5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
26-бап. Шекара маңындағы сауда
1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
27-бап. Көшпелi сауда
1. Көшпелi сауда тиістi аумақта жоқ тауарларға қажеттіліктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады.
3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.
28-бап. Көрме-жәрмеңкелiк сауда
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Көрме-жәрмеңкелiк сауда уәкілетті органның немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ сауда қызметi субъектiлерiнiң рынок конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрме және жәрмеңке ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңкелiк сауда тауар үлгiлерiн көрсетумен байланысты.
2. Сауда қызметi субъектiлерiнiң қоғамдық орындарда көрме-жәрмеңкелiк сауда өткізуi тиiстi аумақтың республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен сауданы өткізу уақытын және өткiзiлетiн жерiн келiсу арқылы жүзеге асырылады.
29-бап. Электрондық сауда
1. Электрондық сауда оған қатысушылардың келісімi (шарты) негiзiнде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмiлесiн жасасу арқылы жүзеге асырылады.
2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау сауда қызметiнiң субъектiлерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.
30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау
Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Сауда қызметінің субъектілеріне және
тауарларға қойылатын талаптар
31-бап. Сауда қызметiнiң субъектiлерiне қойылатын талаптар
Сауда қызметiнiң субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) тиiсiнше сапалы және қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
2) тауарларды жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген параметрлер бойынша сатуға;
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк мiндеттемелерi және кiнәрат-талап қою тәртібі, өнiмдi пайдалану, сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы қажеттi және анық ақпарат беруге, ал сотқа берiлетiн талап-арыз құжаттары ресiмделген жағдайда, сонымен қатар сатушының немесе даярлаушының (орындаушының) орналасқан жерi және өзге де деректемелерi туралы ақпарат беруге;
4) өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын сауда объектiсiнiң көпшiлiк пайдалана алатын жерiне орналастыруға;
5) сатып алушының тауарлардың массасы мен ұзындығы бойынша күмәнi болған жағдайларда бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен оған көрсетiлген сипаттамаларды өздiгiнен тексеру мүмкiндiгiн беруге;
6) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша сертификаттауға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған тауардың сәйкестiк сертификатын (көшiрмесiн) көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискальды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;
8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сай келмейтiн тауарды айналымнан алып тастауға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған тауарды оның құнын өтей отырып қабылдап алуға;
9) мемлекеттік органдардың белгiленген тәртiппен шығарған ұйғарымдарын орындауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
1. Тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн және белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құжаттар мен техникалық талаптарға сай келетiн тауарлар Қазақстан Республикасының iшкi рыногында айналысқа түсуге жатады.
2. Тауарлардың сапасы туралы мәлiметтер мынадай ақпаратпен:
1) дайындаушының тауарлық белгiсi;
2) тауарды шығарған ел;
3) тауардың құрамы туралы;
4) азық-түлiк тауарлары үшiн - тағамдық құндылығы;
5) дайындау мерзiмi;
6) сақтау және жарамдылық мерзiмдерi;
7) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжатты көрсету арқылы;
8) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес өзге де мәлiметтермен расталады.
Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат этикеткаларда, жапсырма қағаздарда, қосымша парақтарда мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылуға тиiс.
Тауарларды сақтау және тасымалдау олардың сапасының және тұтыну үшiн қауiпсiздiк талаптарының сақталуын, соның iшiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтау жағдайларының, осы мақсаттарға арналған арнайы көлiк құралдары арқылы тасымалдау жағдайларының көзделген сақталуын тиiстi құжаттарда жазбалармен растау қамтамасыз етiлетiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
3. Мынадай тауарларды:
1) айналымнан алынып тасталған тауарларды;
2) арнайы рұқсат алынбаған, айналым қабiлетi шектеулi тауарларды; маркалары жоқ акцизделетiн тауарларды; келмейтiн тауарларды;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) белгіленген тәртіппен маркалануға жататын, оларда акциз маркалары немесе есепке алу-бақылау маркалары жоқ акцизделетін тауарларды;
4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
5) Қазақстан Республикасының заңдарымен сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-бап. Дауларды шешу
Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының