3) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қалыптастыру және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметтік тұрғын жайлар болады. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын жайлар жекешелендіруге жатпайды.»;
4) 13-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.» деген сөздер «берілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері құқылы.»;
5) 67-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 74-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;»;
7) 101-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызмет өткерген кезеңде сол елді мекенде қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі он жыл қызмет өтілінен кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен шығарылған кезде - қызмет мерзіміне қарамастан оны жекешелендіруге (әскери қалашықтардағы, шекаралық заставалардағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғын жайларды қоспағанда) құқылы.
Мұндай тұрғын жайларды оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда орналасуының салдарынан жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайларда, жекешелендіру құқығы басқа жерлерден сатып алу (салу) үшін тиісті тұрғын жайдың құнымен өтеледі.
Күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.»;
8) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:
«13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктері
101-1-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын жайға құқықтарын іске асыру
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын жайға құқықтарын іске асыру осы Заңда белгіленген тәртіппен олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап тиісті арнаулы мемлекеттік органға бөлінетін мемлекеттік бюджет қаражатынан олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін ай сайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын жай алаңына тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін көбейту арқылы айқындалады. Тұрғын жай алаңы отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейлі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына оларды аудару жолымен ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Арнаулы мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әрбір қызметкері тұрғын үй төлемдерін төлеу үшін жеке арнайы шотты дербес ашады және оған қызмет көрсетеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін арнаулы мемлекеттік орган олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы тұрғын жайда тұру құқығын және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығын сақтайды.
5. Әскери қызмет өтілі он жылдан кем қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж, бірақ 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтен босатылған кезде, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілсе, қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылық шегеріле отырып, оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызмет етудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен босатылған кезде оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылығы шегеріліп, қызмет өткерудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
Егер қызмет өткеру кезеңінде пайда болған сырқат қызметкерлердің қызметтен босауына себеп болып табылса, қызметтен босатылу сәтінде іс жүзінде аударылған сома шегеріле отырып, еңбек сіңірген күнтізбелік жиырма жылына тең мерзім ішінде оларға тұрғын үй төлемдері аударылады.
8. Тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де шалғай объектілерде қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері оны жекешелендіру құқығынсыз осы өңірде қызмет өткеру кезеңіне осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің осы санаттарына тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес жүргізіледі.
101-2-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар
1. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үйге мұқтаж мынадай:
1) жоғары оқу орындарын бітірген және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған байланысты алғашқы арнаулы атақ алған;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан;
3) қызметке запастан шақырылғандар немесе қызметке ерікті түрде келгендер және арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшартты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан қызметкерлері;
4) арнаулы қызметтің жалпы ұзақтығы келісімшарт бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылды құрайтын прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар);
5) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар) жатады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылса, онда заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған олардың біреуіне ғана тұрғын үй төлемдері жүргізіледі.
101-3-бап. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздері
Тұрғын үй төлемдері:
1) қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған;
2) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесінен айырылған;
3) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.
101-4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары
Тұрғын үй төлемдерін алушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнаулы есеп шоттағы қаражатты:
1) ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды меншікке алу;
2) қаражатты тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алу мақсатында тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін пайдалану;
3) қаражатты бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу үшін пайдалану;
4) қаражатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
5) қаражатты тұрғын үй меншік иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
6) қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары түріндегі жинақтарды толтыру үшін пайдалану;
7) қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану мақсаттарында пайдаланады.
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтары
Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері:
1) жыл сайын қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органда өзінің жеке арнайы шотына аударылған қаражат туралы мәліметті талап етуге;
2) жеке арнайы шотқа пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға;
3) қызмет өткеретін жеріне қарамастан Қазақстанның кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін мақсаты бойынша пайдалануға;
4) арнаулы мемлекеттік органның және жеке арнайы шот ашылған банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына ауыстыруға құқылы.
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің міндеттері
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілерінде тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі жойылған кезде бұл туралы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі жойылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
3) оларды арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жеке арнайы шоты ашылған екінші деңгейдегі банк арасында жасалған шартқа сәйкес осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға міндетті.
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол сұғылмаушылық кепілдіктері
Төлем алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері бюджетке алып қоюға жатпайды, кепілге қою немесе иесінің немесе басқа да адамдардың міндеттемелері бойынша өзге де ауыртпалық нысаны болып табылмайды.
101-8-бап. Қызмет өткеру кезінде қаза табуына немесе қайтыс болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері отбасы мүшелерінің құқықтары
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты олар жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайда, олардың отбасы мүшелері жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте, мұндай қызметкерлердің жеке арнайы шоттары жабылады.
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, 1 шаршы метр үшін тиісті қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген баға бойынша тұрғын үйдің пайдалы аумағының нормасымен ол қайтыс болған кездегі отбасы құрамына тиісті сатып алу құнына тең мөлшерде бір жолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.
101-9-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелері
Осы Заңның мақсаттарында арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) кәмелетке толмаған балалары;
3) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегізден асқан балалары жатады.».
19. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
16-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi органдағы, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерiндегі лауазымдардың бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.».
20. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж. № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың үшінші және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру дайындығы - бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi тұрақты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшіруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi»;
«Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегі және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары;»;
2) 4-баптың 3), 4), 8), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;»;
«8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;»;
«15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;
16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;»;
3) 7-баптың 13) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың және Қазақстан Респуликасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргізілуіне бақылау жасауды ұйымдастырады»;
«16) Қазақстан Республикасының ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмылдыра өрiстету және жұмылдыру іс-шараларын орындау жөнiнде әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткiзудi ұйымдастырады;»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жызылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.»;
5) 16-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.».
21. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 11-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;
4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;»;
2) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жызылсын:
«4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төменгі күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.».
22. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;
2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;
3) 11-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) арнаулы мемлекеттік орган қызметкері зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс мерзімде;»;
4) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
5) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екi жыл алты айын әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.