Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш бермеуi оның салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келiскенi болып есептеледi.
2. Салық төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданудың алғашқы салық кезеңiнде өтiнiшпен бiрге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
4) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
5) лицензиясын (қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда);
6) жұмыс берушiнiң (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлiмделген қызметкерлер санына табыс түрiнде төлейтiн шығындарын қоса алғанда, салық төлеушiнiң өткен бес жыл үшiн жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшiн қажеттi есептерiнiң көшiрмелерiн табыс етедi. Бұл орайда аталған табыстары осы Кодекстің 149-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады;
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша толтырған патент құнының есебiн табыс етедi.
Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.
3. Жоғарыда аталған құжаттардың бәрi болған жағдайда салық органы бес жұмыс күнi iшiнде патент бередi.
Келесi салық кезеңдерiнде салық төлеушiлер салық органына патент алу жөнiнде өтiнiш берген кезде, осы баптың 2-тармағының 1)-5) тармақшаларында белгiленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етедi.
4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркелген кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда салық төлеушi осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.
5. Патент беру әрбiр салық кезеңiне жүргiзiледi.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 388-бап өзгертілді
388-бап. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем ақыны есептеу тәртібі
1. Патент құнының есебiне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтiк салық (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлiк салығы, көлiк құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеушi қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепте тұрған жағдайларда) енгiзiледi.
2. Салық кезеңiнiң басында патент құнының есебiне енгiзiлген салық сомаларын есептеу:
1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын белгiлеу кезiнде - өткен бес жыл iшіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер табыс пен шығындар көрсеткiштерiн осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткiштерi бойынша анықтайды.
Табыстар мен шығындар көрсеткiштерiн анықтау тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілейдi;
2) әлеуметтiк салықты анықтау кезiнде - осы Кодекстің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн шығыстарына осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
Бұл орайда жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрінде төлейтiн шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл iшіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлiмделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.
Жаңадан құрылған кәсiпорындар үшiн мәлiмделген орташа жалақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауға тиiс;
3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлiк салығы мен көлiк құралдары салығының сомасы - жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 процентке азайтылады.
4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ағымдағы салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi және (немесе) патенттiң құны есебiне енгiзiлген салық бойынша және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық төлеушiлер мұндай салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомаларына қайта есептеу жүргiзедi және салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей салық органына патент құнының өзгертiлген есептемесiн табыс етедi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 389-бап жаңа редакцияда; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 389-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
389-бап. Салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің тәртібі мен мерзiмдерi
Патент құны есебiне енгiзiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша 20 мамырдан және 20 қазаннан кешiктiрiлмей, патент құны есебiнде көрсетiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларының тиiсiнше 1/6 және 1/2 мөлшерiнде және патент құны есебiне енгiзiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берiлген қайта есептеулердi ескере отырып, патент құнының қалған бөлiгi мөлшерiнде келесi салық кезеңiнiң 20 наурызында жүргiзiледi.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 390-бап өзгертілді
390-бап. Патент құны есебiне кiрмеген салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн есептеу, төлеу ерекшелiктерi және олар бойынша салық есептілігiн табыс ету
1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеудi, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын салық төлеушiлер мынадай тәртiппен жүргiзеді:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар 25 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.
2-1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша жүргiзiледi.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар өткен салық кезеңi үшiн 20 наурыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде мынадай салық есептілігiн:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.
4. Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ағымдағы салық кезеңiнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сома бойынша - 20 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде;
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешіктiрмей тапсырады.
5. Осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет түрлерi бойынша патент құны есебiне енгiзiлмеген және осы бапта көрсетiлмеген салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу төлеу және салық есептілігiн тапсыру жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
67-тарау. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
түрлеріне арналған арнаулы салық режимі
391-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын бизнесi - құмар ойындарды ұйымдастырып, өткізуге және (немесе) табыс табу мақсатымен бәс тiгуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
3) ойын мекемесi - құмар ойындар өткiзiлетiн және (немесе) бәс тiгуге ставкалар қабылданатын орын: казино, тотализатор, букмекерлiк кеңсе, ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары залы және өзге де ойын үйлерi (орындары);
4) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
5) ойын үстелi - ойын мекемесіндегі кез келген ұтыс түрi бар құмар ойындар өткізуге арналған арнаулы жабдық, ойын мекемесi ол ойындарға өз өкiлдерi арқылы тарап ретiнде немесе ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретiнде қатысады;
6) ойын автоматы - ойындар, соның iшiнде құмар ойындар өткізу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
7) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактілі двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi;
8) касса - ойын мекемесіндегі (тотализатордағы немесе букмекерлiк кеңседегi) ставкалардың жалпы сомасы есепке алынатын және төленуге тиiстi ұтыс сомасы белгiленетiн арнайы жабдықталған орын;
9) лото - фишкалармен жабылатын нөмiрлерi (суреттерi немесе басқа да белгiлерi) бар ерекше карталардағы ойын;
10) бәс тiгу - тәуекелге негiзделген және екi немесе бiрнеше жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында жасалған, нәтижесi болуы немесе болмауы белгiсiз мән-жайға байланысты болатын ұтыс туралы келісім;
11) салық салу объектiлерi есепке алынатын тiркеу карточкасы - салық органдарындағы нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн салық салу объектiлерiнің тiркелгенiн куәландыратын құжат;
12) тұрақты нүкте - боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны ұйымдастыру бойынша ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызмет көрсетуiмен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.
392-бап. Жалпы ережелер
1. Кәсіпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимi (бұдан әрi - арнаулы салық режимi):
1) ойын бизнесi саласында;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;
3) боулинг (кегельбан) бойынша;
4) картинг бойынша;
5) бильярд бойынша;
6) лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететiн жеке кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне қолданылады.
2. Арнаулы салық режимi осы баптың 1-тармағында анықталған тұлғалар (бұдан әрi - салық төлеушiлер) үшiн:
1) тiркелген жиынтық салық түрiнде корпорациялық немесе жеке табыс салығын және қосылған құн салығын есептеу мен төлеудiң;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларация түрiнде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгiлейдi.
Бұл тәртiп төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүлiктiк табыс жөніндегі жеке табыс салығы және төлем көзiнен салық салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептілігiн есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданылмайды.
3. Корпорациялық (жеке) табыс салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 30 процентiн, қосылған құн салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 70 процентiн құрайды.
4. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салықты төлеумен бiрге акциз төлейдi, оның сомасы осы Кодекстiң 255-278-баптарында белгiленген тәртiппен анықталады.
5. Осы баптың 1-тармағында аталмаған өзге де кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде салық төлеушiлер мұндай қызмет түрлерi бойынша кiрiс пен шығыстың бөлек есебiн жүргiзуге және корпорациялық немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын және акциздi есептеу мен төлеудi жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.
6. Осы баптың 2-4-тармақтарында аталмаған салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн есептеу, төлеу және оны табыс ету осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
7. Ойын мекемесiнде (тұрақты орында) пайдаланылатын, осы Кодекстiң 393-бабында аталған салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны, объектiлердiң жалпы санының өзгерiсi осы Кодекстiң 397-бабында белгiленген тәртiппен салық органдарында мiндеттi тiркелуге (қайта тiркелуге) тиiс.
393-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiсi
Мыналар тiркелген жиынтық салық салу объектiсi болып табылады:
2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін:
ойын үстелі;
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда);
тотализатор кассасы;
букмекерлік кеңсе кассасы;
электрондық рулетка;
2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін:
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер;
3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
ойын жолы;
4) картинг бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
карт;
5) бильярд бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
бильярд үстелi;
6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушiлер үшiн:
лото ұйымдастырушы.
2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 394-бап жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
394-бап. Тіркелген жиынтық салық ставкалары
Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бекітілген базалық ставкалар шегінде жергілікті өкілді органдар қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілейді.
395-бап. Тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу тәртібі
1. Күнтiзбелiк бiр жылда төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық осы Кодекстiң 393-бабында белгiленген әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Осы Кодекстiң 396-бабында белгiленген есептi кезең үшiн төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы он екiге бөлу жолымен анықталады.
2. Акциз және тiркелген жиынтық салық сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, ай сайын салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша бюджетке төленуге тиiс.
3. Салық төлеушiнiң облыста (қалада) бiрнеше ойын мекемелерi (тұрақты нүктелерi) болған кезде тiркелген жиынтық салық және акциз бiр аудан (қала ауданы) шегiнде орналасқан салық салу объектiлерi бойынша бөлек есептеледi.
4. Салық салу объектiлерiн салық кезеңiнiң 15-iне дейiн пайдалануға енгізу кезiнде тiркелген жиынтық салық толық салық кезеңi үшiн деп есептеледi де, 15-iнен кейiнгiсi кезеңнің жартысы үшiн деп есептеледi.
Салық салу объектiлерi салық кезеңiнiң 15-iне дейiн шығып кеткен кезде тiркелген жиынтық салық - салық кезеңiнiң жартысы үшiн деп, ал 15-iнен кейiнгiсi толық кезең үшiн деп есептеледi.
396-бап. Салық кезеңi және салық декларациясы
1. Күнтiзбелiк ай тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 397-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
397-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiлерiн тiркеу (қайта тiркеу) тәртібі
1. Тiркелген жиынтық салық салу объектiлерiн тiркеу (қайта тiркеу) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Салық төлеушiнiң бiр елдi мекен шегiнде орналасқан бiрнеше ойын мекемесi (тұрақты нүктесi) болған жағдайда салық салу объектiлерiн тiркеу салық төлеушiнің таңдауы бойынша бiр салық органында жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Салық органы өтiнiште көрсетiлген деректер негiзiнде объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi дананы да мөрмен және салық органы басшысының қолымен куәландырады.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiреуi салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
Объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасы әрбiр ойын мекемесiне (тұрақты нүктеге), оларда пайдаланылатын салық салу объектiлерi есепке алына отырып, жеке берiледi.
Ойын мекемелерiнде (тұрақты нүктелерде) салық салу объектiлерi есепке алынған тiркеу карточкасының түпнұсқасы болуға тиiс.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны өзгерген жағдайда салық төлеушi салық салу объектiлерiн қайта тiркеу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық салу объектiлерiн қайта тiркеу объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасына тиiстi өзгерістер енгізу арқылы жүргiзiледi.
Осы Кодекстiң 392-бабының 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң жалпы саны (стационарлық нүкте) шығып қалған кезде, объектiлердiң есебiн тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектiлерiнiң (стационарлық нүкте) шығып қалған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуға тиiс.
4. Салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi және объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналына белгi қояды.
5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерiнiң ойын мекемесi (тұрақты нүкте) аумағында болуына тыйым салынады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 68 тараудың тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер
68-тарау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені
және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алым
398-бап. Жалпы ережелер
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн алым (бұдан әрi алым) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 399-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
399-бап. Алым төлеушiлер
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер алым төлеушiлер болып табылады.
400-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы салық төлеушi ретіндегі алым төлеушiнiң мемлекеттік тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iсәрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
69-тарау. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым
401-бап. Жалпы ережелер
1. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi алым) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
402-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Шаруа (фермер) қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын оралмандар алым төлеушiлер болып табылмайды.
403-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iсәрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын
мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені