аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының:
1) өткізу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың ветеринариялық -санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темір жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың ветеринариялық -санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттік шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөніндегі ветеринариялық -санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
560-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары осы Кодекстің 307-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктер карантині жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отыз беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
560-1-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 309-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-2-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-2-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-2-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
560-2-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері осы Кодекстің 220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сексенге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 561-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 561-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 561-бап өзгертілді
561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 121, 124 (екінші бөлігінде), 276, 277, 278 (екінші бөлігінде), 279-281, 281-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік бассейндік (аумақтық) инспекторлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпыс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпысқа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 562-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 562-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 562-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
2-1) осы Кодекстің 121, 250, 252, 282, 283 (екінші бөлігінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 296-1, 297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 563-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 563-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 563-бап өзгертілді
563-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 118, 120, 121, 250-258, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 563-1 баппен толықтырылды
563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
564-бап. ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 565-бап жаңа редакцияда; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 565-бап өзгертілді
565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 147-2, 147-3, 147-4, 163-5-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 565-1-баппен толықтырлды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 565-1-бап өзгертілді
565-1-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-5, 147-6, 147-7, 147-8, 147-9, 186, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 565-2-баппен толықтырлды; 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 565-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
565-2-бап. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган
Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-1-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 566-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 566-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бірiншi бөлiгiнде), 164, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 496 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 567-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бірiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөніндегі қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен 567-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 173 (1-1, 4-1-бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 568-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 568-бап өзгертілді
568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бірiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бірiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бірінші бөлігінде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 569-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 569-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган
1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 570-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 570-бап өзгертілді; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 570-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде), 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205 - 208, 210 - 212, 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 215-218, 218-1 (бірінші - алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 219, 357-2 (бірiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-1- бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 570-1-бап өзгертілді
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бірiншi бөлiгiнде), 141, 161-1, 164, 169-1, 176 (бірiншi бөлiгiнде), 205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 206-2, 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен
(бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 571-бап өзгертілді
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.