50. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тиiстi белгi енгiзiлген күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын тоқтата тұру күнi болып есептеледi. Кеме куәлiгiне белгi енгізу өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшінде жүргiзiледi.
51. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм iшiнде оның бортында осы құқықтың тоқтағандығы туралы белгi қойылған кеме куәлiгi болуы тиiс.
52. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм ішінде кемеге құқықтарды, шектеулердi (ауыртпалықтарды) осы Ережеге сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлімiне тiркеудi жүргiзу жалғастырылады.
53. Кеменi жалға алу шартының күшi тоқтаған немесе уәкілеттi органның рұқсатында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне «Өзгертулер туралы белгiлер» бағанына кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде тиiстi жазба енгiзiледi және осы Ережеде белгiленген тәртіппен жаңа кеме куәлiгi беріледi.
54. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi осындай құқықты растайтын және кеме Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелгенге дейiн, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа жарамды кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк (бұдан әрi уақытша куәлiк) (11-қосымша) берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiнiң лауазымды тұлғасы қажеттi құжаттарды алған кезде есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Уақытша куәлiк бергенi туралы әрбiр жазба тiркеу нөмiрiмен сәйкестендiріледi. Мұндай нөмiр құжаттарды қабылдаған кезде берiледi және қабылдаған құжаттардың кiрiс нөмiрiне сәйкес келедi. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн уақытша куәлiк бередi. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi берiлген уақытша куәлiк туралы он күн ішінде уәкiлеттi органға уақытша куәлiктiң көшiрмесiн қоса бере отырып, хабар жібередi.
55. Қазақстан Республикасынан тыс жерден сатып алынған кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркеу болжанып отырған тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық уәкiлеттi органына кеменi мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш ұсыну бойынша осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 56 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
56. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiн және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілiмiн жүргiзудi аумақтық уәкiлеттi органдар қағаз және электронды тасымалдаушылармен жүзеге асырады.
Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгілейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 56-1- тармақпен толықтырылды
56-1. Аумақтық уәкiлеттi орган Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен мынадай кеменi шығарады:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа өзгерістер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
4) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 56-2- тармақпен толықтырылды
56-2. Зақымдалған кеме осы Ереженiң 37-6-тармағының талаптарына сәйкес келгенде конструкциялық жағынан күйреген деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 56-3- тармақпен толықтырылды
56-3. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығару кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi. Өтiнiшке онда баяндалған фактiлердi растайтын құжаттар, сондай-ақ құқық белгілейтiн құжаттармен бiрге өзен кемесiн мемлекеттік тiркеу кезiнде берiлген куәлiктер қоса берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 56-4- тармақпен толықтырылды
56-4. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiсiнше тiркелген аумақтық уәкiлеттi орган кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғауға тиiстi шаралар қолдануы үшiн кепiл ұстаушыға кеменiң немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығының тиiсті тiзiлiмнен алдағы уақытта шығарылатыны туралы хабарлама жiбередi. Олардың келісімi алынбаған жағдайда кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы кепiл ұстаушыларға хабарланғаннан кейiн үш ай өткен соң тиiстi тiзiлiмнен шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 56-5- тармақпен толықтырылды
56-5. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару, егер кеменiң барлық тiркелген ипотекалары алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келісімi алынған жағдайда ғана жүргiзiледi.
Аумақтық уәкiлеттi орган тиiстi тiзiлiмге шығару туралы жазба енгiзедi және Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығарылғандығы туралы куәлiк (11-1-қосымша) бередi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 56-6- тармақпен толықтырылды
56-6. Кеменi экипажсыз (бербоут-чартер) жалдау шартымен қазақстандық жалға алушыға пайдалануға және иелiк етуге берiлген шетел кемесi мынадай жағдайда жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнен шығарылады:
1) кеменi жалға алу шартының (бербоут-чартердiң) қолданылуы тоқтаған;
2) кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi аяқталған;
3) уәкiлеттi органның кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы шешiмiнiң күшi жойылған.
Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзілiмiнде тiркелген шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi өткенге дейiнгi бiр айдың iшiнде аумақтық уәкiлеттi орган қазақстандық жалға алушыға тиiсті хабарлама жiбередi.
Қазақстандық жалға алушы кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне енгiзiлген аумақтық уәкiлеттi органға тиiсті куәлiкті қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 57 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
57. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлермен жүзеге асырылады:
1) Жоғары Ертіс бассейнiне - «ВИ»;
2) Орал бассейнiне - «У»;
3) Iле бассейнiне - «И»;
4) Балқаш бассейнiне - «Б»;
5) Есіл бассейнiне - «Иш»;
6) Сырдария бассейнiне - «С»;
7) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймалары) - «Ц».
Жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне «А» әрпi қосылады.
58. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерiне, сондай-ақ сандық литер қосылады:
1) Өскемен учаскесi - «ВИ-1»;
2) Семей учаскесi - «ВИ-2»;
3) Павлодар учаскесi - «BИ-3»;
4) Орал учаскесi - «У-1»;
5) Атырау учаскесi - «У-2»;
6) Астана қаласы учаскесi - «Иш-1»;
7) Петропавл учаскесi - «Иш-2»;
8) Қарағанды учаскесi - «Ц-1»;
9) Қостанай учаскесi - «Ц-2».
59. Кемелерге берiлген тiркеу нөмiрлерi мен олардың литерлiк белгiлеуi (әріптiк және сандық) кеменің алдыңғы жағының екi бортына оның атауынан (нөмiрiнен) жоғары жазылады. Бұл ретте кеменің атауын (нөмiрiн) жазу өз өлшемдерi бойынша оның тiркеу нөмiрi мен литерлiк белгiлеуiнен iрілеу болуға тиiс.
Кеменің алдыңғы жағында басқа жазуларға рұқсат етiлмейдi.
4. Шағын өлшемді кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 60 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
60. Шағын өлшемдi кеме оған тіркеу нөмiрi берiле отырып, кеме кiтабында мемлекеттік тiркеуге жатады.
Кеме кiтабын жүргiзудi аумақтық уәкiлеттi органдар қағаз және электронды тасымалдаушылармен жүзеге асырады.
Кеме кiтабын жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
61. Тiркелген әрбiр шағын өлшемдi кемеге тiркеу карточкасы ашылады.
62. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
63. Заңды тұлғалар меншiк түрiне қарамастан, аумақтық уәкiлеттi органда өздерiне тиесілi шағын өлшемдi кемелердi, олардың техникалық жай-күйiне, жыл мезгілiне және кеменiң тұрақтану орнына қарамастан, сатып алу (алу), жасау немесе оларды қайта тiркеуге әкеп соқтыратын жағдайлардың туындау сәтiнен бастап 10 тәулiк iшiнде тiркеуге (қайта тiркеу) тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-1- тармақпен толықтырылды
63-1. «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда шағын өлшемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тартылуы мүмкін.
Бас тарту туралы шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік тiркеуге ұсынған кеме иесiне бас тартудың негiздемесi көрсетiле отырып жазбаша түрде хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-2- тармақпен толықтырылды
63-2. Шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік тiркеу орны шағын өлшемдi кеменiң меншік иесінің шағын өлшемдi кеме мемлекеттік тiркеуде тұрған аумақтық уәкілеттi органға және шағын өлшемдi кеме жаңадан мемлекеттік тiркелген орынның аумақтық уәкілетті органына жiберілетін өтініші (еркiн нысандағы) негiзінде өзгертілуi мүмкiн. Бұл ретте шағын өлшемдi кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органына жiберiлетiн өтiнiште шағын өлшемдi кеменің ауыртпалығы туралы мәлiметтер көрсетіледi.
Шағын өлшемдi кеменің мемлекеттік тiркеу орны өзгерген кезде шағын өлшемдi кеме бұрын мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілеттi органы шағын өлшемдi кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органына шағын өлшемдi кеменің ауыртпалығы туралы ақпаратты көрсете отырып, тiркеу карточкасын бередi. Шағын өлшемдi кеменiң мемлекеттік тiркеу орнын алдағы уақытта өзгерту туралы шағын өлшемдi кеменің меншiк иесi тiркелген ипотеканың немесе шағын өлшемдi кеменiң осындай сипаттағы өзге де ауыртпалықтарының кепiл ұстаушысына хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-3- тармақпен толықтырылды
63-3. Кеме iсiн алған аумақтық уәкілетті орган шағын өлшемдi кемеге жаңа реттік тiркеу нөмiрiн бередi және шағын өлшемдi кеме бұрын мемлекеттік тiркелген орында жүргiзiлген кеме кiтабында қамтылған барлық мәлiметтердi осы Ережеге сәйкес шағын өлшемдi кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнында жүргiзiлетiн кеме кiтабына енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-4- тармақпен толықтырылды
63-4. Шағын өлшемдi кеменiң мемлекеттік тiркелген орнын өзгерту туралы өтiнiшпен бiрге шағын өлшемдi кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органын теңiз, өзен және шағын өлшемді кемелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-5- тармақпен толықтырылды
63-5. Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептің салдарынан шағын өлшемдi кеме кеме кiтабына бұрын енгiзiлген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-6- тармақпен толықтырылды
63-6. Шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік қайта тiркеу үшiн аумақтық уәкілеттi органға осы Ереженiң 66-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік қайта тiркеу туралы өтiнiш беру қажет.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-7- тармақпен толықтырылды
63-7. Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік қайта тiркеу осы Ереженiң 63-тармағында көрсетілген мерзiмде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 63-8- тармақпен толықтырылды
63-8. Шағын өлшемді кеменің ипотекасын аумақтық уәкiлеттi орган шағын өлшемді кемеге меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн кепiл берушiнiң өтiнiшi негiзінде шағын өлшемді кеме тіркелген кеме кiтабында тiркейдi.
Шағын өлшемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште мыналар көрсетiлуі тиіс:
1) ипотекаға кепiл берушінің аты мен мекен-жайы;
2) ипотекаға кепiл ұстаушының аты мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;
3) екі немесе одан да көп шағын өлшемдi кемелерге ипотека белгiлегенде ипотекамен қамтамасыз етілген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшері - тараптардың ол туралы келісімi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбір шағын өлшемді кеме қамтамасыз ететін мөлшер;
4) шағын өлшемдi кеме ипотекасының аяқталу күнi.
Шағын өлшемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшке шағын өлшемді кеменiң ипотекасы туралы шарт осындай шартта көрсетiлген құжаттармен қоса беріледі.
Шағын өлшемдi кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш алынған күні тiркеледi.
Шағын өлшемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кезiнде бұл туралы кеме құжаттарына қандай да бір жазбалар енгізу талап етілмейді.
Шағын өлшемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу шағын өлшемдi кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк (10-2-қосымша) берумен куәландырылады.
Шағын өлшемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым өндiрiп алынады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 64- тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
64. Шағын өлшемдi кемелер заңды тұлғаларға олардың тұрақты болу орны бойынша тiркеледi. Азаматтардың жеке меншiгіндегi кемелер иесiнiң атына оның тұрақты тiркелiм орны бойынша тiркеледi.
65. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу және есепке қою кезiнде оның иесi немесе оған сенiмхаты бар тұлға төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат көрсетуге мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 66 - тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
66. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу мыналарды ұсыну бойынша жүргiзiледi:
кеменiң негiзгi техникалық деректерi, оның тұрағының орны, атауы және заңды мекен-жайы, тегi, аты, әкесінiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, иесiнiң жұмыс орны көрсетілетiн иесiнiң жазбаша өтiнiшiн;
кемелердің не, егер кеме өз күшiмен жасалған болса, материалдардың алынғанын немесе сатып алынғанын растайтын құжаттарды (шоттар, дүкендердің тауарлық чектерi, материалдарға анықтамалар, сатып алу-сату шарттары, сыйға беру кесiмдерi, мұраға алу туралы куәлiктер, сот шешiмi және т.б.);
теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тіркегені үшiн бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжатты;
зауытта жасалған кеменiң техникалық паспортын және оларды сатқандығы туралы сатушы ұйымның белгiсiмен қозғалтқыштың техникалық паспортын, ал жеке жасалған немесе қайта жабдықталған кемелер үшiн - уәкілеттi органның нормативтерi мен техникалық талаптарына сәйкес кеменi жасауға құжаттар мен техникалық құжаттаманы.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 67 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
67. Өзi жүзетiн шағын өлшемдi кеменi тiркеген кезде оған тiркеу нөмiрi беріледi және кеме иесiне кеме билетi (12-қосымша) тапсырылады. Берiлген тiркеу нөмiрi орыс әліпбиінің үш әрпiнен (литерiнен) және төрт саннан тұрады.
Бiрiншi әрiп - «К», Қазақстан Республикасына тиесiлiлiгiн білдiредi, екiншiсi және үшiншiсi уәкiлеттi орган анықтайтын тәртіппен белгiленедi және тiркеген облысты, қаланы білдiредi. Сандар Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген реттiк нөмiрiне сәйкес болады.
Әрбiр серия 0001-ден 9999-ға дейiнгi төрт таңбалы нөмiрлерден тұрады және флоттың 9999 бiрлiгiн қамтиды.
ҚР Үкіметінің 200.30.03 № 278 Қаулысымен 68 - тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
68. Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша тiркеу нөмiрлерiн белгiлейдi:
1) Ақмола облысы КАМ 0001-ден 9999 дейiн
2) Астана қаласы КАС 0001-ден 9999 дейiн
3) Ақтөбе облысы КАК 0001-ден 9999 дейiн
4) Алматы облысы КАЛ 0001-ден 9999 дейiн
5) Алматы қаласы КАА 0001-ден 9999 дейiн
6) Атырау облысы КАТ 0001-ден 9999 дейiн
7) Шығыс Қазақстан облысы KBK 0001-ден 9999 дейiн
8) Жамбыл облысы КДЖ 0001-ден 9999 дейiн
9) Қарағанды облысы KKP 0001-ден 9999 дейiн
10) Қызылорда облысы ККО 0001-ден 9999 дейiн
11) Қостанай облысы ККУ 0001-ден 9999 дейiн
12) Маңғыстау облысы КМН 0001-ден 9999 дейiн
13) Павлодар облысы КПВ 0001-ден 9999 дейiн
14) Солтүстiк Қазақстан облысы КСК 0001-ден 9999 дейiн
15) Батыс Қазақстан облысы KУP 0001-ден 9999 дейiн
16) Оңтүстiк Қазақстан облысы КЧМ 0001-ден 9999 дейiн.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 69 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
69. Өз бетiмен жүзбейтiн шағын өлшемдi кемелердi (ескектi, желкендi, үрмелi кемелер, байдаркалар, салдар және жалға алынатын жүзгiш құралдарды) тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiледi және кеме иесiне кеме билетi (13-қосымша) тапсырылады, бір «Г» әрпінен тұратын литер және кеме кiтабы бойынша реттiк нөмiр, сондай-ақ нөмiрдiң боялған түсi белгіленедi.
Жалға алынатын жүзгiш құралдарға бiр «П» әрпiнен тұратын литер, аңшылар және балықшылар қоғамы үшiн бiр «Р» әрпiнен тұратын литер берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 70 -тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
70. Тiркеу нөмiрi шағын өлшемдi кеменiң екi бортына да салынады және форштевеннен корпус ұзындығының 1/4-iне тең қашықтықта орналастырылады. Бояу жуылмайтын және корпустың түсiне қарама-қарсы түстi болуы тиiс. Әрiптер мен сандарды бір жолда жазады. Олардың биiктiгi кемiнде 100-150 мм, ал ені тиiсiнше 15-20 мм болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 71-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
71. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу мұрагерлiкпен берiлген шағын өлшемдi кемелердi қоспағанда, 18 жасқа толған тұлғалардың атына жүргiзiледi. Шағын өлшемді кеменi 18 жасқа толмаған мұрагерге тiркеген кезде тiркеу карточкасында ата-анасының немесе қамқоршысының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi және ата-анасының немесе қамқорлық органдарының келісімiнсiз есептен алуға тыйым салынатыны туралы жазба жасалады.
72. Екi немесе одан көп иелердiң меншiгіндегі шағын өлшемдi кемелер олардың келiсуi бойынша тек қана бiр иесiне тiркеледi, екiншi иесiне шағын өлшемдi кеменi басқару құқығына сенiмхат берiледi.
73. Жеке өзі жасаған шағын өлшемдi кемелердi тiркеу алғашқы куәландырылғаннан кейiн жобалау-техникалық құжаттаманың негiзiнде жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 1 - қосымша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTA№
ТЕҢIЗ КЕМЕСIНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТУЫ АСТЫНДА ЖҮЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF THE RIGHT SEA SHIP TO SAIL U№DER
THE STATE FLAG OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTA№
Қазақстан Республикасының Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме
тiзiлiмiне 200_ жылғы
«__»__________ № ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен ______________
кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменiң атауы (№ame of
ship)
астында жүзуге рұқсат етiлгенi куәландырылады.
This is to certify that accordi№g to the data e№tered i№to the State
Ship Register of the Republic of Kazakhsta№, the ship has bee№ authorized
to sail u№der the state flag of the Republic of Kazakhsta№.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме үлгiсi______________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sig№
3. HMO №____________________________________________________
IМО №
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place a№d year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Mai№ material used to co№struct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
№umber of sets a№d output of e№gi№es
8. 200_ «__» № ________ (кiммен) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша
басты мөлшерлерi
Pri№cipal dime№sio№s accordi№g to to№№age certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Le№gth
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________
Depth
Жалпы сыйымдылығы___________________________________________
Gross to№№age
Таза сыйымдылығы____________________________________________
№et to№№age
9. Егер ол бұрын шетел туы астында жүзген болса кеменің бұрынғы
атауы және бұрынғы тіркелу порты__________________________
__________________________________________________________________
The previous №ame of the ship if she sailed u№der foreig№
flag a№d her previous port of registry
Теңіз портының капитаны_____________________________________
Sea harbour Master
Қолы________________________________________________________
Sig№ature
Мөр_________________________________________________________
Seal
Күні________________________________________________________
Date
Серия хх № ххххххх
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 2 - қосымша өзгертілді ( бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIK OF KAZAKHSTA№
КЕМЕГЕ АРНАЛҒAH МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF OW№ER SEA SHIP
Қазақстан Республикасының Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме
тiзiлiмiне 200_ жылғы
«___» __________ № ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен кемесi
______________________________
(кеменiң атауы) (№ame of ship)
This is to certify that accordi№g to the data e№tered i№to the State
Ship Register of the Republic of Kazakhsta№, the ship
is ow№ed by
__________________________________________________________________
(соның негiзiнде құқық тiркелген иелер,
құжаттардың деректемелерi)
__________________________________________________________________
(ow№ers, particulars of the docume№ts where u№der the right
has bee№ registered)
тиесiлi екендiгi куәландырылады.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме үлгiсi______________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sig№
3. HMO №____________________________________________________
IМО №
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place a№d year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Mai№ material used to co№struct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
№umber of sets a№d output of e№gi№es
8. 200_ «__» № ________ (кiм) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша басты
мөлшерлерi
Pri№cipal dime№sio№s accordi№g to to№№age certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Le№gth
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________
Depth
Жалпы сыйымдылығы___________________________________________
Gross to№№age
Таза сыйымдылығы____________________________________________
№et to№№age
9. Егер ол бұрын шетел туы астында жүзген болса кеменің бұрынғы
атауы және бұрынғы тіркелу порты__________________________
__________________________________________________________________
The previous №ame of the ship if she sailed u№der foreig№
flag a№d her previous port of registry
Теңіз портының капитаны_____________________________________
Sea harbour Master
Қолы________________________________________________________
Sig№ature
Мөр_________________________________________________________
Seal
Күні________________________________________________________
Date