2. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы тәртіпті осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушілерді басқару органдары:
1) тұрақты негізде әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша алдын ала саралау жүргізу тәртібіне;
2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жасау тәртібіне;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдері мен мерзімдеріне;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.
43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға
қатысуының ерекше шарттары
Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ;2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен өзгертілді ; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге көрсетіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген субъектілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен жаңа редакцияда берілген 3 тармақ, 2011 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі (қолданыстағы редакцияны қара)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен жаңа редакцияда берілген 3 тармақ, 2011 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі
4. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін, көлемін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің аталған ұйымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген талапқа сай болуға тиіс.
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен отандық тауар өндірушілерден ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Егер отандық тауар өндірушілерден азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы мемлекеттік сатып алуды барлық әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілетін, осы Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.
9-тарау. Қорытынды ережелер
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылау органдарында:
1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі шағым жасауға жатпайды.
46-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттік сатып алу процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат; 2005 ж., № 6, 7-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 71-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 303-ІІІ ҚРЗ