Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 230-1-бапты;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;
2012 жылдың 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты:
«249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту
1. Салық органдары, егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.
2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.
Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік декларациялау үшін негіздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.
Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.
8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.»;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:
«250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
1. Мынадай тауарлардың:
1) жабдықтардың;
2) ауыл шаруашылығы техникасының;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
4) тікұшақтар мен ұшақтардың;
5) темір жол локомотивтері мен вагондардың;
6) теңіз кемелерінің;
7) қосалқы бөлшектердің;
8) пестицидтердің (улы химикаттардың);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтардың импорты бойынша қосылған құн салығы осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеушінің кейіннен өткізуге арналғандарын қоспағанда, мыналардан:
1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
2) бұрын импортталған тауарларды керi экспорт режимiнде әкеткеннен басқа әкелiнетiн тауарларына қатысты қолданылады.
3. Қосылған қүн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысанда үш дана етіп толтырылады.
Міндеттеме негізінде тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін және акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
5. Осы баптың 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.
5-1. Әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркiн айналыс үшiн шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.
6. Тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды қаржы лизингiне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн берген кезде де қолданылады.
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 73-құжат; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 21-22, 160-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;
3) «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
49-1-бап. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) темір жол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, кейіннен өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:
1) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада толтырылады;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
Міндеттеме негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді белгіленген тәртіппен төлеген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есепке жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.
Мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, осы бапта көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы тармақта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде қолданылады.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 50-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
50-бап. Егер лизинг берушi 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде шот-фактура жазбаған жағдайда, лизинг берушi қаржы лизингi шартына сәйкес алу мерзiмi 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталатын лизингтiк төлемдер сомасын негiзге алып, оған сыйақы мен қосылған құн салығының сомасын қоспай айналым мөлшерiн көрсете отырып, 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей шот-фактура жазуға мiндеттi болады деп белгiленсiн.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
51-бап.
1. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қаржы лизингiне берiлген мүлiк бойынша «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, босатылған айналым мөлшерiне «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген күннен бастап салық салынады деп танылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылы басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен, аталған бұзушылық болған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
4. Осы бапта көрсетiлген жағдайларда, лизинг берушi:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс қосымша шот-фактура;
қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс сыйақының есептелген сомасы бөлiгiнде қосымша шот-фактуралар жазып бередi.
5. Егер мүлiктi қаржы лизингiне 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн беру кезiнде шот-фактура жазылмаса, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдай басталған кезде лизинг берушi 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, салық салынатын айналымның мөлшерi барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасына негiзделiп көрсетiлетiн шот-фактура;
сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы көрсетiлетiн, сыйақысының есептелген сомасы бөлiгiнде шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi.
6. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын лизинг алушы осы бапта көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығын «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген, лизинг берушiнiң өткізу бойынша айналым жасау күнiне дәл келетiн нақ сол салық кезеңiнде есепке жатқызады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 52-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
52-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу айналымдары салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге 2009 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым аралығындағы кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде салықтық тексеру (қарсы тексерудi қоспағанда) жүргiзiлмейдi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 53-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшiншi абзацының және 52-бабының ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 260-бабының 2-1-тармағы күшiне енгенге дейiн өткізу айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған қосылған құн салығын төлеушiлерге қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 54-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
54-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 56-бабы 3-тармағының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«3. Патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 55-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген не казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, елдi мекендердiң автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген жерлерi, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген елдi мекендер жерлерiне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшін осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
1-1. Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген елдi мекендердiң жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттарға жататын жерлер осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге ғана қолданылады, ол бір мезгілде мынадай:
жобалау құжаттамасымен ғимараттың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген;
автотұрақтар (паркингтер) жалпы алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50 пайызынан аспайтын шарттарға сәйкес келеді.
2. Казино орналасқан елді мекендер жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшiн осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкалары азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 56-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
56-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1-тармағының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын:
«387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің
386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, осы Кодекстiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларының 50 пайызынан аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.».
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 100-ІV ҚРЗ