2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.
Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтык іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мынадай:
1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;
2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;
3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
5. 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
173-бапқа сәйкес 34-бап осы Заңды қолданысқа енгізгеннен кейін үш жыл бойы алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарға ғана қолданылады
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер
1. Борышкер:
1) жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
2) заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда -
сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.
2. Сот орындаушысының осы бапқа сәйкес жіберілген ұсынысын қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымын борышкер мен барлық лицензиарлар және рұқсаттар беруге уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар орындауға міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Сот орындаушысы атқарушылық құжат талаптары орындалған немесе лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеудің күшін жоюға негіздер туындаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығарады. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге, өндіріп алушыға және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға дереу жіберіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Борышкердің өзінің мүліктік жағдайы туралы ақпарат беруі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2. Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті.
3. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылык құжатты орындамау болып табылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Күштеп әкелу
1. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.
2. Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.
3. Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті.
4. Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады.
Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады.
5. Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,
Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
2. Көрсетілген мәліметтер:
1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;
3) көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.
2-БӨЛІМ. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
6-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАСАУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
37-бап. Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау
1. Сот орындаушысы, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, өндіріп алушының арызы бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды.
2. Арызға өндіріп алушы не оның өкілі қол қояды. Өкіл оның өкілеттігін куәландыратын сенімхатты немесе өзге де құжатты арызға қоса береді. Арызда атқарушылық құжаттағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкер үшін осы Заңда көзделген шектеулерді белгілеу туралы өтініш болуы мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.
Атқарушылық құжат өзіне осы Заңның 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жіберілген жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, ол туралы қаулы шығарады.
Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған кезде өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, өндіріп алушының осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар және істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізуді жеке сот орындаушысы келісім (шарт) жасаспай қозғайды.
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.
5. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін кез келген орындауы сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізілуге тиіс.
38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:
1) атқарушылық құжат өндіріп алушының арызынсыз берілсе не атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызынсыз қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоймаса;
2) атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмесе;
3) атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе;
4) құжат атқарушылық құжат болып табылмаса не атқарушылық құжатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;
5) атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса;
6) сот актісі, атқарушылық құжат болып табылатын немесе соның негізінде, дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжатты беретін органның (лауазымды адамның) актісі заңды күшіне енбесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) өндіріп алушы жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізбеген болса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) атқарушылык құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды
10) осы Заңның 11-бабының 1-1-тармағында белгіленген мерзiм өтпесе;
11) атқарушылық құжатты орындау мемлекеттік не жеке сот орындаушысының құзыретіне жатпаса;
12) атқарушылық құжатты бергенге дейін өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату не қайта ұйымдастыру аяқталса не ол банкрот деп танылса;
13) әкімшілік өндіріп алуды қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өтпесе, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 13) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайларды жою үшін жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға он күн мерзім белгілейді. Егер өндіріп алушы көрсетілген мерзімде ағымдағы шотқа қажетті соманы енгізбесе, онда атқарушылық құжат орындауға ұсынылмаған болып есептеледі және өндіріп алушыға қайтарылады.
4. Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.
5. Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшiлiктері жойылмай келiп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жiберген органға немесе адамға қайтарылады.
39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi
1. Мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
2. Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін, бұл ретте олар алты айдан аспайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Атқарушылық іс жүргізу мерзіміне мынадай:
1) атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған;
2) борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген уақыт кірмейді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
41-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
Атқарушылық іс жүргізу:
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, өндіріп алушы қайтыс болған, өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермегенде, борышкер алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, сот оңалту немесе банкроттық, сондай-ақ борышкер болып табылатын заңды тұлғаны мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған немесе сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) сот «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімі басталған;
3) өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, сондай-ақ кəмелетке толмаған балалары бар жəне оларды тəрбиелеп отырған жəне (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-1-тармағына сəйкес жылыту маусымы кезеңінде мəжбүрлеп шығарылған;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы талап қойылған;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;
10) сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;
11) 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды