Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: инфекцияға қарсы препараттарды жасау үшiн перспективасы бар сыныптардан заттардың қорын айқындау, компоненттердiң өзара әрекет ету заңдылығын айқындау, белсендi субстанцияларды, дайын дәрілік нысандарды сақтау шарттары мен мерзiмдерiн оңтайландыру.
3. Инфекцияға қарсы препараттардың тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсiн құру.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: стандартты жабдыққа, аспаптар мен бақылау әдiстерiне телiнген, инфекцияға қарсы препараттар өндiрiсiнiң бiрегейлендiрiлген экологиялық таза технологиясын әзiрлеу.
4. Инфекцияға қарсы препаратты клиникаға дейiн сынау.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: токсикологиялық, бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргiзу, инфекцияға қарсы препараттың мутагендi, канцерогендi, аллергендi және иммуногендi қасиеттерiн айқындау.
5. Инфекцияға қарсы препаратты жануарлар мен құстарға клиникалық сынау.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: препараттың сау жануарларға әсер етуiн, эксперименттiк бактериалдық (туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез), қоздырғыштық және қоздырғыштық-бактериалдық инфекциялар кезіндегі терапевтiк және превентивтiк әсер етуiн зерттеу.
6. Инфекцияға қарсы препаратты денi сау ерiктiлерге клиникалық сынау.
Шаралар мен индикативтік көрсеткiштер: көтеруi мен жанама әсерлердiң фармакологиялық және иммунологиялық көрсеткiштерiн зерттеу.
7. Инфекцияға қарсы препаратты ВИЧ (ЖҚТБ) - ассоциирленген аурулар: туберкулез, бруцеллез, гепатиттер және басқа да вирустық инфекциялар кезiнде ерiктiлерге клиникалық сынау.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық маркерлердiң серпiнiн және ерiктiлер өмiрiнiң сапасын бағалау, препараттың әсерiнiң тиiмдiлiгiн бағалау.
8. Инфекцияға қарсы препаратты бактериалдық және вирустық моноинфекциялар кезiнде ерiктілерге клиникалық сынау.
Шаралар мен индикативтік көрсеткiштер: емдеу процесiнде иммунологиялық, бактериологиялық және вирусологиялық маркерлердiң серпiнiн бағалау, инфекцияға қарсы препаратты клиникада қолдану тәсiлiн пысықтау.
9. Қазақстанның денсаулық сақтау саласы үшiн кадрлар даярлаудың білім беру технологиялары.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: Орталық жабдықтарының негiзiнде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармакология, иммунология және инфекциялық аурулар кафедрасының филиалдарын құру, инфекцияға қарсы препараттарды әзiрлеу және сынау саласында жұмыс iстейтiн Қазақстанның, Ресей мен Батыстың жетекшi ғалымдарын кадрларды даярлауға тарту, әдiстеме және оқу құралдарын әзiрлеу.
Қазақстандық мамандар мен студенттердiң өнеркәсiбi дамыған елдердiң жетекшi орталықтарында тағлымдамадан өту жүйесiн дамыту, мамандармен және студенттермен алмасуды кеңейту.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: студенттер мен жас мамандарды жақын және алыс шетелде жеке дайындық жоспарлары бойынша оқыту және тағлымдамадан өткізу.
Бағдарламаны iске асыру мемлекеттік тапсырыс негiзiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға конкурстық негiзде мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың ғылыми-техникалық ұйымдары мен жоғары оқу орындары тартылатын болады.
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 964 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етiлуi 2004-2007 жылдардағы iс-шараларды iске асыруға қажеттi бюджеттік қаражат көлемiнде тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты қажеттi қаржы шығындар барлығы - 1 628,8 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 164,2 млн. теңге; 2005 жылы - 308,7 млн. теңге; 2006 жылы - 577,0 млн. теңге; 2007 жылы - 578,9 млн. теңге.
2005-2007 жылдарға арналған шығындар көлемi Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес тиiстi қаржылық жылға арналып нақтыланатын болады.
Бағдарлама мiндеттерiн кезең-кезеңмен орындау барысында қаражатты шаруашылық және коммерциялық қызметтен тарту, Орталықты әзiрленiмдерiн коммерциялауды жылдамдату көзделедi.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай негiзгi нәтижелер алынады:
"Инфекцияға қарсы препараттар республикалық ғылыми орталығы" құрылатын;
инфекцияға қарсы препараттардың жаңа ұрпағы құрамы бойынша әзiрленетiн және оңтайландырылатын;
инфекцияға қарсы препараттардың өндiрiс технологиясы әзiрленетiн және бiрiздендiрiлетiн;
инфекцияға қарсы препараттардың тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсi жобаланатын және құрылатын;
инфекцияға қарсы препараттардың технологиялық регламенттерi, өндiрiсiнiң нормативтiк-техникалық құжаттамасы әзiрленетiн;
заңдармен белгiленген тәртiппен Орталықтың зертханасы мен жабдығы, инфекцияға қарсы препараттардың технологиялық регламенттерi мен өндiрiсiнiң нормативтiк-техникалық құжаттамасы аккредиттелетiн және бекітілетiн;
препаратты клиникаға дейiн сынау жүргiзiлетiн, инфекцияға қарсы препараттың бактерицидтiк, вирулицидтiк және цитоуыттылық қасиеттерi бойынша жаңа деректер алынатын;
жедел және созылмалы уыттылық параметрлерi және препараттың қауiпсiздiгi алынатын;
денi сау жануарларға және жануарлар мен құстарға эксперименттi, бактериялық, қоздырғыштық және қоздырғыштық-бактериялық жағдайларда клиникалық сынаулар жүргiзiлетiн;
денi саулар мен ерiктi ауруларға инфекцияға қарсы препаратты клиникалық сынау әдiсi жүргізiлетiн, бактериялық, қоздырғыштық және аралас инфекциялар кезiнде препарат әсерiнiң тетігін қолдану тәсiлi ғылыми негiзделетiн;
ВИЧ-инфекциямен ұштасқан туберкулез және бруцеллез кезiнде препарат әсерiнiң тиiмдiлiгі белгiленетiн;
ВИЧ-инфекциямен ұштасқан В және С гепатиттерi кезiнде препарат әсерiнiң тиiмдiлiгi белгiленетiн;
моноинфекциялар: ВИЧ, гепатит, туберкулез кезiнде препарат әсерiнiң тиiмдiлiгі белгіленетiн болады;
инфекцияға қарсы жаңа препарат Қазақстан Республикасында тiркеледi.
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 964 (бұр. ред. қара); 2005.19.07. № 741 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
┌─────┬───────────────────┬──────────┬────────┬───────┬───────┬──────────┐
│ Рет│ Іс-шаралар │ Аяқталу │Орындау │Орындау│Көзде- ├Қаржы- │
│ N │ │ нысаны │(iске │(iске │летiн │ландыру │
│ │ │ │ асыру) │ асыру)│шығыс- │көздері │
│ │ │ │үшін жа-│мерзімі│тар, │ │
│ │ │ │уапты │ │млн- │ │
│ │ │ │ │ │теңге │ │
├─────┴───────────────────┴──────────┴────────┴───────┴───────┴──────────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Ұйымдастыру іс-шаралар │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1. Бағдарламаны орын- Конкурстық ҚР БҒМ 2004 Қажет │
│ дауға мемлекеттік комиссия- жылғы етіл- │
│ тапсырысты орналас- ның бұй- ІІІ-ІҮ мейді │
│ тыруға арналған жо- рықтары, тоқсан │
│ баларды таңдап алу- хаттама- │
│ ға арналған конкурс лары │
│ ұйымдастыру және │
│ оны жүргізу │
│ 2. Бағдарламаны iске Мемлекет- ҚР ИСМ 2004 Қажет │
│ асыру жөніндегі тік сатып жылғы етіл- │
│ мемлекеттік алу туралы ІІІ-ІҮ мейді │
│ тапсырысты орын- шарт тоқсан, │
│ дауға мемлекеттік 2005- │
│ сатып алу туралы 2007 │
│ шарт жасасу жылдар- │
│ да жыл │
│ сайын І │
│ тоқсан │
│ 3. Бағдарлама әкiмшi- Бағдарлама Орталық жыл Қажет │
│ сiне аралық есептер әкiмшiсiне сайын етіл- │
│ және есептi жылдан есеп, ІҮ мейді │
│ кейiнгi жылға толық есептi тоқсан │
│ Бағдарламалар ұсыну жылдан ке- │
│ йінгі жыл- │
│ ға арнал- │
│ ған Бағ- │
│ дарламаның │
│ жоспары │
│ 4. Қолданыстағы тiркеу ҚР БҒМ, 2004 2004 жыл Республи-│
│ заңнамаға ҚР жылғы - 9,2 калық │
│ сәйкес шаруашылық Әділет- IV тоқсан бюджет │
│ жүргiзу құқығында- мині │
│ ғы республикалық │
│ мемлекеттік │
│ кәсіпорнының │
│ жарғылық капиталын │
│ қалыптастыру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Негізгі ғылыми-техникалық іс-шаралар │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1. Орталық зертханасын Смета ҚР ИСМ, 2004 2004 ж. Респу- │
│ реконструкциялау, Орталық жылғы -75,1 бли- │
│ аттестаттау, аккре- ІІІ-ІҮ 2005 ж. калық │
│ диттеу тоқсан -63,4* бюджет │
│ 2006 ж. │
│ - 36,5* │
│ 2007 ж. │
│ -36,5* │
│ 2. GМР бойынша инфек- Техноло- ҚР ИСМ, , жыл 2004 ж. Респу- │
│ цияға қарсы препа- гиялық Орталық сайын - 38,6 бли- │
│ раттардың тәжiрибе- регла- ІҮ 2005 ж. калық │
│ лiк-өндiрiстік өн- менттер, тоқсан -28,8* бюджет │
│ дiрiсiн құру- GМР Қазақстан 2006 ж. │
│ стандарттарына сәй- Республи- -59,5* │
│ кес келетiн жабдық- касының 2007 ж. │
│ тарды сатып алу- уәкілеттi -39,4* │
│ GLP стандарттарына органында │
│ сәйкес келетiн пре- өндiрiстi │
│ парат өндiрiсi тех- аккре- │
│ нологиялық процесiн диттеу │
│ экспресс бақылау │
│ үшін приборлар │
│ сатып алу. │
│ GLP стандарттарына │
│ сәйкес келетiн ба- │
│ қылау зертханасы │
│ үшiн приборлар │