3. «Жасыл және қызыл» дәліздердің басталуы мен аяқталуын кедендік бақылау аймағының шегінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі белгілейді.
269-3-бап. «Жасыл және қызыл дәліздерді» қолдану үшін шекарадағы өткізу пункттеріне қойылатын талаптар
1. «Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесі шекарадағы өткізу пунктінің кедендік бақылау аймағында «жасыл дәліз» талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бір дәліз және «қызыл дәлізге» қойылатын талаптарды ескеріп жабдықталған кем дегенде бір дәліз болған кезде қолданылады.
2. «Жасыл және қызыл дәліздерді» жайластыруға қолданылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;
46) 275-баптың 1-тармағы «табыс ету талап етілмейді» деген сөздерден кейін «және мұндай жағдайларда кедендік рәсімдеу көлік және коммерциялық құжаттарға кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 297-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталып, 1) тармақшадағы «алым» деген сөз «алым жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 306-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «кірістің бір бөлігі» «, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріс» деген сөздермен толықтырылсын;
49) 309-бап мынадай мазмұндағы 11- тармақпен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өзінде ақпарат жазылған ақпарат тасығыштарды (магнитті дискілер, магнитті таспалар, компакт-дискілер, флоппи-дискілер және басқалар) әкелген кезде кедендік құнға, мәміленің нысанасы көрсетілген тасығыштарда жазылған ақпарат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.»;
50) 316-бапта:
1-тармақта:
«растау үшін декларант» деген сөздерден кейін «жазбаша және (немесе) электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада «егер декларант бере алса, жіберуші» деген сөздер «заңнамасы кедендік декларацияны толтыруды көздемейтін елдерді қоспағанда, жөнелтуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «декларант бұл үшін қажетті» деген сөздерден кейін «жазбаша және (немесе) электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 317-баптың 1-тармағында:
«кеден органына» деген сөздерден кейін «жазбаша және (немесе) электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
52) 318-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
төртінші абзацында «дәйектемесіз декларациялау» деген сөздерден кейін «, оның ішінде декларацияланатын тауар шыққан елдің Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы қодының сәйкессіздігі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«егер, сатушы кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде кіріс алса, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерден алған кірісі болса;»;
2-тармақта:
1) тармақша «(қабылдау актісі) және» деген сөдерден кейін «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сатушыға кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде түскен кіріске, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған кіріске байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, сатып алу-сатудың не айырбастың сыртқы сауда шарты (келісімшарты) және (немесе) жарғылық капиталында мәміленің әрбір қатысушысының айналасында жүрген дауыс беретін акциялары немесе резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) 5 немесе одан да көп проценттері тікелей немесе жанама резидентке тиесілі резидент еместің және үшінші тұлғаның шот-фактурасы (инвойсы) тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.
Бұл ретте түзетуді резидент емес тұлға өз атынан үшінші тұлғаға түпкілікті қайта сату жөніндегі мәліметтермен ұсынатын құжаттар бойынша резидент жүргізеді.»;
5-тармақта «экспорт режимінде» деген сөздер және «немесе тауарды еркін айналым үшін шығарғаннан» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ «тауарларға ғана» деген сөздердің алдынан «, оның ішінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды және шығарылған елі өзгеруіне байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 320-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
54) 321-бапта:
1-тармақта «кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген болса,» деген сөздер «осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «мәліметтерін пайдалана отырып» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ шет мемлекеттермен деректер алмасу және Осы Кодекстің 314-бабының 2-тармағында айқындалған деректердің негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
55) мынадай мазмұндағы 321-1-баппен толықтырылсын:
«321-1-бап. Тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысты қосымша
ережелер
Кеден ісі саласындағы қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізуден болатын кедендік төлемдер мен салықтар бойынша залалды белгілеу мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өткізілген тауарларға қатысты және кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген тауарларға қатысты өсімпұлды қоса алғанда, төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы шекарадан өткен күні, ал егер де мұндай күнді анықтау мүмкін болмаса, кеден органдары осындай тауарларды анықтаған күні қолданылатын ставкалар негізге алына отырып есептеледі.
Кеден органына тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары туралы, мөлшері, шығарылған елі туралы нақты мәліметтерді ұсынбауға байланысты кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын анықтау мүмкін болмаған кезде кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кедендік төлемдер мен салықтардың ставкаларының анағұрлым көп шамасының, тауардың мөлшері мен шығарылған елінің негізінде анықталады.»;
56) 322-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензия алушы тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушілер болып табылады;».
57) 325-баптағы «және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын» деген сөздер алып тасталсын;
58) 327-бап «төлемдердің» деген сөзден кейін «және салықтардың» деген сөздермен толықтырылсын;
59) 338-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «қолданылады» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Кодекстің 370-бабына сәйкес тауарларды шартты түрде шығару кезінде қолданылады.»;
60) 339-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
61) 346-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы «төлеу есебіне» деген сөздерден кейін «, өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде,» деген сөздермен толықтырылсын;
62) 350-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер хабарламаға шағым жасалған жағдайда хабарламадағы талаптарды орындау мерзімін есептеу шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешімнің заңды күшіне енген күнін қоса есептегенге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте шағымдану өсімпұл есептеуді тоқтата тұруға негіз болмайды.»;
63) 354-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.»;
64) 357-баптың 3-тармағында «заңдарына» деген сөз «салық заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 380-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы межелі кеден органында қысқаша декларацияны тіркеген күнді қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі.»;
3-тармақтағы «дәлелді өтініші» деген сөздер «жазбаша өтініші» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 382-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы «және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты» деген сөздер алып тасталсын;
67) 383-бапта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«заңнамасында кедендік декларацияны ресімдеу көзделмеген елдерден басқа, жөнелтуші елдің кедендік жүк декларациясы;»;
17) тармақшаның бесінші абзацы «тауарлардың» деген сөзден кейін «әкелінуін және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
68) 385-бапта:
2-тармақта «Кеден органы» деген сөздер алып тасталсын және «өзгертуге және толықтыруға рұқсат етеді» деген сөздер «өзгертуі және толықтыруы мүмкін» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтағы «дәлелді өтініші» деген сөздер «жазбаша өтініші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ресімдеу мерзімі осы Кодекстің 440-бабында белгіленген мерзімнен асатын кедендік жүк декларациялары жойылуға жатады.»;
8-тармақта «дәлелді өтініші» деген сөздер «жазбаша өтініші» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 387-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уақытша кедендік декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда және (немесе) келісімшарттың тараптары өзара тәуелді тұлғалар болып табылса, өзара тәуелді тараптар арасында бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде тауарларды жеткізуге бір уақытша кедендік декларация беріліп, кейіннен саны бойынша байланысты емес нақты сатып алушылардың бірнеше толық кедендік жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісімшарты) беріледі.»;
70) 390-бапта:
«Кеден органдары» деген сөздердің алдынан «1.» деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы кеден органдары тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде декларант ұсынылған ақпараттың дұрыс еместігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.»;
71) мынадай мазмұндағы 393-1-баппен толықтырылсын:
«393-1-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шартты шығару
1. Шартты шығаруға:
шектеулер сақтала отырып оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген;
кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін айналыс үшін қайта өңдеу, уақытша әкелу (әкету), еркін қойма және еркін кеден аймағы кедендік режимдеріне орналастырылған;
оларға қатысты осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылатын тауарлар мен көлік құралдары жатады.
2. Шартты шығару кезінде тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
3. Оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда ғана пайдаланыла алады.
4. Еркін айналыс үшін шығаруға мәлімделген тауарлар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалған сәтіне дейін шартты шығарылған деп саналады.
5. Шартты шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады.»;
72) 394-бапта:
бірінші бөлікте «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылып, «заңды тұлға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер» деген сөздермен толықтырылсын;
73) 395-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «салықтардың төленуін» деген сөздерден кейін «, егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе,» деген сөздермен толықтырылсын;
74) 397-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы «алдында» деген сөзден кейін «, егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе,» деген сөздермен толықтырылсын;
75) 398-баптың 1-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) кеден органына кеден брокерінің штатындағы мамандар туралы мәліметтерді ұсыну;»;
76) ) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«400-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай біліктілік талаптарына сай болу қажет:
1) осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютер құрал-жабдығының болуы;
2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкілдік беруші тұлғалардың мүліктері мен мүдделеріне зиян келтіргені үшін кеден брокерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы.»;
77) 401-бапта:
«Заңды тұлға» деген сөздер алып тасталып, 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден брокері ретіндегі қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін жол беріледі.»;
2-тармақтың 1) тармақшасында «заңды» деген сөз «мүдделі» деген сөзбен ауыстырылсын;
78) 403-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
79) 407 және 408-баптар алып тасталсын;
80) 419-баптың 2-тармағы «не оны алмастырушы адам» деген сөздерден кейін «тиісті бұйрықты ресімдей отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
81) мынадай мазмұндағы 420-1-баппен толықтырылсын:
«420-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік құқығын қорғауына
қатысты қосымша ережелер
Кеден органдары сот шешіміне сәйкес жойылуға жататын контрафактылы тауарларды тиісті мемлекеттік органға беруге міндетті.
Контрафактылы тауарды жою жөніндегі сот шешімі шығарылған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.»;
82) 424-баптың 7-тармағындағы «кедендік» деген сөзден кейін «, фискалдық және болжамдық» деген сөздермен толықтырылсын;
83) 432-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«432-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік
бақылау
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды, жеке тексеріп қарауды қоспағанда, осы Кодекстің 441-бабында көзделген нысандарда жүзеге асырады.»;
84) 433-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
85) 442-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. 442-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрату және оларды тексеру, егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергі жасамауға тиіс.»;
86) 453-бапта:
1-тармақ «жіктелуі» деген сөздерден кейін, «, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте «сарапшылары» деген сөз «мамандары» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша «қаулы» деген сөзден кейін «немесе ұйғарым» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте «не қаулыда» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын «, қаулыда не ұйғарымда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «не қаулымен», «не қаулыға» деген сөздер «, қаулымен не ұйғарыммен», «, қаулыға не ұйғарымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
87) 468-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде «мүмкіндік беретін» деген сөздерден кейін «, талдау мен тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асырылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
88) мынадай мазмұндағы 469-1-баппен толықтырылсын:
«469-1-бап. Алдын ала ақпарат беру
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласында лицензиясы бар тұлғалар кеден органдарына электрондық түрде жүк, жолаушылар, көлік құралдары және жүру бағыты туралы алдын ала ақпаратты береді.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Алдын ала ақпаратты беру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
89) 481-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді;»;
90) 506-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметке жарамдылығы туралы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларының медициналық қорытындысының болуы;»;
3) тармақшасында «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
91) 507-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «Жас мамандарды», «жас мамандар» деген сөздер «Жаңадан қабылданғандарды», «, жаңадан қабылданғандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 508-бап алып тасталсын;
93) 515-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Уәкілетті орган бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелерінің, кедендердің, мамандандырылған кеден мекемелерінің басшылары және олардың орынбасарлары атқарып отырған басшылық қызметінде үздіксіз болғанына үш жыл өткеннен кейін сол кеден органында не басқа кеден органына ротациялануы мүмкін;»;
94) 516-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты міндеттерді және шектеулерді сақтамауы;»;
95) 518-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында «қызметкерлеріне» деген сөздер «лауазымды адамдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 26-сы.
№ 312-ІІІ ҚРЗ