30. Жануарларды алып қоюдың бекiтілген лимитiнiң негiзiнде бөлiнген квоталарды уәкiлеттi орган аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жеткізеді.
31. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн алу Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төленген жағдайда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алынған сәттен бастап бөлiнген квота шегiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы жүзеге асырады.
32. Жеке және заңды тұлғалар бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды аңшылық шаруашылығы ұйымдарынан жолдама алғаннан немесе олармен аң аулау шартын жасасқаннан кейiн жүзеге асырады.
Аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң
экономикалық тетiгі
33. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
1) жануарлар дүниесiн пайдаланудың ақылы болуы;
2) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру;
3) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының экономикалық дербестiгi;
4) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметiн жоспарлау;
5) аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын iске асыруға аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қатысуы экономикалық негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
күшiн жойған кейбір шешімдерiнiң
тiзбесi
1. «Қазақ ССР-iнде аңшылық шаруашылығы туралы ереженi бекіту туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 8 қыркүйектегi № 353 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж., № 19, 70-құжат);
2. «Қазақ ССР Үкіметінiң жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөніндегі шешiміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 22 сәуірдегі № 171 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 10, 48-құжат);
3. «Қазақ ССР аумағында аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 10 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., № 8, 26-құжат);
4. «Киіктердi сақтау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiнде қосымша шаралар туралы» Қазақ ССР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 23 тамыздағы № 484 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 19, 113-құжат);
5. «Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 26 наурыздағы № 281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 210-құжат);
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 15 қыркүйектегi № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 38, 443-құжат);
7. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 4 қыркүйектегi № 1140 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 407-құжат).
Қазақстан Республикасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
ережесіне 1-қосымша
Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған
ШАРТ
____________________ 200_жылғы «_»__________
(елді мекен)
__________облысы әкiмдігінiң 200 жылғы «_»__________________ № __
қаулысы негізiнде осы Ереженiң негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi
«Басқарма» деп аталатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының бастығы
________________________ арқылы осы аумақтық орган_______________________,
(Т.А.Ә.) (атауы)
бiр жағынан, арқылы осы аумақтық орган_____________________, бiр жағынан,
(атауы)
және_______________________негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi
«Пайдаланушы» деп аталатын _____________________________________________
(T.A.Ә, аңшылық iсiн пайдаланушы
өкілінiң лауазымы)
арқылы___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың Т.А.Ә, мекен-жайы)
_______________________________________________________________,
екiншi жағынан, мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәнi
1. Басқарма____________________________________ облысының
____________________ауданында орналасқан жалпы алаңы__________га.,
соның iшiнде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi_____га,
мемлекеттік орман қорының жер учаскелерi____мың га, мемлекеттік жер
қорының учаскелерi____га; тоғандары_____; басқалары______ га;
шекаралары:
солтүстiктен___________________________________________________
батыстан_______________________________________________________
оңтүстіктен____________________________________________________
шығыстан_____________________________________________________
арқылы өтетiн Пайдаланушыға бекітіп берiлген аңшылық алқаптарда
аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
3. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен
жолдамалар беруге, жануарлар дүниесінің объектiлерiн алу квоталары
шегiнде аулаудың күндiк және маусымдық нормаларын белгiлеуге;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға берiлген рұқсаттарға сәйкес
жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға;
3) жануарлар дүниесiнiң олжаланған объектiлерiне және бұл ретте
алынған өнiмдерге меншiктенуге;
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен
шарттар жасасуға құқығы бар.
4. Пайдаланушы:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген
тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдi дер кезiнде
енгізуге;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзуге;
4) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
5) жануарлар дүниесін табиғи қауымдастықтар тұтастығының бұзылуына
және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн халық пен қоршаған орта
үшiн қауiпсiз тәсiлдермен пайдалануға;
6) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды жүргiзуге
және Басқармаға есептіліктердi, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдалануға
өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде беруге;
7) бекітіп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi
объектiлерiн, соның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі
төнгендерiн қорғау мен өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге;
8) биологиялық-экономикалық тексерулер нәтижесiне сәйкес жануарлар
дүниесі объектiлерiн молықтыруды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар
жүргізуге;
9) iшкi тәртiп ережесін белгiлеуге, пайдалану учаскелерi мен
жануарлар дүниесi объектiлерiн молайтуға бағытталған учаскелердi құруға;
10) жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн аспалы
хабарландырулар_______(дана), трафареттер________(дана), плакаттар (дана)
орнатуға;
11) ______(адам) қорықшылық қызметiн құруға;
12) ветеринариялық iс-шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;
13) биотехникалық іс-шаралар кешенiн өткізудi қамтамасыз етуге;
14) 200__жылғы «__»__________дейiн шаруашылықiшiлiк аңшылық ісiн
ұйымдастыруды жүргiзуге және оның орындалуын қамтамасыз етуге;
15) бұрынғы шаруашылықішілік аңшылық iсi ұйымдастыру мерзiмi
аяқталғаннан кейiн қайталама шаруашылықiшілiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды
жүргiзуге;
16) _________________________ аңшылық алқаптарды бекітіп беруге
арналған конкурсқа қатысу кезінде Пайдаланушы мәлiмдеген мiндеттемелердi
орындауға;
17) осы шарттың ережелерiн орындауға мiндеттi.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген
құзыретi шегiнде:
1) Пайдаланушыға бекітіп берiлген аңшылық алқаптарға келiп тұруға;
2) аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерiн және жануарлар дүниесiн
қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамаларын бұзғаны үшін Пайдаланушының лауазымды тұлғаларын әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.
6. Басқарма заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Пайдаланушының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын және
осы шарт ережелерiнiң орындалуын бақылауға;
2) Пайдаланушылар берген өтiнiмдерге сәйкес жануарлар дүниесiн
пайдалануға квоталарды бөлуге және рұқсаттар беруге;
3) Пайдаланушының қорықшылық қызметi жасаған және берген әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын қарауға және олар бойынша шешiмдер
қабылдауға мiндеттi.
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда
Басқарма оған орын алған кемшілiктердi жою туралы ескертеді және оларды
жою мерзiмiн белгілейдi. Егер Пайдаланушы кемшiлiктердi көрсетiлген
мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.
8. Басқарма Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда ол Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Қорытынды ережелер
9. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және____ жыл
мерзiмге жасалды.
10. Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың қолданылуы:
1) Пайдаланушы бекітілiп берілген алқаптардан ерiктi түрде бас
тартқан;
2) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған;
4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ осы
шарттың ережелері жүйелі түрде бұзылған;
5) аңшылық алқаптар мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынған;
6) жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсаттардан
айырған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер
пайда болған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
11. Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі дауларды шешу кезінде
тараптар осы шарттың ережелерін, шаруашылықішілік аңшылық ісін
ұйымдастыру шартын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа
алады.
12. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
13. Осы Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде
________ данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекен-жайлары
мен қолтаңбалары:
───────────────────────────────────┬────────────────────────────────
«Басқарма» │ «Пайдаланушы»
───────────────────────────────────┼────────────────────────────────
───────────────────────────────────┼────────────────────────────────
───────────────────────────────────┼────────────────────────────────
(толық атауы, заңды мекен-жайы │ (толық атауы, заңды мекен-жайы
және деректемелерi) │ және деректемелерi)
М.О. │ M.O.
───────────────────────────────────┴────────────────────────────────
Қазақстан Республикасында
аңшылық шаруашылығын
жүргізу ережесіне
2-қосымша
АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
1. Аңшылық шаруашылығының сипаттамасы
1. Аңшылық шаруашылығының атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Пайдаланушы:___________________________________________________
(атауы және ұйымның мекен-жайы)
3. Негiздеме_______________облысы әкiмдiгiнiң 20__ жылғы «__»
______________№ _____________қаулысы және_______________________мен
_________________________арасында 20__жылғы «__»__________________
20__жылғы «__»______________дейін__________жыл мерзіміне жасалған
20__жылғы «__»______________№______ Аңшылық шаруашылығы жүргiзуге
арналған шарт.
4. Шаруашылық_____________________________________________________
(ауданының, облысының) аумағында орналасқан.
5. Шекарасы:
солтүстiктен _____________________________________________________
батыстан__________________________________________________________
оңтүстiктен_______________________________________________________
шығыстан__________________________________________________________
арқылы өтедi.
6. Шаруашылықтың алаңы: _____мың га., соның iшiнде:
мемлекеттік орман қорының жерлерi___мың га, бекітіп берiлген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлер__мың га, тоғандар___мың га;
мемлекеттік жер қоры жерлерi___мың га, басқалары____мың га.
7. Аңшылық шаруашылығындағы қорықшы айналымдарының саны:_________
2. Аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi
8. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды 20__ жылы
________________________________________________________орындады.
(орындаушы)
9. Аңшылық шаруашылығының санаты:______________________________
және аңшылық шаруашылығы қызметiнiң негiзгi бағыты:
_______________________________________________________________
10. Аңшылық алқаптардың бонитеттiк бағасы:
I ____________________________________________________________ (га)
II ___________________________________________________________ (га)
III __________________________________________________________ (га)
IV ___________________________________________________________ (га)
V ____________________________________________________________ (га)
11. Аңшылық алқаптардың аулау түрлерi бойынша өткізу қабiлетi:
суда жүзетiн құстар бойынша______________________________________;
алқап, дала құстары бойынша______________________________________;
орман құстары бойынша____________________________________________;
батпақты жерлер құстары бойынша__________________________________;
қырғауыл бойынша_________________________________________________;
қоян бойынша_____________________________________________________;
тұяқты аңдар бойынша_____________________________________________;
өзгеде түрлерi___________________________________________________;
(түрлердiң атауы)
12. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi
№ | Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. | 20_ ж. |
1 Жануарлар дүниесi объекттерiн молықтыруға ар- налған учаскелер: Саны/алаңы 2 Дамылдау аймақ- тары: Саны/алаңы 3 Аншлагтар саны 4 Мұнаралар саны 5 Кепелер саны |
13. Аңшылық шаруашылығының штаты: