2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 40) тармақшамен толықтырылды
40) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды
41) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 42) тармақшамен толықтырылды
42) жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 43) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
43) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау және дамыту үшін жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 44) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
44) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын әзірлейді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 45) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
45) астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін әзірлейді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 46) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
46) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 47) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
47) астанада ұлттық қолөнерді және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1-бап өзгертілді
9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым
Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) астананың брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады;
2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді;
3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жаңартылатын энергия көздері саласында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады;
5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді;
6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді;
7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады;
8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
7) жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз етеді.
2. Астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы
1. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы:
1) көше, шеткері және коммуналдық автомобиль тұрақтарын (орынтұрақтар, паркингтер), арнаулы (күзетілетін) үй-жайларды, алаңдар мен орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру мен басқаруды;
2) паркингтердің және орынтұрақтардың пайдаланылуын мониторингтеуді;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуге (эвакуациялауға), оларды уақытша сақтауға, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнының ақысын төлеуге, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде көлік құралдарын, тасталған немесе иесіз көлік құралын, заттай дәлелдемелер деп танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салу қолданылған көлік құралдарын арнаулы (күзетілетін) үй-жайларда, алаңдар мен тұрақтарда қайтаруға байланысты қызметті ұйымдастыруды;
4) бағдаршамдарды басқаруды;
5) жол жүрісін ұйымдастыру жобалары мен схемаларын әзірлеуді;
6) көлік ағындарын талдауды, болжауды және басқаруды;
7) интеллектуалдық көлік жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды;
8) көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруды;
9) жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
10) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептер дайындауды;
11) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуді;
12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды;
13) қала құрылысы құжаттамасының аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөліміне ұсынымдар әзірлеуді;
14) жол-көлік оқиғаларынан болған шығындарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған бюджеттік шығындарды, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігін мониторингтеуге қатысуды;
15) мыналар:
жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемаларын және көлік жүйесін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
қалалардағы жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көлік жүктемесін төмендету бойынша шараларды орындауды;
16) ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көлігінің жүруін ұйымдастыруды, оның ішінде оның көше-жол желісі бойынша жүруін әкімшілендіруді;
17) бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларға көліктік қызмет көрсету схемаларын келісуді;
18) қоғамдық көлік қозғалысының маршруттары мен параметрлерін және аялдама пункттерінің орналасуын келісуді жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын жеткізуді (эвакуациялауды), сақтауды жол жүрісін ұйымдастыру орталығы жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлігінде Астана, Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырады.
10-бап. Астананың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астана әкімі өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Үкіметімен, өзге де орталық мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттер өкілдерімен қатынастарда астананың атынан өкілдік етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тікелей астана мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келіседі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына астананың жұмыс істеуі мен оны дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да ұсыныстар енгізеді;
4) астанада жалпымемлекеттік және халықаралық сипаттағы іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді шешуге қатысады;
5) тиісті мемлекеттік органдарға астана аумағында орналасқан республикалық меншіктегі, қаланың астана функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін зор маңызы бар объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы ұсыныстар енгізеді.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Астананың коммуналдық меншігі
Астананың коммуналдық меншігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншігінің құрамдас бөлігі болып табылады және мыналардан:
1) жеке меншіктегі жер учаскелерін қоспағанда, астана аумағындағы жер учаскелеріне меншіктен;
2) астана әкімдігі акционері (қатысушысы) ретінде болатын акционерлік қоғамдардағы акцияларға, жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестеріне меншік құқықтарынан;
3) астана көшелерінен, жылжымайтын мүлікке меншіктен;
4) астана әкімдігі меншік иесі ретінде болатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкінен;
5) өзге де мүлік пен құқықтардан, оның ішінде мүліктік құқықтардан, активтерден тұрады.
12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астананың аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі астананың бас жоспары, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға), астананың бірыңғай сәулеттік келбетіне, дизайн-кодына қойылатын талаптарға сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
2. 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.
Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.
Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
Астананың қала құрылысы кеңесі:
1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;
2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;
3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында астананың жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қараулар жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қараулар актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жөндеуді жүргізу;
мердігер ұйымды таңдау;
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі арқылы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеу жөнінде өтініш жасау туралы шешім қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі уәкілетті ұйыммен жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға шарт жасасады.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен жасасқан шарттың және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен бірлесіп мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі астананың жергілікті атқарушы органына көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды пәтерлердің, үй-жайлардың меншік иелеріне толық өтеу туралы өтініш жасайды.
Уәкілетті ұйым орындалған жұмыстар көлемі үшін мердігер ұйымға ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алынған және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеуіне арналған қаражаттың есебінен жүзеге асырады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымға:
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мыналармен:
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды
1. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар дизайн-код объектілеріне қолданылады, оларға астананың ғимараттары мен құрылысжайлары, инженерлік және көлік коммуникациялары, стационарлық емес объектілері, инфрақұрылым объектілері, астананың тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтарындағы олардың кешендері, аяқталмаған құрылыс объектілері, көше-жол желісі, сондай-ақ сыртқы безендіру, жарықтандыру және иллюминация объектілері, жарнама объектілері, маңдайшалар мен нұсқағыштар да жатады.
2. Астана аумағын дамыту мен құрылысын салуды ұйымдастыру, қала құрылысын жоспарлау астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Дизайн-код объектілерін салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату, уақытша немесе тұрақты орналастыру, сондай-ақ осы жұмыс түрлерін ұйымдастыру, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы безендіру астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптарға сәйкес астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптардың сақталуын бағалауды астананың дизайн-кодын қалыптастыру мен әкімшілендіруге жауапты ұйым жүзеге асырады.
5. Қалалық инфрақұрылымды ұйымдастыру кезінде жол жүрісіне қатысушыларды, мүгедектігі бар адамдарды, кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттарының оған жайлы қол жеткізуін қамтамасыз ететін астананың жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының тиісті жай-күйінен көрінетін қолжетімді орта қамтамасыз етілуге тиіс.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
12-2-бап. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағында орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау режимінің ерекшеліктері
1. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағы деп астана аумағы шегіндегі қорғау, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристік функцияларды орындайтын аймақ түсініледі.
2. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының шекарасын өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
3. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағы айналасындағы және оның шекарасындағы жерлерде қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметке, оның ішінде мал жаюға, үй жануарларын айдауға, қоқысты жинақтауға, топырақ қабатын бұзуға, аң аулауға, жануарларды аулау мен жоюға, олардың тіршілік ету ортасы мен жағдайларын бұзуға, қорғалатын ландшафттардың табиғи келбетінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер тұрақтылығының бұзылуына әкелуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.
4. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13-бап. Астананың инфрақұрылымы
Астананың инфрақұрылымы:
1) инженерлік инфрақұрылымды;
2) көліктік инфрақұрылымды;
3) тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесін;
4) абаттандыру және көгалдандыру жүйесін;
5) астананың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да объектілер мен жүйелерді қамтиды.
13-1-бап. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды ережелер
14-бап. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №7-8, 79-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., № 6, 75-құжат; 2003 ж. №24, 178-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 296-ІІІ ҚРЗ