Уақтылығы:
жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 40-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
40-1-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
012»"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи дүлей апаттардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферттері"»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 711 689 мың теңге (жеті жүз он бір миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Республика аумағындағы төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағындағы халықты және табиғи шаруашылық объектілерін табиғи дүлей апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- маның (Кіші бағдарла- маның коды) | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 012 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттеріне халықты, объекті- лерді және аумақтар- ды табиғи дүлей апаттар- дан инженер- лік қорғау жөніндегі жұмыстар- ды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферт-тері | "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы"»Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген сомалар шегінде инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салуды бастау бойынша. 2. Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыс бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша | шілде- желтоқ-сан | Қазақстан,Республи- касы Төтенше жағдайлар министрлі-гі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Алматы облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарлама орындалған жағдайда күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштың жағалауды бекітетін құрылыстар бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ).
Түпкі нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге өндірістің жұмыс кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс салу нормалары мен ережелеріне сәйкес.