- "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау жөнінде құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару, сондай-ақ құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргізу болжанып отыр;
- өндірістік міндеттерді шешу үшін 14 дербес компьютер, 1 магнитофон, 3 жылжымалы сөрелер, 1 электр қағаз кескіш, 1 қылышты қағаз кескіш, 1 микрофильмдер үшін оқу аппаратын сатып алу көзделіп отыр.
Түпкі нәтиже:
1. Мұрағаттық қор 0,6 пайызға өсіп, 659,3 мың сақтау бірлігіне жетеді деп болжануда. 130-150 зерттеушіге басқарушылық міндеттерді шешуде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде мұрағаттық құжаттарды пайдалану үшін 10 мыңға жуық іс беру болжанып отыр.
2. Микрофотокөшірмеден өткен істердің саны 1,7 пайызға көбейеді деп болжанып отыр, сақтандыру қорының көлемі 2,4 пайызға өсіп, 6275,7 мың кадрды құрайтын болады. Нашар көрінетін мәтіндерді қалпына келтіру есебінен бұрын зерттеушілерге алу мүмкін болмайтын құжаттардың оқылу деңгейі артады, сондай-ақ ақпаратты ұзақ уақыт сақтау мен оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
3. Мемлекеттік мекемелер мен азаматтардың сұрауларын орындау қажетті ақпарат алу құқығына деген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ол ақпаратты әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттық сұраулары 100 пайыз қамтамасыз етіледі деп күтілуде және азаматтардың 80-85 пайызға өздерінің заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін құжаттардың көшірмесін ала алады.
4. 5 автоматтандырылған дерекқор мен электрондық мұрағат негізінде ақпаратты іздеудің жылдамдығы мен сапасы одан әрі артатын болады.
5. Қазақстанның азаматтары көп зерттелмеген тарихи процестермен және оқиғалармен танысуға мүмкіндік алады. Орта мектептің және жоғары оқу орындарының 200 оқушысы 4 тарихи-деректі көрмеге барады, 7 лекция тыңдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тарихи тақырыптарға 4 мақала жарияланады және 55 баспа табақ көлеміндегі 1 құжаттар жинағы дайындалады.
6. Мемлекеттік мекемелерде құжаттаудың және Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақтаудың жай-күйіне мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілетін болады. Мекемелерде нормативтік-әдістемелік құжаттардың 100 пайыздық болуы, мұрағаттардың техникалық жай-күйін жақсарту және мемлекеттік сақтауға 3,7 мың іс тапсыру көзделуде.
7. Жұмыс орындарын электрондық-есептеу техникасымен жабдықтаудың 100 пайызға жетуі, ақпараттық ресурстарды іздеуді автоматтандыру күтілуде.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
тиімділіктің өлшемдері 1 істі сақтаудың 13,12 теңге; 1 істі тігудің 246,47 теңге; құжаттың 1 парағын жөндеп-реттеудің 4,79 теңге; құжаттың 1 парағының микрофотокөшірмесін жасаудың және микрофишалар дайындаудың 806,96 теңге; мәтіні нашар көрінетін құжаттың 1 парағын қалпына келтірудің 368,63 теңге орташа құнының негізінде айқындалатын болады.
Уақтылығы:
нақты тапсырмаларды және жұмыстардың көлемін орындаудың уақтылығы негізгі іс-шаралардың белгіленген мерзімдерімен айқындалады.
Сапасы:
- мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелері бағалаумен (істерді мемлекеттік сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, т.б.), зерттеушілердің мұрағаттық ақпаратқа деген қажеттіктерінің қанағаттандырылуы туралы пікірлерімен айқындалады;
- аса бағалы құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстардың сапасы микрофильмдер дайындаудың технологиялық регламентімен, нашар көрінетін мәтіндерді жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтіру арнаулы нұсқаулықтармен айқындалды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
4-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 141097 мың теңге (бір жүз қырық бір миллион тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы; «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1431 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін айғақтайтын деректі, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетінің, тарихи дара санасының деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік процесі үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өміріне, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты материалдарды кешенді жинақтау, жүйелеу, сақтау, зерттеу мен танымал ету негізінде тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтастыру мен зерделеу процесін мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Құрал-жабдық сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойына | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- мұражайға келетіндер саны 50000 адамнан кем болмауға тиіс;
- жоспарланған шетелдік келушілер саны кемінде 600 адамды құрайды;
- мектеп оқушыларының саны кемінде 23000 баланы құрайды;
- 1 (бір) ғылыми-зерттеу конференция өткізу;
- мұражайға келушілерге кемінде 1600 экскурсия жүргізу;
- құрал-жабдық сатып алу 1 дана маршрутизатор, 1 дана кітапша түптегіш, электрондық мұрағат жасау үшін құрал-жабдық, кемінде 4 дана мұражай экспонаттары, түптеу аппараты;
- лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу:
іс-шаралар бойынша автоматтандырылған мұражай ақпараттық жүйесін;
Веб-сайтты жаңарту және ақпаратпен толтыру үшін құрылымды;
- 54 дана мұражай құрал-жабдығын дайындау жөніндегі қызметтерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның қазіргі тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негізінде мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұражайдың бір экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.
Уақтылығы: тиісті кезеңге арналған көзделген кесте бойынша іс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейін көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлімен мұражай коллекциясы негізінде таныстыру.