13) республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргiзiлуiн бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14) тармақша жаңа редакцияда
14) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық және лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және жұмыстардың жүргізілуін тоқтата тұру қажеттігі туралы лицензиарға нұсқама жіберу жолымен шаралар қолдану туралы шешімдер қабылдау;
16) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап 17) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
17) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау жатады.
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) техникалық регламенттердi әзiрлеу;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
20) астананың әкімдігімен келісе отырып:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ астананың аумағында және қала маңы аймағында қала құрылысын регламенттеудің ережелерін;
бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, соның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу ережелерін;
астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын бекіту;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихаттары бекітер алдында оларды келісу жатады.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді
22) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тура» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық маңызы бар объектілер бойынша жыл сайынғы тексерулер жоспарын әзірлеу және бекіту.
21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
Облыстық мәслихаттардың тиiстi аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыс әкiмдiгi ұсынатын аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламалары құрамында орындалған әкiмшiлiк-аумақтық бөлінiс қарамағындағы аумақтық қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобаларының) кешендi схемаларын бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтаудың және күтіп-ұстаудың ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың облыс әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі облыстық комиссияларды құру және бекіту кiредi.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22-бап. Қалалық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда) мақұлдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) қала салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген, қала әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың қала әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қала әкімдігі ұсынатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережелерін бекіту;
4) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегi қалалық комиссияларды құру мен бекіту;
5) қалалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау мен күтiп ұстаудың аумақтық ережелерiн белгiлеу кiредi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1- тармақпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың бас жоспарының жобасын мақұлдау;
2) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
3) ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
4) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстаудың аумақтық ережелерін бекіту кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Халқының саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда), заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
2) ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
3) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстаудың аумақтық ережелерін бекіту кіреді.
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) қала әкiмдiгі ұсынатын қарамағындағы аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлер мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп ұстаудың аумақтық ережелерiн бекіту кiредi.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Астана мәслихатының қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, астанада құрылыс салу ережелерін бекіту кезінде астана аумағындағы жер учаскелерін игерудің қосымша шарттарын айқындау жатады.
23-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 23-1- баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
Аудандық мәслихаттардың тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) аудандық маңызы бар қалалардың және кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту;
2) қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекіту кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-бап. Облыс әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыс әкiмдiктерiнiң облыс қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамындағы облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
3) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлердi және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн облыстық мәслихаттың бекітуiне ұсыну;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
4) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;
5) республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгіндегі бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;
7) облыстық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі комиссиялар құруға ұсыныстар енгізу;
8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар объектілер бойынша жыл сайынғы тексерулер жоспарын әзірлеу және бекіту;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
11) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
12) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) тиісті аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын қамтамасыз ету;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14) облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
16) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18) берілетін лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
19) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан, лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыруға шет мемлекеттер берген лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); орыс тіліндегі мәтінде 2-тармақтың бірінші абзацында - «әкiмдерiнiң» деген сөз «әкiмдiктерiнiң» деген сөзбен ауыстырылды ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдары жөнінен облыстардың бас сәулетшілері болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 25- бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
2) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
4) қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
5) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қалалық ережелерін қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;