринарлық ілеспе құжаттармен бірге қабылданады.
44. Технологиялық процестер:
1) қосымша өнімдерден және қаннан дайындалатын өнімдерді оқшауланған үй-жайда әзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс. Шұжық өндірісінде қолданылатын қосымша өнімдерді мұздан еріту, сұрыптау және жуу тоңазытқыштың мұздан еріту камерасында, ал ол болмаған жағдайда шұжық цехының бөлек үй-жайында;
2) шартты-жарамды ет пен қосымша өнімдерді шұжық және аспаздық цехтардың өндірістік үй-жайларында пісіру арқылы зарарсыздандыру мүмкіндігін болдырмауды;
3) шұжық цехының термиялық бөлімшесіне өндірістік үй-жайлар арқылы отынды (үгіндіні, ағашты) беру мүмкіндігін болдырмауды;
4) тамақ өнімдерін шығаратын шұжық, аспаздық және басқа да цехтардың дайын өнімдерін орайтын ыдыстардың өндірістік үй-жайларды айналып өтіп, дәліз немесе экспедиция арқылы берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ыдыстардың тамақ цехтарында сақталуына жол берілмейді.
13. Ет және ет өнімдерінің қоймаларына, ыдысына, оралуына және
таңбалануына қойылатын қауіпсіздік талаптары
45. Шикізатты, дайын өнімді, буып-түю және қосалқы материалдарды сақтау үшін объектілерде қоймалық үй-жайлар жабдықталады.
Тағамдық шикізат пен қосалқы материалдарды сақтау үшін ағаштан жасалған стелаждар мен сөрелер пайдаланылады, оларды еденге төсеуге жол берілмейді. Барлық қоймалық үй-жайларды таза ұстау керек және кезең-кезеңмен дезинсекция және дератизация жасалуға тиіс.
46. Жабдық, мүкәммәл мен ыдыс тағамдық өнімге байланысты қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалады және қажетті нормативтік және техникалық құжаттамасы болуға тиіс.
Ет өнімдерін салуға дейін жабдықтар, көлік құралдары және ыдыс санитарлық өңделуден өтеді.
47. Ет және ет өнімдерін орау, таңбалау «Орау, таңбалау, заттаңба жапсыру және оларды дұрыс жапсыру талаптары» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
14. Жануарларды, ет және ет өнімдерін тасымалдауда көлік құралдарына,
тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
48. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарына және/немесе контейнерлерге мынадай талаптар қойылады:
олардың жас өніммен жанасатын ішкі жақ жоғары беті немесе басқа бөліктері өнімнің органолептикалық қасиеттеріне және халықтың денсаулығына әсер етпейтін шірімейтін металдардан жасалады тегіс, жеңіл тазаланатын және дезинфекцияланатын болуы тиіс;
өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз етуі және сұйықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуға тиіс;
ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшаның төрттен бір бөлігін тасымалдау үшін олар ет еденге тимейтін биіктікте орнатылған ілінетін жас ет үшін шірімейтін күршектермен жабдықталады;
көлік құралдарын немесе контейнерлерді онда тірі жануарларды немесе түрлі басқа жүкті тасымалдағаннан кейін ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолдануға жол берілмейді.
49. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолданылатын көлік құралында санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық-санитарлық (санитарлық) ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.
15. Сәйкестікті растау
50. Ет өнімінің сәйкестігін растау қауіпсіздік көрсеткіштерінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін міндетті түрде, сондай-ақ оның тұтыну қасиеттерін нақты өнімге стандарттар және рецептуралар талаптары мен нормаларын бағалау үшін ерікті түрде жүзеге асырылады.
Ет тағамдарының осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) дайындаушының сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
2) өтініш берушінің заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатын алуы.
16. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
51. Сынақтар мен өлшемдер әдістерін, сондай-ақ сынақтар мен өлшемдер жүргізу үшін үлгілерді іріктеу қолданыстағы стандарттарға, оның ішінде Техникалық регламенттің 2-қосымшасына сай үйлестірілген стандарттарға сәйкес және ветеринарлық-санитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен және ережелермен жүзеге асырылады.
17. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
52. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Ет және ет өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
1-қосымша
Ет өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
температуралық және ылғалдылық режимдер
Үй-жай | Ауа температурасы, 0С | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы % |
1 | 2 | 3 |
Жарты, ширек ұшалардағы және кесектердегі етті жібітуге арналған камера | | |
шұжық өндірісі үшін | 16-20 | 90-95 |
жартылай фабрикаттар мен ораулы ет өндірісі үшін | 8 | 85-90 |
Салқындатылған жүктерді жинауға арналған үй-жай (жарты ұшадағы, блоктар, қосымша) | 4 | 90 |
Ет бөлу цехы, машиналық зал және шприц цехы, котлет цехы, ораулы ет өндірісі, кесектер мен жартылай фабрикат | 12 | 70 |
Сан етін дымқыл және құрғақ тұздау бөлімшесі | 4 | 85 |
Фаршты жетілдіру бөлімшесі | 2-4 | 85-90 |
Шұжық басылатын камера | | |
жартылай ысталған | 8 | 85-90 |
пісіріліп ысталған | 8 | 85-90 |
шикілей ысталған | 4 | 85-90 |
Жартылай ысталған, пісіріліп ысталған және шикілей ысталған шұжықтарға арналған кептіретін | 12 | 75 |
Пісірілген шұжықты ауамен салқындататын камера | 2-8 | 90-95 |
Шұжықты сақтауға арналған үй-жай | | |
пісірілген | 0-8 | 85-90 |
пісіріліп ысталған | 12-15 | 75-78 |
ысталған шұжық өнімдері | | |
ілулі күйде | 12-15 | 75-78 |
буып-түйілген күйде | 0-4 | 75 |
Бөлімше | | |
тағамдық қан жинау және өңдеу | 17-18 | 75 |
19-20 | 75 |
26-дан аспайды | 65 |
ұшаны ішкі мүшелерден тазалау қосымша өнімдерді өңдеу | 17-18 26-дан аспайды | 75 |
қосымша өнімдерді өңдеу (жүнді) | 16-18 | 75 |
Цех | 25-тен аспайды | |
тағамдық ерітілген май | 17-19 20-22 27-ден аспайды | - |
Термиялық бөлімше | 18-20 20-22 24-тен аспайды | - - - |
өкпе-бауырдан жасалатын шұжық өндірісі | 18-20 20-22 27-ден аспайды | 75 75 60 |
техникалық өнімдердің аппараттық цехы | 22-24 24-25 27-ден | 75 70 60 |
техникалық өнімдердің шикізат цехы | 17-20 20-22 26-дан аспайды | 75 75 65 |
Техникалық ерітілген май цехы | 17-19 20-22 27-ден аспайды | 75 75 60 |
Техникалық альбумин өндірісінің бөлімшесі | 18-22 22-23 27-ден аспайды | 75 75 60 |
Ескертпе:
температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың бірінші мәні суық кезең үшін, екіншісі - ауыспалы, үшіншісі - жылы.
«Ет және ет өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
2-қосымша
Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
1. Ет және ет өнімдері. Орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау.
2. Ет және ет өнімдері. Қабылдау ережесі және сынау әдістері.
3. Ет және ет өнімдері. Жалпы техникалық шарттар.
4. Ет және ет өнімдері. Сапа көрсеткішін анықтаудың органолептикалық әдісі.