Қазақстан егеменді мемлекет құрудың жаңа сатысына өтуі кезеңінде халқы ұлттық даму мүддесінің аясына шоғырланып, тарихи мұраларымыз ел тұтастығының символына айналуы тиіс.
Осы Тұжырымдама тарихи-мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, 2009 — 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын тұрақты даму стратегиясының негізгі факторларының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.