3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерін шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізуді уақтылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭC, ИНТЕРПОЛ және т.б.).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу | | | |
2 | | 100 | Халықаралық ұйымдарға қатысу | Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдарға кірістік, үлестік, ерікті қаржылық жарналарды төлеу және қарызды өтеу - 82 ұйымдар мен конвенциялар. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
3 | | 101 | ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарына қатысу | Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын ТМД-ның үлестік жарналарын төлеу - 22 орган, соның ішінде ТМД-ның жарғылық органдары (8 орган - ТМД Атқару комитеті, Шекара әскері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі, Мемлекетаралық ТМД статистикалық комитеті, ТМД Қорғаныс министрлерінің Кеңесі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросы, ТМД экономикалық соты, ТМД терроризмге қарсы орталығы, Мемлекет Басшылары Кеңесінің, Үкімет Басшылары Кеңесінің, Сыртқы істер министрлері Кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілістерін өткізу), ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік кеңесін үйлестіруші атқару комитеті, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіруші кеңесі, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Мемлекетаралық Жолшылар кеңесі, Мемлекетаралық Стандартизациялау, метрология және сертификаттау кеңесі, Yкіметаралық авиациялық комитет, Мұнай және газ жөніндегі Үкіметаралық кеңес, Химия және мұнай химиясы саласындағы Үкіметаралық кеңес, Байланыс саласындағы өңірлік қоғамдастық, БАЫ жанындағы ақпараттандыру жөніндегі үйлестіру Кеңесі, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғарғы деңгейдегі топтың сарапшылық-ұйымдастыру тобы, Душанбе қаласында 2006 жылғы 25 мамырдағы ТМД Үкімет басшыларының Кеңесі бекіткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі соғыс ардагерлерінің, жергілікті қақтығыстарға, бітімгершілік операцияларға қатысушылардың және терроризм құрбандарының өмір сүру сапасын жақсартудың және еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың алдын алудың әлеуметтік және медициналық негіздерін дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
4 | | 102 | Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын ұстау | 1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты Өкілін және оның аппаратын ұстау. Бекітілген штаттық саны 5 бірлікті құрайды. 2. ЕурАзЭҚ жарғылық органдарының мәжілісіне даярлық. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ЕврАзЭС жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігi |
5 | | 103 | ТМД терроризмге қарсы орталығындағы және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілдерін ұстау | Қазақстан Республикасының ТМД-ның антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы тұрақты өкілдерін ұстау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ТМД-ның Антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Тұрақты өкілдерi |
6 | | 104 | Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің аппаратын ұстау | Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілін және оның аппаратын ұстау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республик асының Өкілетті өкілi |
7 | | 105 | Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Хатшылығы ұстау | Алматы қаласындағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын ағымдағы ұстау, қызмет етуін қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығы |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 104 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестік және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын ілгерілету мен іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда экономикалық мүддесін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 15948 мың теңгеге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 3 416 мың теңгеге, ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 8775 мың теңгеге, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің аппаратын - 54 427 мың теңгеге ұстау, Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі - 118 961 мың теңгеге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңесті шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борышты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы: халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
44-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 184953 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 542-30қ қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы» № 1283 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы «Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы» № 1324 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы» № 1058 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін реттеу, сондай-ақ трансшекаралық өзектерді пайдалану және қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, жергілікті жерлерде мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік шекараны делим итациялау және демаркациялау | 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының сызығын шекаралық белгілермен бекіту - 200 белгі (демаркация), оның ішінде қазақстан-қырғыз шекарасында - 200 белгі. 2. Қазақстан аумағында Түрікменстан өкілдерімен шекаралық белгілердің (демаркация) картасын даярлау бойынша жұмыстар атқару. 3. Қазақстан Республикасының аумағында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу бойынша іс-шаралар жүргізу, мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізу. 4. Іссапарлық және өкілдік шығыстарды қамтамасыз ету және өтемақысын төлеуге байланысты келіссөздер процесін жүргізу мәселесі бойынша: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау, оның ішінде: қазақстан-ресей шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша; - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау; - трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау. 5. Байланыс қызметіне ақы төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі, "Казгеокарт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: келіссөздер жүргізу, 200 шекаралық (қазақстан-қырғыз шекарасында - 200) белгілерді орнату, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару.
Түпкі нәтиже: Каспий теңізінің түбін межелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсіру, оларды сипаттау, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келісімдерге қол қою.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 20 537,0 мың теңге. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізуге - 33 857,0 мың теңге, қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын - 66487,0 мың теңгеге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын - 27 874,0 мың теңгеге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын - 8674,0 мың теңгеге, қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын - 2 574,0 мың теңгеге демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу - 13633,0 мың теңге, байланыс қызметіне - 11317,0 мың теңге.
Уақтылығы: демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздерді жоспарлы түрде жүргізу және қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес қажетті демаркациялық жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
45-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Шетелдік іссапарлар»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 952 008 мың теңге (тоғыз жүз елу екі миллион сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» № 410 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы бейнесін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының рөлін арттыруға жәрдемдесу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Шетелдік іссапарлар | Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бастамасын іске асыру бойынша курстарға байланысты шығыстарын және өтемақысын төлеу, сондай-ақ шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 434.
Түпкі нәтиже: Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтастық орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындаpы - 122 313,82 теңге және 4 күн кезеңге Mәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 318 374,75 теңге (бip сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 220 344,28 теңге құрайды);
- Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 122 313,82 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 684 931,51 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 903 636,49 теңге құрайды).
Осымен бірге бір іссапарға арналған шығыстарға жіберілген адамның лауазымы, 5*, 4*, 3* қонақ үйдің бір орынды бір орын нөмірінің құны шегінде жататын орны, "Бизнес" класс бойынша құнының жолақысы қосылады, іссапар мерзімі, іссапарға жіберілген ел сияқты факторлар ықпал етеді, өйткені әрбip елдің тәуліктік ақы және жататын орны нормалары әртүрлі.
Уақтылығы: басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
46-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өкілдік шығындар»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 879 004 мың теңге (сегіз жүз жетпіс тоғыз миллион төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» № 201 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы «Республикалық бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» № 281 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджін ілгерілету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындары.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Өкілдік шығындар | 1. Ресми делегацияларды, соның ішінде шетелдік делегацияларды қабылдауға байланысты өкілдік іс-шараларды (кеңестер, семинарлар, салтанатты жиындар, конгресстер және т.б.) өткізу жөнінде шығындар мен өтемақы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындары. 2. Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) 63-і сессиясын өткізу. 3. ЕҚЫҰ өкілдерінің Қазақстанда іс-шаралары мен сапарларын ұйымдастыру, ЕҚЫҰ шеңберінде Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшыларының ОСК жанындағы консультативтік орталық базасында байқаушылар даярлауға қатысуы. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Шетелдегі қазақ диаспорасының мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т.б. өткізу, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту.
Түпкі нәтиже: халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ресми делегацияларды қабылдауға байланысты бір өкілдік іс-шараны өткізуге арналған шығындармен айқындалады.
«Өкілдік шығындар» бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемі осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты.
Уақтылығы: басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
47-ҚОСЫМША (өте құпия)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
48-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін
шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5135284 мың теңге (бec миллиард бір жүз отыз бес миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).