4-бапта:
бірінші сөйлем алып тасталсын:
екінші сөйлемде:
«Осы Кодекстің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2004 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздерден кейін «, қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
14-баптың 14) тармақшасы «нақты адамдардың» деген сөздерден кейін «қылмыстық-атқару жүйесінің,» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат):
33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күзетте және қадағалауда ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылар бұл орындардың аумақтарында айдауылдың не күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің айдауымен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалары пайдаланылуы мүмкін.
Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.».
8. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; №15-16, 75-құжат; №18, 84-құжат; № 19, 88-құжат):
1) 25-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кіру азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.»;
4-тармақ «әскери міндеттілер» деген сөздерден кейін «мен әскерге шақырылушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне кәсіби даярлығының деңгейіне және мамандығы бойынша дербес жұмыс стажына қарай Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.»;
3) 26-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жауаптылығы
1. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, еңбек тәртібін бұзғаны, сол сияқты қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметке байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату;
6) арнайы атағын бір саты төмендету;
7) қылмыстық-атқару жүйесінен босату.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкеріне тәртіптік жаза теріс қылығы анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.»;
4) 29-баптың 2-тармағы «жыл сайынғы демалыс» деген сөздер «жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 29-1-бапта:
1-тармақтағы «отыз тәулік демалыс» деген сөздер «отыз тәулік жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары» деген сөздермен ауыстырылсын:
3-тармақтағы «кезекті демалыс» деген сөздер «жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «кезекті, қысқа мерзімді, қосымша демалыстарының, науқастануына, жүкті болу мен бала тууына байланысты демалыстарының» деген сөздер «жыл сайынғы ақылы еңбек, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстарының, қысқа мерзімді демалыстарының, науқастануына, жүктілікке және босануға байланысты демалыстарының, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер демалыстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 30-баптың 1-тармағы «Осы Заңда» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 228-ІV ҚРЗ