5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
19-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы бар. Бұл құқық иондаушы сәулелендiрудiң адам организмiне белгiленген нормалардан жоғарғы радиациялық әсер етуiне жол бермеу жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзу, сондай-ақ иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтардың және ұйымдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
20-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ақпарат алуға құқығы
Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың атом энергиясын пайдалану жөніндегі өкiлеттi мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңдарына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.
21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар.
2.2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред .қара)
3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге:
радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар;
ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар;
егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.
22-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар атом энергиясын пайдалануды реттейтiн заңдарды сақтауға, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен ережелердiң талаптарын орындауға мiндеттi. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында осы ұйымдардың лауазымды адамдардың талаптарын орындауға мiндеттi.
6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН
БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
23-бап. Радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарын бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР
24-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдарында бар нормалардан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының