5. Бандана (таңғыш), күннен-шаңнан қорғайтын және күннен қорғайтын
көзiлдiрiктер ыстық климатты аудандарда берiледi, күннен қорғайтын
көзiлдiрiктер тауларда және тұрақты қар басқан аудандарда берiлсiн.
6. Секiруге арналған бәтеңкелер парашютпен секiретiн әскери
қызметшiлерге берiледi.
7. Алюминдi фляга мен флягаға арналған тыс ыстық климатты аудандарда
беріледi.
8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер
комитетiнде кевларлы дулығамен, қалқаны бар титанды дулығамен, кевларлы
броньды беренмен, тізеқаптармен, шынтаққаптармен, кевларлы дулығаға
тыспен қамтамасыз етудi инженерлiк қызмет, ал құрастырылған бақырмен,
бақырға арналған тыспен, алюминдi флягамен және флягаға арналған тыспен
қамтамасыз етудi азық-түлiк қызметi жүзеге асырады.