4. Егер барлау нәтижесiнде коммерциялық табу болмаса, жер қойнауын пайдаланушының салынған қаржыларының өтеуiн алуға құқығы жоқ.
65-бап. Кен орнын бiрлесiп игеру
1. Кен орнын бiрлесiп игеру, бiр кен орнының әр бөлiктеріндегі жер қойнауын пайдаланушылардың өндiру операцияларын үйлестiру болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар кен орнын бiрлесiп игеру жөнiнде өзара жазбаша келісім жасауларына болады. Бұл келісім құзыреттi органмен келісілуге тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргiзудi тоқтату немесе
тоқтата тұру кезіндегі мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру кезiнде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндiрiстiк объектiлерi және жер учаскелерi тұрғындардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiлуi қажет. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудi уақытша тоқтатқан кезде, тоқтатылған мерзiмнiң барлық уақытында кен орнының сақталуын қамтамасыз ету үшiн, кен орны консервациялануға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң салдарлары жойылуға тиiс.
2. Барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтатқанда немесе барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтата тұрғанда, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуда және (немесе) пайдалануда, жұмыс аяқталған кездегi геологиялық және өзге құжаттар, осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен сақталуға өткiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
67-бап. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алу құқығы
Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын әлемдiк нарық бағасынан аспайтын бағамен бiрiншi кезекте сатып алуға құқығы бар. Сатылып алынатын пайдалы қазбалардың шектi мөлшерi, олардың бағасы мен төлем түрлерiн анықтау тәртібі контрактыда ескерiледi.
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
68-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау
1. Соғыс, табиғи апат кезiнде немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тән пайдалы қазбалардың барлығын немесе бiр бөлiгiн реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Республика мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше жағдайдың барлық мерзiмiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Пайдалы қазбаларды реквизициялау жер қойнауын пайдаланушылардың меншiк түрiне және мемлекеттік тиесiлiгiне қарамастан, олардың әрқайсысында жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы, реквизицияланған пайдалы қазбалардың өтемақысын заттай немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен, ревизициялау күніндегі әлемдiк нарық бағасымен төлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелiк құқығы
1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қор мөлшерi, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпараттар, егер олар Республикалық бюджеттiң қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттік меншiкте, егер бұл мәлiметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болып табылады.
1-1. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға беруге тиiс.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамай жер қойнауы жайындағы геологиялық және өзге ақпараттар мiндеттi түрде белгiленген стандартқа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға сақтауға, жүйелеуге және жинақтап қорытындылауға өтеусiз тапсырылады.
3. Мемлекет меншiгіндегі жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3-1. Мемлекеттік меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігi ретiнде айқындалады.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының қаржысына алынған, осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етiлген геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және өзге мақсаттарда пайдалану тәртібі мәлiмет иесi мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келісімiнен анықталады.
Осы келісіммен барлық геологиялық ақпараттардың немесе оның бөлiгiнiң құпиялық мерзiмi, сондай-ақ контрактының қолданылу кезiнде геологиялық ақпараттарды жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру шарттары және мүмкiндiктерi анықталады.
5. Контрактының күшi тоқтатылған кезде, барлық геологиялық ақпараттар мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттардың өзге де материалдық сақтаушыларын өтеусiз тапсыруға мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Жер қойнауын пайдаланушының контракт шарттарын сақтауын бақылау
Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын, соның iшiнде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган мұндай бұзушылықты жою қажеттiгін жазбаша хабарламамен көрсете алады.
Ескерту талаптары белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда, құзыреттi орган осы Заңның 45-2-бабына сәйкес контрактыны бұзуға құқылы.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 70-1-баппен толықтырылды ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 70-1- бап жаңа редакцияда
70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн
мемлекеттік органдар тарапынан бақылау
Жер қойнауын пайдаланушының қызметін бақылауды, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы құзыретті орган мен уәкiлетті органдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 70-2-баппен толықтырылды
70-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексерулер
Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны алдын ала хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын бақылау мақсатында тексеру жүргізуге құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеруді құзыретті орган жеке немесе басқа мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізуі мүмкін.
11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепiлдiктерi
Жер қойнауын пайдаланушыға заңдарға сәйкес оның құқықтарын қорғау кепiлдiгi берiледi. Жер қойнауын пайдаланушының жағдайын нашарлататын заңдарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған келісім-шарттарға қолданылмайды.
Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабілетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерін сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келісім-шарттарда, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісім-шарттарды қоспағанда, мемлекеттің келісім-шарттың басқа тарабының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен айырылған құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлесiн (акциялар пакетін) басқа сатып алушылар ұсынғаннан төмен емес шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 71-1-баппен толықтырылды
71-1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 71-2-баппен толықтырылды
71-2-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не келісім-шартта бұрын келісілген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, онда тараптар дауларды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.
10-Тарау
Өтпелi және Қорытынды ережелер
72-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк
1992 жылдың 30-мамырына дейiн жиналған, немесе осы Заң күшiне енгенге дейiн мемлекеттік минералдық ресурстар қорына кiргiзiлген техногендiк минералдық түзiлiмдер мемлекеттік меншiк болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
73-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
1. Осы Заң ол күшiне енгеннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарға және басқа құқықтық қатынастарға қолданылады. Ол күшiне енгенге дейiн жасалған жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарға және басқа құқықтық қатынастарға, осы Заң ол күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.
2. Осы Заң күшiне енгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған контрактылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актілері өз күшiн сақтайды.
3. Осы Заң күшiне енгенге дейiн контракт аумағын алған жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану құқығы келiссөздер негiзiнде берiледi.
74-бап. Осы Заңның күшiне енуiне байланысты заңдардың қолданылуы
Осы Заң күшiне енгенге дейiн жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктерiнде қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды
74-1-бап. Лицензиялық органның функциялары
Жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын берiлген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң) функциялары құзыреттi органға жүктеледi.
75. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
76-бап. Осы Заңның жүзеге асыру жөніндегі шаралар
1. Осы Заң күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., № 9, 248-құжат; 1995 ж., № 24);
"Жер қойнауын және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., № 9, 248-құжат);
"Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1637 Заң күшi бар Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 16, 152-құжат).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:
1) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
Қазақстан Республикасының заңдарын "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлесiн;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiн "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
мемлекеттік органдардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актілерін қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
2) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу контрактысын жасау тәртібі туралы ереженi;
жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртібі туралы ереженi;
жер қойнауының мемлекеттік кадастры туралы ереженi;
геологиялық ақпарат туралы ереженi;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзудiң модельдiк контрактысын әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының