4. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді. Мүлік электрондық аукцион өткізу арқылы өткізілмеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қолданылады. Бұл ретте мұндай мүліктен тыйым салу осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана алып тасталады.
3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтар
86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу
1. Дебиторлық берешектен өндіріп алу борышкердің осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешек мөлшерінде, бірақ өндіріп алынатын күнгі дебиторлық берешек көлемінен аспайтындай және сол шарттармен дебиторлық берешекті алу құқығының өндіріп алушыға ауысуынан тұрады.
2. Дебиторлық берешектен өндіріп алу:
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) өндіріп алушының келісімі болған кезде - дебитордың дебиторлық берешекті аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізуі (аударуы) арқылы;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өндіріп алушының келісімі болмаған немесе дебитор дебиторлық берешекті аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізбеген (аудармаған) кезде - дебиторлық берешекті сауда-саттық арқылы сату жолымен жүргізіледі.
3. Дебиторлық берешектен:
1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;
2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған шет мемлекетте тұратын;
3) дебитор таратылу процесінде тұрған;
4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен шығарып тасталған;
5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндіріп алынбайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану үшін сот орындаушысы өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы шығарады, онда дебитордың ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі көрсетіледі.
Өндіріп алуды дебиторлык берешекке қолдану туралы қаулы дебиторға және атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сот орындаушысының қаулысы дебиторды қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемені орындауға міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешектің туындауына негіз болған құқықтық қатынастарды өзгертуге тыйым салады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Дебитор дебиторлық берешектен өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын алған күннен бастап дебитордың тиісті міндеттемені орындауы қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақшаны енгізу (аудару) арқылы жүзеге асырылады. Дебитордың міндеттемені бұлай орындауы кредиторға тиісті орындау болып есептеледі. Дебитордың борышкерге қатысты құқықтары бұл ретте өзгермейді.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Дебитор сот орындаушысына және борышкерге аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша енгізгені (аударғаны) туралы дереу хабарлауға міндетті.
87-бап. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдардың дебиторлық берешегін анықтау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың дебиторлық берешегін анықтау үшін сот орындаушысы борышкерден, борышкердің контрагенті болып табылатын заңды тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан қажетті бухгалтерлік құжаттаманы талап етуге құқылы.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сот орындаушысы борышкердің дебиторлық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш жасауға құқылы.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Борышкер, мемлекеттік кіріс органдары, занды тұлғалар және заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Дебиторлық берешекті анықтауды маман жүргізуі мүмкін. Маманның қызметіне төленетін шығыстар атқарушылық құжатты орындау кезінде жұмсалатын шығыстарға қосылады.
5. Осы Заңның 98-бабында көрсетілген сомаларды төлеу туралы талаптардан өндіріп алуға болмайды.
88-бап. Ақшалай талаптарды өндіріп алу туралы қағидаларды алып тастау немесе шектеу туралы келісімдер
1. Осы Заңның 87-бабында белгіленген қағидаларды борышкер мен өндіріп алушының арасындағы келісім бойынша алып тастауға немесе шектеуге болмайды.
2. Ақшалай талаптан, тіпті егер атқарушылық іс жүргізудегі борышкер мен азаматтық-құқықтық міндеттемесіне байланысты оған ақшаны төлеуге міндетті адам (борышкердің дебиторы) арасында бұл талапқа тыйым салу немесе басқаға беруді шектеу туралы келісім болса да, өндіріп алынуы мүмкін.
Аталған қағида атқарушылық іс жүргізудегі борышкерді шығын үшін өзінің контрагентінің алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.
89-бап. Ақшалай талаптарға тыйым салу тәртібі
1. Ақшалай талапқа тыйым салу кезінде сот орындаушысы борышкердің дебиторына және борышкерге тыйым салу туралы хабарлайды және борышкердің дебиторына борышкерге төлеуге, ал борышкерге - талапқа және оны қамтамасыз ететін кепiлзатқа билік етуге, сондай-ақ осы Заңда өзгеше белгіленбесе, талаптар бойынша төлем қабылдауға тыйым салады.
Сот орындаушысы жіберетін тыйым салу туралы қаулыны борышкер дебиторы алған кезден бастап, тыйым салынған болып танылады.
2. Егер міндеттемені орындау үшін төлем үшінші бір адамға жүктелсе, онда тыйым салу туралы қаулы осы адамға да жіберіледі.
Борышкер дебиторы сот орындаушысының тыйым салу және борышкерге төлеуге тыйым салу туралы қаулысын алған кезден бастап, тыйым салынған болып есептеледі.
90-бап. Ақшалай талапқа тыйым салу кезіндегі өндіріп алушы құқықтарының көлемі
Сот орындаушысы өндіріп алушының және борышкердің келісімімен борышкердің дебиторын өндіріп алушының алдындағы міндеттемені атқарушылық құжатта көрсетілген сома шегінде орындауға міндеттеуге құқылы. Бұл ретте борышкердің көрсетілген шектегі борышкер дебиторы алдындағы құқықтары өндіріп алушыға ауысады.
91-бап. Дебитордың ақпарат беру жөніндегі міндеті
1. Сот орындаушысы ақшалай талаптарға тыйым салынған кезде өндіріп алушының талап етуі бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша қаулыда борышкердің дебиторына тыйым салынған талаптардың сипаты мен мазмұны туралы ақпарат беруді ұсына алады.
Борышкердің дебиторы қаулыны алған кезден бастап үш күн ішінде сот орындаушысына жазбаша жауап беруге міндетті. Борышкердің дебиторының ақпарат беру жөніндегі шығыстарын борышкер өтейді.
2. Борышкердің дебиторы ақпарат беруден бас тартуы, көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі салдарынан оған келтірілген шығын үшін өндіріп алушының алдында жауап береді. Тыйым салу немесе ақпаратты сұрату туралы қаулыда борышкер дебиторының жауапкершілікте болуы туралы ескертіледі.
3. Сот орындаушысы борышкердің дебиторынан алынған ақпарат туралы өндіріп алушыға хабарлауға міндетті.
4. Сот орындаушысы алынған ақпаратты ескере отырып, борышкердің дебиторына тыйым салынған талаптар бойынша төлем туралы қаулыны жібереді.
92-бап. Борышкердің борышкер - үшінші адам алдындағы өз міндеттемесін орындауын қамтамасыз етуі
1. Егер борышкер дебиторының міндеттемені орындауы оған затты берумен байланысты болса, ал зат борышкерде болатын болса, онда соңғысы сот орындаушысы мен өндіріп алушының талап етуі бойынша оны борышкердің дебиторына өткізу үшін затты беруге міндетті.
2. Егер борышкердің затты борышкер дебиторының міндеттемесін орындауына айырбасқа беру міндеті болуын растайтын сот шешімі болса не мұндай міндеттің болуын мүдделі тұлғалар дәлелдеген болса, өндіріп алушы борышкерден бұл затты алып қою туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Өндіріп алушының немесе уәкілетті адамның талаптарын қанағаттандыру туралы мәселені борышкердің қатысуымен сот шешеді.
9-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ АҚШАСЫНАН ӨНДІРІП АЛУ
1-параграф. Борышкердің ақшасынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу
93-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алу
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алынған кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берiлген сома толық өндiрiп алынғанға дейiн ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиiс екендiгi көрсетiледi және аумақтық бөлімнің не жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесімен бірге оны орындау үшiн борышкер еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушiге немесе борышкер одан кіріс алатын тұлғаға жiбередi.
3. Сот орындаушысы борышкердiң жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндiрiп алушыға уақытында жiберiлуiне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға мiндеттi.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушi немесе борышкер одан кіріс алған тұлға бұл жөнiнде сот орындаушысына үш күн мерзімде хабарлама жiберуге міндетті.
94-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерiн есептеу
Ұстап қалу мөлшерi борышкердiң алуға тиесiлi жалақы (табыс) сомасынан есептеледi.
95-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерi
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бiр немесе бiрнеше, оның ішінде басқа сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген кезден бастап шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылады
Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.
2. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Бір борышкерге қатысты жалақыны және өзге де кірістер түрлерін өндіріп алу туралы бірнеше қаулы болған жағдайда, атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алынған сомаларды пропорционалды бөлу осы Заңның 110 - 112-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алу
1. Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдардан атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу соттың үкімі немесе қаулысы бойынша жүргiзiлген ұстап қалу сомасы есепке алынбай, жалақының толық сомасынан жүргiзiлуге тиiс.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, медициналық ұйымдарда динамикалық байқауда тұрған адамдардан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Сотталушы негiзгi жаза түрiнде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкiм шығарған сотқа төленбеген айыппұл сомасын Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жiберуге құқылы.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 97-бап жаңа редакцияда
97-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуға жүгіну
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ оқушылардың стипендияларына өндіріп алу төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-бап. Өндiрiп алуға болмайтын ақша сомасы
Мыналардан:
1) жарақат алудан немесе денсаулығын өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуы салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу үшiн борышкер алған сомалардан;
2) асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) мүгедектігі бар балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;
4) адамдарға қызметтiк мiндеттерiн орындау кезеңiнде мертiккен (жарақаттанған, зақымданған, контузия алған) кезде оларға төленетiн және олардың қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты отбасы мүшелерiне төленетiн сақтандыру сомалары мен біржолғы жәрдемақылардан;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының, өзі шығарған исламдық жалдау сертификаттары бойынша бөлінген активтерді жалға беруден және сатудан алған ақшасынан (осы исламдық жалдау сертификаттарынан туындайтын талаптар бойынша болатын реттерден басқа);
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардан, кәмелетке толмаған балаларды асырауға берілетін жәрдемақылардан, сондай-ақ зейнеткерлер мен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақылардан;
6) жарақат алудан не денсаулығын өзгедей зақымдаудан залал келтiрiлген жағдайларда жәбірленушiлердiң қосымша тағамына, санаторий-курорттық емдеу мен протездеуге және оларды күтiп-бағу жөніндегі шығыстарға төленетiн сомалардан;
7) зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмысқа төленетiн өтемақылардан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде экологиялық апаттан немесе радиациялық әсерден зардап шеккен азаматтарға төленетiн ақша сомаларынан;
8) төлем көзiне қарамастан, біржолғы сипаттағы материалдық көмектен;
9) жерлеуге берiлген жәрдемақыдан;
10) арнайы мемлекеттік жәрдемақылардан;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) жүкті болуы мен бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланы бір жарым жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға байланысты табысын жоғалтқан жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлемдерден;
12) кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерден;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) зейнетақы активтерінен;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінен, нысаналы активтерден, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінен;
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатынан;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) тұрғын үй төлемдерінен;
2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 18-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды
18-2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшадан;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшадан;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшадан;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшадан;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшадан;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
24) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
26) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшадан;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшадан;