Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе жалған мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-1- баппен толықтырылды
26-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:
1) осы Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1 тармақ 3-1) ,3-2) тармақшалармен толықтырылды
3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
4) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;
6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
7) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздейтін қаржылық салдарларды талдау;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы негіздер болып табылады.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негізі уәкілетті орган елінің қадағалау органымен ақпарат алмасу туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайларға қолданылмайды.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;
2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
3) аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;
5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;
6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 27- бап өзгертілді
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) үш данасы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттік тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және кірістер мен шығыстар туралы есеп қамтылады;
5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;
6) актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі көрсетілуге тиіс;
6-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының кемінде үш мүшесінің құжаттары;
7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы баптың 1-тармағында тізбектеліп көрсетілген құжаттардан басқа, осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттік органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6-1) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.
7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден:
1) табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес болмауы;
2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
3) уәкiлеттi органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу ;
4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;
5) құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың осы Заңның 34-бабы 3-тармағының талаптарына сай келмеуі;
6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;
7) құрылтайшылар - жеке тұлғаларда экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін белгіленген заң тәртібімен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.
2. Уәкiлеттi орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi
Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:
1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;
3) уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш бермеген жағдайларда керi қайтарып алуға құқылы.
30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеу
1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi органның оны құруға берген рұқсаты және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi органмен келісілгенiн растайтын деректер болған жағдайда жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.
31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзiлгенге дейiн уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келісілуге не әдiлет органдарына хабарлануға тиiс.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды алдын ала келiсу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес
ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарына қомақты қатысуы
1. Осы Заңның 48-бабының 1-тармағында аталған шектеулерді ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде осы баптың талаптары ескеріле отырып айқындалады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атын пайдалануға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы екі жыл ішіндегі залалдары (олар болғанда) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асып кетпеген және өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті табыс етеді және оған мынадай құжаттарды:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді;
5) бизнес-жоспарды табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
6) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
7) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;
8) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
9) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде қоса:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;
11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
12) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:
1) рұқсат алуға қажетті, осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
2) еншілес ұйым басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш берген күнге дейінгі үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көзделетін еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) өтініш берген күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
7) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі көзделетін қаржылық салдарлар талдауы негіздер болып табылады.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымдағы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне үш ай мерзімде өткізуге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып беріледі.
Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
10. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын, табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы рейтингтік агенттіктердің біреуінің ең аз талап етілетін рейтингісі болған кезде Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары
мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде: