1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:
1) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді (активтерді әртараптандыру нормативін қоспағанда) сақтауы;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының бірінші бөлігінде (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкілетті органға есептілікті не өзге де сұралатын ақпаратты ұсынуы мәселелері бойынша), бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде, 174 және 175-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз өкілдігін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 10 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
11. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының фил иалдарын ашуға тыйым салынады.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 12 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 13 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметін тоқтатуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
14. Осы баптың 2, 5-8, 10, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігі мен Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 34- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
Бірінші басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта белгіленген жұмыс стажы жоқ;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және бірінші басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржылық ұйым бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырған жағдайда бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да астам рет) қолдануы ;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы бапта аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары және бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
ҚР 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар
1. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2. Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.
36-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
7-тарау. Лицензиялау
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) Заңдарымен 37-бап өзгертілді ; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
4) статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің көшірмесін;
5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін табыс етеді.
Осы тармақта жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
3) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, кірістер, шығыстар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезінде бизнес-жоспарда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.
5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.
7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.