291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
1. Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
1. Отты немесе өзге де қауiптiлігi жоғары көздердi ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды жою немесе зақымдау -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауiптi әдiспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимi бұзылып, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн қасақана зақымдау немесе жою, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара қолданбау
Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi адам өлiмiне, не адамдардың жаппай ауыруына, не қоршаған орта үшiн өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жүзден мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
12-тарау. Көлiктегi қылмыстар
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 295-бап өзгертілді
295-бап. Темір жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу
1. Темір жол, әуе, теңiз немесе су жолы көлiгi қозғалысы немесе пайдалану ережелерiн орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметiне байланысты осы ережелердi сақтауға мiндеттi адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
алты айдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрiнеу қауiп төндiрсе, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Темір жол, теңiз, өзен және әуе көлiгi құралдарының барлық түрлерi, оның iшiнде шағын өлшемдi теңiз және өзен кемелерi көлiк деп түсiнiледi.
296-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы
1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар басқа механикалық көлiк құралдары деп түсiнiледi.
297-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу
Көлiк құралын жүргiзушi және жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзған адамның осы Кодекстiң 295-бабында көзделген зардаптар болған жағдайда жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
298-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу
1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық күйiне жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, -
төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көлiк құралы иесiнiң немесе иеленушiсiнiң алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге мастық күйдегi адамдарды көлiк құралдарын жүргiзуге жiберуi, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 299-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
299-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлiк жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсiлмен пайдалануға жарамсыз күйге келтiру, сол сияқты көлiк коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге, не iрi көлемде залал келтiруге не көлiкпен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса -
төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз еседен асып түсетiн мөлшерде келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мөлшерде келтiрiлген залал iрi көлемдегi залал деп танылады.
300-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу
1. Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының (осы Кодекстiң 295, 296-баптарында аталған адамдарды қоспағанда) жол қозғалысы қауiпсiздiгi немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -
жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
Поезды стоп-кранмен не ауа тежегiш магистральдарын ажырату жолымен немесе өзге әдiспен қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату, егер бұл кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
302-бап. Көлiкте қолданылатын ережелердi бұзу
1. Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын және жолдарды және жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру үшiн жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiп қорғау және қозғалыс қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуы, егер ол:
а) iрi көлемде залал келтiруге;
б) орташа ауырлықтағы дене зақымын келтiруге әкеп соқса, -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Дәл сол тәртiп бұзушылық, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
303-бап. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу
1. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге не iрi залал келтiруге әкеп соқса, -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 304-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату, -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса;
б) бірнеше рет жасалса;
в) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, -
қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет:
а) қоршаған ортаны ластауға әкеп соқса;
б) ірі залал келтіруге әкеп соқса;
в) ұйымдасқан топ жасаса;
г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -
сотталған адамның мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 304-1-баппен толықтырылды
304-1-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату
1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын, белгіленген пайдалану режимінен ауытқуына әкеліп соққан не адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндірген, абайсызда зақымдау немесе қирату, -
айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге;
б) қоршаған ортаны ластауға;
в) ірі залал келтіруге;
г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
1. Теңiзде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзiнiң кемесiне, оның экипажы мен жолаушылары үшiн елеулi қауiп келтiрмейтiн болғанда, көмек көрсетпеуi -
екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Теңiзде немесе су жолында соқтығысқан кемелердiң бiрiнiң капитанының басқа кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданбауы абайсызда кеменiң опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, егер бұл шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей қолдану мүмкiн болса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
306-бап. Ұшудың халықаралық ережелерiн бұзу
1. Рұқсатта көрсетiлген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биiктiгiн сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерiн өзге де бұзу -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару
мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар
ҚР 23.07.99 ж. № 454-1 Заңына сәйкес ескерту өзгертілді; ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 307-бап өзгертілді; ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 307-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен 307-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан сегіз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшiлер жатады.
2. Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.
3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
4. Мемлекет қызметтерiн және мемлекеттік органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсiнiледi.
2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы Кодекстің 176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінің в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар, оларды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайларда, сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 308-бап өзгертілді; ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен 308-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)