9) 23-баптың 10 және 11-тармақтарындағы «ұлттық операторға», «Ұлттық оператор» деген сөздер тиісінше «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымға», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-баптың 1 және 6-тармақтарындағы «ұлттық оператор» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 25-баптың 5 және 6-тармақтарындағы «ұлттық оператор», «Ұлттық оператордың», «Ұлттық оператор» деген сөздер тиісінше «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 6 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 7 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
бүкіл мәтін бойынша «веб-сайттарда», «веб-сайттың», «веб-сайты», «веб-сайтында», «веб-сайтта», «веб-сайт», «Веб-сайтта», «веб-сайтынан», «веб-сайтын» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурстарда», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурста», «интернет-ресурс», «Интернет-ресурста», «интернет-ресурсынан», «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат):
7-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «веб-сайтты» деген сөздер «интернет-ресурсты» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат):
61-баптың 3-тармағындағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы.
№ 178-ІV ҚРЗ