2. білім беру деңгейлері бойынша: бастауыш, орта жоғары кәсіптік стандарттарын әзірлеу және жетілдіру - 117 атау;
3. мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған стандарттарды және оқу бағдарламаларды әзірлеу - 18 атау;
4. жоғары кәсіптік білім бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу - 20 атау, жоғары кәсіптік білім бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қазақ тілінде - 10 атау;
5. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 12 жылдық оқу бағдарламаларын жетілдіру және сараптамадан өткізу - 116 бағдарламалар;
6-1. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында әдістемелік оқулықтар, жинақтар және басқа да баспа өнімін әзірлеу және шығару;
6-2.ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды және ұсынымдарды әзірлеу - 120 атау;
8. 12 жылдық оқуға көшуді әдістемелік қамтамасыз ету - 27 атау;
9. ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. ЖОО-да оқытатын қазақ тілінде электронды мультимедиялық бағдарламаларды әзірлеу - 7 бағдарламалар;
11. жоғары оқу орындарында рейтинг өткізу - 176 жоғары оқу орындарға дейін;
12. "ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы" атты грант тағайындау бойынша конкурстық құжаттамаларды сараптамадан өткізу жөніндегі жұмыстар - 1000 құжаттық пакеттерге дейін;
13. мектепке дейінгі білімнің әдістемелік негізін жасау - 19 атау;
14. оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару процесс бойынша әдістемелік оқу құралдарын әзірлеу - 24 атау;
15. білім беру жүйесінің жағдайын талдау, TIMSS - 2007 халықаралық бағдарламасы бойынша білім беру сапасына зерттеулер жүргізу, 2006 жылғы бір ұлттық тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және кешенді тестілеудің нәтижесін талдау, мониторингін дистанционды түрлерін әзірлеу және енгізу, облыстарда және Қазақстан Республикасының білім беру сапасын бағалау жүйесін құру; білім статистикасына жаңа көрсеткіштерді және индикаторларды әзірлеу және енгізу, 2007 жылға Қазақстан Республикасындағы білім берудің жағдайы және дамуы туралы ұлттық баяндамасын дайындау;
16. Жоғары оқу орындары қызметінің сапасын арттыру;
17. жұмысшы кадрлар мен техникалық қызмет көрсету мамандарының кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалауды өткізуді ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
18. республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына негізгі құралдар сатып алу - 7 бірліктен кем емес (компьютерлік және ұйымдастыру техникасы);
18-1. «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына негізгі құралдар сатып алу - 1 бірліктен кем емес;
19. түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығына негізгі құралдар сатып алу - 7 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 бірліктің орташа құны (күрделі шығындарды қоспағанда):
1. түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы балаларға ерте жастан алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 2785,5 мың теңге;
2. білім беру деңгейлері бойынша: мектепке дейінгі, бастауыш, орта жоғары кәсіптік стандарттарды әзірлеу және жетілдіру - 117,99 мың теңге;
3. мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған стандарттарды және оқу бағдарламаларды әзірлеу - 750,5 мың теңге;
4. жоғары кәсіптік білім бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, соның ішінде қазақ тілінде - 184,3 мың теңге;
5. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 12 жылдық оқу бағдарламаларын жетілдіру және сараптамадан өткізу - 683,3 мың теңге;
7. спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды және ұсынымдарды әзірлеу - 582,5 мың теңге;
8. 12 жылдық оқуға көшуді әдістемелік қамтамасыз ету - 792,2 мың теңге;
9. ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. ЖОО-да оқытатын қазақ тілінде электронды мультимедиялық бағдарламаларды әзірлеу - 3451 мың теңге;
11. ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. "ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы" грантты беру бойынша конкурстық 1 пакет құжаттама сараптамадан өткізу бойынша жұмыстар - 2,2 мың теңге дейін;
13. мектепке дейінгі білімнің әдістемелер негізін жасау - 1756,74 мың теңге;
14. оқу құралдарын процесс бойынша және оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу - 1908,7 мың теңге;
15. білім беру жүйесінің жағдайын талдау, TIMSS-2007 халықаралық бағдарламасы бойынша білім беру сапасына зерттеулер жүргізу, 2006 жылғы бір ұлттық тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және кешенді тестілеудің нәтижесін талдау; мониторингін дистанционды түрлерін әзірлеу және енгізу; облыстарда және Қазақстан Республикасының білім беру сапасын бағалау жүйесін құру; білім статистикасына жаңа көрсеткіштерді және индикаторларды әзірлеу және енгізу, 2007 жылға Қазақстан Республикасындағы білім берудің жағдайы және дамуы туралы ұлттық баяндамасын дайындау - 70626,0 мың теңге;
16. Халықаралық стандарттарға (институционалды және мамандандырылған) сәйкес аккредиттеу рәсімінің ұлттық моделін құру; халықаралық модель бойынша ұлттық институционалды аккредиттеуді енгізу және жүргізу; жоғары оқу орындары қызметінің сапасын арттыру; Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін халықаралық білім кеңестігіне интеграциялау - 26 706,0 мың теңге.
17. жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізуді ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету - 141070,0 мың теңге.
18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік оқулықтарды, жинақтарды және басқа баспа өнімдерін әзірлеу, шығару және іс-шараларды өткізу - 21986 мың теңге.
Уақтылығы: кесте бойынша жыл бойы жұмыс жүргізу.
Сапасы: дәріс берудің мазмұнын, әдістемесін және оқушылардың білім деңгейін бағалауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
263-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнайы
(түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен
қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 124031 мың теңге (бір жүз жиырма төрт миллион отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 6 , 9-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: арнайы түзету білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүмкіндіктері шектеулі балалардың өміріне адеквадты жағдай жасау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу деңгейін көтеру үшін арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдар алуға қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналытрансферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді, Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешіміне байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: арнайы және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету:
Ақмола облысы - 7 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 2 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 2 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 10 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 17 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 10 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 8 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 164 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 1 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 3 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 37 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 4 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 96 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 20 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 21 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 1 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарын арнаулы және компенсаторлық құралдармен жарықтандыру сұраныстың 50 пайызын құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоспарлау орташа құны:
жұмсақ бөлме - 945,0 мың теңге;
сымсыз оқу сыныбы - 1600,0 мың теңге;
есту қабілеттігін дамытуға арналған дербес компьютер және компьютерлік бағдарлама - 900,0 мың теңге;
дамыту оңалту жабдығы - 171,0 мың теңге;
сымдық оқу сыныбы - 602,0 мың теңге;
сенсорлық бөлме - 2430,0 мың теңге;
аудиометр - 463,0 мың теңге;
компьютерлік сурдологопедиялық тренажер, есту-сөйлеу тренажері - 220,6 мың теңге;
ЛФК-ға арналған құрал - 4,0 мың теңге;
оқу машинасы - 917,0 мың теңге;
тифлокомплекс - 2000,0 мың теңге;
Компьютермен логопедиялық тренажер - 297,0 мың теңге;
Интерактивті құрал - 990,0 мың теңге;
Лингафондық кабинет - 1000,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: белгіленген стандарттарға сай сапалы арнайы және компенсаторлық құралдарды сатып алу.
* республикалық бюджеттен бөлетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың төбесі күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
264-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Ұлттық тестілеу жүйесі"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 655611 мың теңге (алты жүз елу бес миллион алты жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 35-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Yкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқу жетістіктеріне тәуелсіз баға жасау, жоғары сапалы білімді қамтамасыз ететін сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін жасау. Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттар негізінде білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу және оқушыларға аралық мемлекеттік бақылау жүргізу түрімен білім беру сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу. Мемлекеттік міндетті білім стандарттарын әзірлеу және талдау, оқушылар контингенттерін құру механизмін жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Ұлттық тестілеу жүйесi | Бірыңғай ұлттық тестілеу мен аралық мемлекеттік бақылауға қатысушылар бойынша мәліметтерді жасау. Тест тапсырмаларын жасау және сараптамадан өткізу, бірыңғай ұлттық тестілеуді, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде кешенді тестілеуді және білім алушыларды аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру. Білім берудің барлық деңгейлері үшін орыс тілі бойынша тест тапсырмаларын құру, сараптау және апробациядан өткізу. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау кезінде бірыңғай ұлттық тестілеуді, кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу. Орта білімнің бастауыш және негізгі сатысында және жоғары оқу орындарының 2(3) курстарында оқитындарға аралық аттестация ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен, мемлекеттік комиссия мүшелерімен, бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу пункттерінің қызметкерлерімен семинарлар өткізу. Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша сайт жұмысын қамтамасыз ету. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы бақылау және аттестациялау комитеті, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 154 пункттерде бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру;
Жоспарланған бірыңғай ұлттық тестілеуден өтетін білім алушылардың саны 180 мыңнан аса;
Аралық мемлекеттік бақылаудан өтетін оқушылардың саны:
1) жалпы орта білім беру саласында бастапқы және негізгі сатыда оқитын оқушылар - 80 мыңнан аса;
2) 2, 3 курс студенттері - 170 мыңнан аса.
Білім ұйымдарын мемлекеттік тестілеу кезінде кешенді тестілеуден өтетін оқушылардың саны - 15 мыңнан аса.
Білім берудің барлық деңгейлері үшін орыс тілі бойынша тест тапсырмаларының саны - 45 мың кем емес.
Түпкі нәтижелер: білім беру сапасын ары қарай көтеру бойынша шаралар қабылдау үшін студенттердің және білім алушылардың білім деңгейін бағалау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) бірыңғай ұлттық тестілеуден өтетін 1 оқушыға кететін орташа шығын - 453 теңге;
2) 1 тестік тапсырманы құрастыру және сараптауға кететін орташа шығын - 115 теңге;
3) аралық мемлекеттік бақылаудан өтетін 1 оқушыға орташа шығын:
1) 4, 9 сыныптардың оқушыларына - 342 теңге;
2) 2, 3 курс студенттеріне - 625 теңге;
4) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау кезінде кешенді тестілеуден өтетін бір оқушыға кететін орташа шығын - 625 теңге;
5) Бір тестілеу пунктін ұстауға кететін орташа шығын - 1609,6 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген құрал-жабдықтарды жеткізу, жұмыс жүргізу шараларына байланысты.
Сапасы: бірыңғай ұлттық тестілеу сапасына және тестілеу процедурасына арыздардың азаюы 10 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
265-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта
білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгілік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9870715 мың теңге (тоғыз миллиард сегіз жүз жетпіс миллион жеті жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 41-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге мемлекеттік білім беру мекемелерінің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгілік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдарында қосымша штат бірліктерін ұстауды қамтамасыз етуге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінде қолданыстағы нормаларға сәйкес штат бірліктерін енгізуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: этап бойынша жалпы білім беру мектептеріне, мектеп-интернаттарына қолданыстағы нормалық құқықтық актілерге сәйкес 43296,8 штат бірліктерін енгізу, соның ішінде: Ақмола облысы - 1930 бірлік; Ақтөбе облысы - 2511 бірлік; Алматы облысы - 5400,3 бірлік; Атырау облысы - 705 бірлік; Шығыс Қазақстан - 4143 бірлік; Жамбыл облысы - 3396 бірлік; Батыс Қазақстан облысы - 1944 бірлік; Қарағанды облысы - 2439 бірлік; Қызылорда облысы - 2809 бірлік; Қостанай облысы - 2832 бірлік; Маңғыстау облысы - 483 бірлік; Павлодар облысы - 2508 бірлік; Солтүстік Қазақстан облысы - 4341,5 бірлік; Оңтүстік Қазақстан облысы - 7855 бірлік.
Түпкі нәтиже: типтік жалпы білім мектептердің, мектеп-интернаттарының қызмет етуі арқылы білім саласының приоритеттік бағыттарын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта айлық жалақының мөлшері - 18,99 мың теңге.
Уақтылығы: жалпы білімді мектеп, мектеп-интернаттарын нормалық инфрақұрылымымен сәйкестендіру.
Сапасы: оқушыларды тәрбиелеу және оқыту процесіне сапалы әдістемелерін енгізуді қамтамасыз ету.
Штат бірліктерін енгізудің үлесі сұраныстың 70 пайызын құрайды.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың төбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
266-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға
берілетін білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5209021 мың теңге (бес миллиард екі жүз тоғыз миллион жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Білім ұйымдарында балаларды тәрбиемен және оқумен толық қамту, білім беру қызметінің қолжетімділігін кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттеріне, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне білім беру ұйымдарының қызмет етуіне қаржылай қолдау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне ағымдағы нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Өз уақытында білім объекттерін іске қосу және қызмет етуін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 314 білім беру объектілерін іске қосуын және қызмет етуін қамтамасыз етеді, соның ішінде:
Ақмола облысы - 17 объект:
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымы:
"Айгөлек", Викторовка ауылы, Зеренды ауданы;
"Жұлдыз" Красный кардон ауылы, Зеренді ауданы;
"Айгөлек", Костычаева ауылы, Жарқайың ауданы;
"Бөбек", Тасөткел, Жарқайың ауданы;
"Құлыншақ", Жана-Кийма ауылы, Жақсы ауданы;
Мектеп-балабақшасы № 2 "Балдырған", Степногорск қаласы;
Макинка ауылы, Еңбекшілдер ауданы;
2. Мектептен тыс ұйымдар:
Музыкалық мектеп, Жарқайын ауданы, Далабай ауылы (филиалы);
Музыкалық мектеп, Жарқайын ауданы, Боранқұл ауылы, (филиалы);
Музыкалық мектеп, Жарқайын ауданы, Пятигорск ауылы, (филиалы);
3. Кәсіптік мектептер (Түзеу ұйымның филиалы):
Филиал EЦ-166/4, Атбасар ауданы, Кәсіптік лицей № 9, (Атбасар қаласы);
Филиал ЕЦ-166/25, Зеренді ауданы, Гранитный поселкісі, Кәсіптік мектеп № 3 (Красный Яр ауылы);
Филиал EЦ-166/18, Степногорск қаласы, Заводской поселкісі, Кәсіптік лицей № 2;
4. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты: Степногорск қаласы;
5. Мектеп жанындағы интернат: Бұланды ауданы, Новообратское ауылы;
6. Мектеп-интернат: Укубаев атындағы, Жарқайың ауданы, Державинск қаласы;
7. Мектеп: Орта мектеп Жақсы ауданы, Жақсы ауылы.
Ақтөбе облысы - 6 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп, Ақтөбе қаласы;
Бастауыш мектеп-балабақшасы Алғын ауданы, Алға қаласы;
Басқұдық Орта мектеп Әйтеке би ауданы, Тымабұлақ ауылы;
Орта мектеп Қобды ауданы, Қобда ауылы;
Қорғантұз Орта мектеп Шалқар ауданы, Байқадам ауылы;
2. Мектепке дейінгі балалар ұйымы:
Ақтөбе қаласы, № 12 шағын ауданы,
Алматы облысы - 9 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп Қоянқұс ауылы, Іле ауданы;
Орта мектеп Алғабас ауылы, Қарасай ауданы;
Орта мектеп Бірлік ауылы, Талғар ауданы;