6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Балаларды оңалту | Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы үшін негізгі құралдар алуға күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының әртүрлі ойыстарынан келген жетім балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтардан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды оңалту, балалардың саны 5921. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу, балалар саны орта есеппен 1418.
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы үшін 45-тен кем емес негізгі құралдар алынады.
Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үшін 12-ден кем емес негізгі құралдар алынады.
Түпкі нәтиже: балаларды салауатты өмір сүруге және өзінің денсаулығы мен өзгелердің денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйрету.
Емдеу профилактикалық және сауықтыру шараларды жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жетім балаларды, экологиялық қолайсыз
аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды сауықтыру, оңалтудың және олардың демалысын ұйымдастырудың құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда (капиталды шығыстарды ескермегенде) 2804 теңгені құрайды;
диагностика жасау, тексеру, оңалту сабақтарын өткізудің құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда 3163 теңгені құрайды.
Уақтылығы: келісім шарттарға сәйкес.
Сапасы: балалардың денсаулығын нығайту үшін ерте анықтау, іріктеу және олардың денсаулығын нығайтуға ықпал тигіздіретін оңалту қызметтерін көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
258-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 47 177 186 мың теңге (қырық жеті миллиард бір жүз жетпіс жеті миллион бір жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 9 , 13, 15, 25, 26, 30, 36, 40, 43, 44, 46-баптары; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісімді бекіту туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 460-II Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысымен бекітілген ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгілік Ереже; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 қаулысы; "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы; "Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарынан мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; "Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың барлық салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жоғары білікті мамандармен және Қазақстан Республикасының Қарулы күші үшін запастағы офицерлермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, зияткерлік және мәдени дамуын жақсарту мүмкіндігін қарастыру; мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды сапалы даярлау және; запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерін әскери даярлау; жоғары кәсіптік білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту; жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімі бар азаматтардың пайызын көбейту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын бекітілетін қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде азаматтардың ақысыз жоғары кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету. Жоғары кәсіптік білім бағдарламалары бойынша студенттерді, магистрлерді, даярлық бөлімінің тыңдаушыларын даярлау. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу жолымен білім сапасын арттыру. Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімдеріне сәйкес толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі азаматтарды және Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтының студенттерін білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. Профессорлық-оқытушылық құрамның және басқарушы қызметкерлерінің белгіленген лауазымды жалақыларына жоғарылатылатын 1,75 коэффициентті төлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыру арқылы ұлттық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлердің дамуы үшін неғұрлым жақсы жағдайлар мен қызығушылықты қамтамасыз ету: Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет; Қазақ ұлттық аграрлық университет; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет; Әл-Фараби атындағы ұлттық университет. Азаматтық авиация академиясы студенттерінің жаттығу және жазғы практикасында практикалық қабілетке ие болуға көмек көрсету. Оқу процесінің деңгейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне M.B.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы үшін қамтамасыз ету есебінен мына пәндер бойынша қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету: шет тілі, филология, экономика, бағдарламалау және математика, экология және табиғатты қолдану. | Жыл бойы 2 тоқсан 3-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
3 | | 101 | Жоғары оқу орындарының студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу туралы ережесіне және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияларды белгілеу ережесіне сәйкес студенттерді, магистрлерді, даярлық бөлімінің тыңдаушыларын стипендиялармен қимтамасыз ету арқылы студенттерді жоғары кәсіптік білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. | Ай сайын | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
4 | | 102 | Ғылыми және ғылыми-педагогикадық кадрлар даярлау | Күндізгі және сырттай оқу нысанындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарды, өндірістен қол үзбей оқитын аспиранттарды, докторанттарды, Phd докторларын, аға ғылыми қызметкерлерді) даярлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
5 | | 103 | Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету | Өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарды және докторанттарды білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындаудың және төлеудің Ережесіне және Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған атаулы стипендиялар Ережесіне сәйкес мемлекеттік стипендиялар төлеу арқылы әлеуметтік қолдау. | Ай сайын | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
6 | | 104 | Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында мамандар даярлау | Музыка өнері саласындағы мамандарды даярлау. Жоғары оқу орындарының негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерді сатып алуы арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы |
7 | | 105 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер даярлау | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша мынадай жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында мобилизациялық резерв үшін запастағы офицерлерді даярлау: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; T. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Қазақ гуманитарлық-заң университеті; Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; M. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; M. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
8 | | 106 | "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыруды, үйлестіруді және оның іске асырылуын жүзеге асыру. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге шетелде стипендиаттарды оқытуға ақы төлеуге күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, соның ішінде: Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру туралы ақпараттандыру; Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын іріктеу рәсімдерін жүргізу; Жеке әңгімелесумен қоса, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің әрқайсысын психологиялық және тілдік тестілеуден тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының бірінші турын ұйымдастыру және өткізу; Қазақстанның конкурсты іріктеуден өткен неғұрлым талантты жастарының мынадай дәрежелерге ие болуына бағытталған жұмыстар жүргізу: - шетелдегі жоғары оқу орындарында (PhD) ғылымының бакалавры, магистрі және докторы; Стипендиаттардың келісім-шарттағы өз міндеттемелерін, соның ішінде ақылы білім алу бойынша стипендиаттардың барлық шығыстарын төлеу үшін негіз болып табылатын стипендиаттардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілдік шарты және шетелдік әріптестермен жасалатын шарттар арқылы орындау мониторингі. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы |
9 | | 107 | Мемлекеттік жоғары оқу орындарын күрделі жөндеу | Күрделі трансферттер бөлу арқылы оқытудың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары мен мекемелерінің техникалық жай-күйін жақсарту, соның құрамында: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты; М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; Қостанай мемлекеттік педагогика институты; Павлодар мемлекеттік педагогика институты; Тараз мемлекеттік педагогика институты; Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институты; Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты; Семей мемлекеттік педагогика институты; Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университеті; M.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Рудный индустриалдық институты; Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті; Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті «, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
10 | | 111 | Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау үшін Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін шетелдік мамандарды (оқытушыларды шетел профессорларды) тарту | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия оқу орнынан кейінгі кәсіптік ұлттық университетіне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандар даярлау үшін шетел консультанттарын тартуға трансферттер аудару арқылы білім беру сапасын арттыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
11 | | 113 | Кәсіптік жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруіне өтемақы төлеу | Қысқы және жазғы каникул кезінде мемлекеттік білімдік тапсырыс бойынша оқитындардың жол ақысының ақшалай өтеу үшін жоғары оқу орындарына трансферттер аудару. | 1-2 тоқсан | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
12 | | 114 | "Нұр-Мүбәрак" ислам мәдениетінің Египет университетінде мамандар даярлау | Қазақстан тарапы тағайындаған қызметкерлерге еңбек ақы және "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің ғимаратын ұстауға шығыстар төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысанының орташа жылдық контингентін оқыту 103714 адамға дейін, оның ішінде Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі магистранттар - 4 309 адамға дейін;
2) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша студенттер мен тыңдаушыларды қабылдау - 28 590 адамға дейін, магистранттар - 2520 адамға дейін, Phd докторларды - 100 адам;
3) М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы үшін сатып алынған оқулықтардың саны - 800 бірліктен кем емес;
4) Жоғары кәсіптік білім алатын азаматтар санынан, барлық санаттағы стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 83 136;
5) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 3 004 адамға дейін;
6) Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алатын күндізгі оқу нысаны стипендиаттарының орташа жылдық саны - 2 331 адамға дейін;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына орташа жылдық контингенті 585 оқушыға дейін даярлау, оның ішінде қабылдау 180 адам;
8) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 85 бірліктен азымес негізгі құралдар сатып алу;
9) Азаматтық авиация академиясының жаттығу және жазғы практикадан өтетін студенттерінің орташа жылдық саны - 28 адамға дейін;
10) Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 7070, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің наряды бойынша қабылдау - 3000 адам;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттары саны - 3000 адамға дейін;
12) Ұлттық жоғары оқу орындарына тартылғандар саны - 40 ставка;
13) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушылардан жол жүру өтемақысын алатындар саны - 104 045 адамға дейін.
Түпкі нәтиже:
1) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша берілген мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандар 2006 жылғы қажеттілігінен мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 50%;
2) Жоғары оқу орнын бітіргендер санынан еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімді мамандар пайызы - 60% дейін;
3) жобалық-сметалық құжаттама ұсынған жоғары оқу орындарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 20% дейін;
4) Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлау үшін шетелдік консультанттарды тартудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі - 50%.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Бір студентті және магистрантты оқытудың орташа құны мәртебелісіз жоғары оқу орындарында - 184,9 мың теңге, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарында 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 250,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде магистрантты оқытудың орташа құны - 381,0 мың теңге;
аспирантты оқытудың орташа құны - 114,2 мың теңге;
PhD докторын оқытудың орташа құны - 1270,0 мың теңге;
2) Стипендия орташа мөлшері:
студенттер мен магистранттар стипендиясының әдеттегі мөлшері - 6961 теңге;
Даярлық бөлімнің тыңдаушыларына - 5469 теңге;
Қазақ әйелдер педагогикалық институтының күндізгі бөлім студенттеріне - 3217 теңге;
өндірістен қол үзе отырып, оқитын аспиранттарға - 23000 теңге;
Докторанттар стипендиясының ең аз мөлшері - 29359 мың теңге;
3) Жетім балалар құрамындағы студенттер үшін тамақтану шығысының нормалары 310 теңгеден кем емес, ата-анасының қамқорлығынсыз (қорғанышсыз) қалған балалар құрамындағы студенттер үшін - 124 теңгеден кем емес;
4) Жаттығу және жазғы практика өтетін Азаматтық авиация академиясының бір студентіне жұмсалатын орташа шығыстар - 3336 мың теңгеден кем емес;
5) М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін бір оқулық сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1,0 мың теңгеден кем емес;
6) Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы бір офицерді даярлауға орташа шығыстар - 80 мың теңгеден кем емес.
Уақтылығы:
Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары кәсіптік білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 10 000 халыққа - 18 адам.
Сапасы:
1) Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 60 кем емес, кешенді тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 50 кем емес;
2) Жаңадан қабылданғандарды стипендиямен қамтамасыз ету пайызы - 100 %, оқуын жалғастырушылар - 75 пайыздан кем емес;
3) Білім алушылардың жалпы санынан, оқудан шығарылғандардың үлесі - 2%;
4) Оқу бітіргендердің жалпы санынан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді түлектердің үлесі - 10%-дан кем емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
259-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Білім беру жүйесін ақпараттандыру"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4000 мың теңге (төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы 101-бабының 3-тармағы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттандыру коммуникациялық технологияларды білім процесіне енгізу арқылы білім процесінің сапасы көтерілуі және білім жағдайын мониторлау және талдау арқылы жасалған растық деректердің негізінде сапалық басқармалық шешімдерді қабылдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Қамқоршылық" бірыңғай ақпараттық жүйесінің техникалық құжатын әзірлеу.