жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесі;
акциялардың түрлері;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі;
6) басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің) мүшелері болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімін;
7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларды өндіру мен өткізудің, тауарлардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемін;
8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерімен бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілері өндіретін немесе өткізетін сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемін;
9) белгілі бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмілені жасау нәтижесінде өндірілу және өткізілу болжамын қамтиды.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты беру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) шарт немесе шарттың жобасы не мәміленің жасалғанын растайтын өзге құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзіндегі және іс жүзіндегі мекенжайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесі;
акциялардың түрлері;
жеке тұлға үшін - оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы;
өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісі өндіретін немесе өткізетін тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемі көрсетіледі;
3) басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің) мүшелері болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімі;
4) өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіруі мен өткізуінің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемі;
5) өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндіретін немесе өткізетін белгілі бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемі;
6) мәміле жасалғаннан кейін өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісіне қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәліметтер, оның ішінде:
сатып алушы мәміле жасалғаннан кейін билік ететін нарық субъектісі акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жалпы санынан проценттік үлесі және олардың нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы проценттік үлесі;
сатып алушының нарық субъектісіне және оның тұлғалар тобына қатысты алатын құқықтарының тізбесі;
7) белгілі бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмілені жасау нәтижесіндегі өндірілу және өткізілу болжамы.
3. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішхат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) шарт немесе шарттың жобасы;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзіндегі және іс жүзіндегі мекенжайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесі;
акциялардың түрлері;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы;
сатып алынатын мүлікті пайдалану арқылы өндірілетін белгілі бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемі көрсетіледі;
3) мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің баланстық құны көрсетілген тізбесі;
4) тауарлардың түрлері көрсетіле отырып, алынатын мүліктің қандай тауарларды шығару үшін пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәліметтер;
5) тауарлардың түрлері көрсетіле отырып, алынатын мүлікті пайдалану арқылы тауарлар өндіру мен өткізудің болжамы;
6) белгілі бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмілені жасау нәтижесіндегі өндірілу және өткізілу болжамы.
4. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішхат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетін жеке тұлға туралы мәлімет:
жеке басын куәландыратын құжат деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, жұмыс орны, осы субъектілерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін өкілеттіктерін көрсете отырып, атқаратын лауазымы;
өкілеттіктерін көрсете отырып, оларда өтінішхат беруші тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі;
2) өтінішхат беруші тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына өтінішхат беруші тұлғаның кіруі жоспарланатын нарық субъектілеріндегі лауазымның атауы;
4) атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына өтінішхат беруші тұлғаның кіруі жоспарланатын нарық субъектілеріндегі осы тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін құқықтардың тізбесі;
5) өтінішхат беруші тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын әрбір нарық субъектісі бойынша және тұлғалар тобында:
нарық субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзіндегі және іс жүзіндегі мекенжайлары;
тауарлар өндірудің, өткізудің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемі көрсетіледі;
6) өтінішхат беруші тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектісі бойынша, сондай-ақ осы тұлға кіретін тұлғалар тобы бойынша:
нарық субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзіндегі және іс жүзіндегі мекенжайлары;
өздерінде өтінішхат беруші тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын нарық субъектісі мен тұлғалар тобы өндіретін немесе өткізетін белгілі бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндірудің, өткізудің, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемі.
5. Шетелдік заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша:
1) өзі тұрған елдің заңнамасына сәйкес шыққан елдің сауда тізілімінен немесе оның заңды мәртебесін растайтын балама құжаттан нотариаттық расталған үзінді көшірмені;
2) егер шетелдік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген филиалы немесе өкілдігі болса, филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы мәліметтер және филиал немесе өкілдік туралы ереженің көшірмесін табыс етеді;
3) егер сатып алушының - шетелдік заңды тұлғаның немесе шетел қатысатын нарық субъектісінің Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкілдігі болса, филиалдың немесе өкілдіктің Қазақстан Республикасында өндіретін немесе өткізетін тауарларының түрлері тізіп көрсетіледі.
6. Егер қосымша мәліметтердің немесе құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болса, монополияға қарсы орган өтініш берушіден немесе басқа тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан оларды сұратуға құқылы.
Монополияға қарсы орган ақпаратты немесе құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім күнтізбелік он күннен кем болмауға тиіс.
54-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау мерзімдері
1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етілген материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхат беруші тұлғаны өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
2. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау мерзімі өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтізбелік елу күннен аспауға тиіс.
3. Өтінішхатты қарау мерзімі:
1) монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешім қабылдағанға дейін өтінішхатты қарау мүмкін болмаған;
2) монополияға қарсы орган қаралатын өтінішхат бойынша нарық субъектісінен немесе мемлекеттік органнан қосымша ақпарат сұратқан жағдайларда тоқтатыла тұрады.
4. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейін қарауды қайта бастайды. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау мерзімінің өтуі қарау қайта басталған күннен бастап жалғасады.
5. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарауды тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берушіні осындай шешім туралы жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
1. Егер экономикалық шоғырлану нарық субъектісінің немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестікті шектеуге алып келетін болса, оған тыйым салынады.
2. Монополияға қарсы орган, егер тиісті мәмілеге қатысушылар өздерінің іс-әрекеттерінен болатын оң әсердің экономикалық шоғырлану жүзеге асырылатын тауар нарығындағы теріс салдардан артық болатынын дәлелдесе, нарық субъектісінің немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыру немесе күшейту және (немесе) бәсекелестікті шектеу мүмкін болатын жағдайда экономикалық шоғырлануға келісім беруге құқылы.
56-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхат бойынша шешім
1. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;
2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға, ал қаржылық ұйымдарға қатысты қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға да жіберіледі.
3. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестікке теріс ықпалын жоятын немесе бәсеңдететін белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін. Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.
4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішхат береді.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған дәйексіз ақпарат негізінде қабылданса, мұның өзі заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары монополияға қарсы органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе оған тыйым салу туралы шешімін қайта қарауы мүмкін.
6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;
2) шешімді өзгертеді;
3) шешімнің күшін жояды;
4) жаңа шешім қабылдайды.
7. Егер монополияға қарсы орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.
8. Өтініш беруші монополияға қарсы органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды қарау үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен өтінішхат береді.
9. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға бұрын қабылданған шешімін қайта қарау жөніндегі шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға жіберіледі.
57-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері
1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау:
1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарлама түскен;
2) өтініш беруші ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болған;
3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға жіберіледі.
3. Өтініш беруші өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.
9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
58-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеуді бастау үшін негіздер
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергейді және тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің монополияға қарсы органға келіп түсуі тергеуді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының монополияға қарсы органға өтініші болып табылады.
3. Тергеудің басталуы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау туралы бұйрықпен ресімделеді.
4. Тергеудің басталуы туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш берушіге жіберіледі.
59-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау
1. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде алдын ала қарауды жүргізеді. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің болуы туралы немесе болмауы туралы шешім шығаруға мүмкіндік беретін нақты деректер жеткізіліксіз болған жағдайда, монополияға қарсы орган қосымша нақты деректерді жинау және талдау үшін алдын ала қарау мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Монополияға қарсы орган өтініш берушіні өтінішті немесе материалдарды алдын ала қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Монополияға қарсы орган бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау барысында жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат пен құжаттарды жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар сұратылған ақпарат пен құжаттарды беруге міндетті.
3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді қарау тапсырылған монополияға қарсы органның лауазымды адамы алдын ала қарау нәтижелері негізінде қарау қорытындылары бойынша:
1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу туралы;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдау туралы қорытынды дайындайды.
4. Бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыны монополияға қарсы органның басшылығы бекітеді. Қорытындының көшірмесі бекітілген күннен бастап үш күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі, ал тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда тергеу объектісіне де жіберіледі.
5. Мүдделі тарап бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыға бір ай мерзімде монополияға қарсы органның бірінші басшысына шағым жасай алады, оның шешіміне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
60-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар
1. Мыналар:
1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді монополияға қарсы органға жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеу объектісі - өзінің іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеу объектісі болып танылады;
3) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы - монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге уәкілетті қызметкері;
5) куә - тергеу үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы - арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске қатысуға мүдделі емес жеке тұлға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар болып табылады.
2. Тергеу жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеу барысында тергеу объектісінің емес, өзге тұлғаның іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Заңның 58-бабында көзделген тәртіппен тергеу объектісі ретінде тартады.
61-бап. Тергеу жүргізу
1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу туралы бекітілген қорытындының негізінде монополияға қарсы орган тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарады.
2. Тергеу жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеу объектісінің атауы;
2) тергеу барысында анықталуға жататын мәселелер тізбесі және мән-жайлар тобы;
3) тергеудің басталу және аяқталу мерзімі;
4) монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.
3. Тергеудің басталуы туралы ақпарат монополияға қарсы органның веб-сайтында орналастырылады.
4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган істі тергеуді екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Мерзімді ұзарту туралы қаулы шығарылады, қаулының көшірмелері қаулы қабылданған күннен бастап үш күн ішінде өтініш берушіге және тергеу объектісіне жіберіледі.
5. Монополияға қарсы орган тергеу барысында бірнеше тергеуді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеу жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
63-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалардың:
1) іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді-көшірмелер жазып алуға және көшірмелерін түсіруге;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсініктемелер беруге, тергеу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
6) іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінішхаттарына, дәлелдеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
64-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргізу кезінде:
1) тергеу объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тергеу нысанасына сәйкес тергеу объектісінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелеріне) қол жеткізуге;
3) тергеу объектісінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тергеу нысанасына қатысты қажетті ақпарат, құжаттар немесе олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер сұратуға және алуға;
4) тергеу жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының мамандарын сарапшылар ретінде тартуға құқығы бар.
2. Тергеу объектісінің басшысы және (немесе) лауазымды адамы монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге жауапты лауазымды адамының ауызша сауал салуы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша түсініктемелерді беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиісінше жазбаша сауал салу тапсырылады. Жазбаша сауал салуды тергеу объектісінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда сауал салу тергеу объектісі басшысының атына хабарламалы тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі.
3. Сұратылатын ақпаратты тергеу объектісінің коммерциялық құпиясына жатқызу тергеуді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының аталған ақпаратты пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тергеу барысында тергеу объектісі туралы монополияға қарсы орган алған кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.