2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына толуына байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;
6) 61-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың екi пайызына, еңбек өтілінің әр жылы үшiн бiр пайызына көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың бiр пайызына көбейтiледi.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың алпыс бес пайызынан асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.»;
7) 62-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен есептеп шығарылады.»;
8) 63-баптағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 64-бапта:
1, 2 және 3-тармақтардағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«прокуратура органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;».
10) 65-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызметтегi өтілі он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.»;
11) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.».
23. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат, № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; терiс себептер бойынша мемлекеттiк, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әдiлет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейiн үш жыл бойы адвокат бола алмайды.».
24. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 7, 54-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәліметтерді табыс етеді.
Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бірге тұратын адамдар танылады.».
25. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2001 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат):
35-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiмет осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.».
26. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) арнайы мемлекеттік мұрағат - мұрағат мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;»;
2) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.».
27. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағындағы «әскери қызметшілері» деген сөздер «қызметкерлері» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат, № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):
1) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;»;
2) 7-баптың үшiншi бөлiгінiң 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль AЭC-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептiк көрсеткiш;».
29. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 4-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган террористік ұйымдардың, сондай-ақ олардың әрекет ету қағидаттары мен әдістерін насихаттайтын жекелеген адамдардың тарапынан Қазақстан Республикасының мүдделері мен қауіпсіздігіне келтірілетін нұқсанды болдырмау мақсатында барлау қызметін жүзеге асырады.».
30. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.».
31. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
3-баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудағы қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрiлердiң тәжiрибелiк үлгiлерiн әзiрлеу, жаңғырту жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудан алып тасталған қару-жарақты, әскери техниканы және оқ-дәрiлердi кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою;»;
«5) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшiн әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару кiредi.».
32. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Күзетілетін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;»;
2) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Елді мекендердің шегіндегі және олардан тыс жерлердегі қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар режимдік аумақтардың аймақтары болып табылады.».
33. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi - қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.».
34. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат, 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.»;
2) 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу;».
35. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
15-баптың 1-тармағындағы «ішкі iстер органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдардың және ішкі iстер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдары, Республикалық ұлан, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi, әскери прокуратура органдары;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.».
37. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот экстремистік ұйымдарға қатысушылар немесе экстремистік әрекеттер жасады деп таныған адамдарға мемлекеттік қызметке, әскери қызмет пен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіруде шектеу қойылуы мүмкін.».
38. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған қылмыстар бойынша анықтау ісін жүргізу;