Атырау облысы - 2200 тыңдаушыдан кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 2600 тыңдаушыдан кем емес;
Жамбыл облысы - 1920 тыңдаушыдан кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 1920 тындаушыдан кем емес;
Қарағанды облысы - 2240 тыңдаушыдан кем емес;
Қызылорда облысы - 2400 тыңдаушыдан кем емес;
Қостанай облысы - 2300 тындаушыдан кем емес;
Маңғыстау облысы - 240 тындаушыдан кем емес;
Павлодар облысы - 2420 тыңдаушыдан кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 2240 тыңдаушыдан кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 3240 тыңдаушыдан кем емес;
Алматы қаласы - 2400 тыңдаушыдан кем емес;
Астана қаласы - 800 тыңдаушыдан кем емес.
Түпкі нәтиже: білім беру жүйесін педагог кадрларын оқытудың сапасын жақсарту, халықтың бәсекеге қабілетті білім алудағы әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 тыңдаушының орта күндік оқуы жылына 5173 теңгеден аспайды.
Уақтылығы: 15 пайызы біліктілікті арттыру, этап бойынша 12 жылдық оқуға ауысуға байланысты.
Сапасы: педагогикалық кадрлардың сапалы білім жүйесін халықты әлеуметтік бәсекелес тұтынудың арта түсу заңы.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
276-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық
(қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық
базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 75000 мың теңге (жетпіс бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 44-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 039 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру арттыру институттарында материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін трансферттерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес аудару. Облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-текникалық базасын нығайту арқылы, білім беру процесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу.
Материалдық-техникалық базасын нығайтуға біліктілігін арттыру институттарына активтер сатып алу:
Ақмола облысы - 3 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 459 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 1002 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 7 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 2 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 4703 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 2485 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 1003 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 603 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 4001 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 252 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 1070 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 1004 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 41 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 2 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 2 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: педагог кадрларын қайта даярлау жүйесінің сапасын арттыру және олардың біліктілігін арттыру, облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын модернизациялау арқылы жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоспарланған орташа құны:
кабинет - 1568,4 мың теңге,
оқу әдістемелік әдебиеттермен көрнекті құралдар -0,5 мың теңге,
көлік - 1533,0 мың теңге,
интерактивті және электрондық тақта -725,0 мың теңге,
ұйымдастыру техникасы - 171,0 мың теңге,
компьютерлер - 100,0 мың теңге,
оқу әдебиеттеріне арналған жиһаз -154,4 мың теңге,
баспа құралдары - 1470,0 мың теңге,
мультимедиялық жобалар - 545,0 мың теңге,
мектептік көшіру электрондық зертханасы - 620 мың теңге.
Уақтылығы: 12 жылдық білім беру кадрларын қайта даярлау үшін облыстық (қалалық) біліктілікті арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын уақытында нығайту.
Сапасы: жаңа технологияларды енгізу негізінде педагог қызметкерлерді қайта даярлау жүйесінің сапасын арттыру және олардың біліктілігін арттыру.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
277-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Жастар саясатын жүргізу"
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 652517 мың теңге (алты жүз елу екі миллион бес жүз он жеті мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 өкімі; "Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілде № 1165 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы; "Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 734 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жастарды әлеуметтендіру процесінде дамыту үшін ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау; патриоттық тәрбиелеу жүйесін мақсатты дамыту арқылы азаматтардың менталитетінде жоғары патриоттық сезімін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қолдау; жастарды еңбек нарығына ықпалдастыру үшін жағдайлар жасау; жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау; халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту; жастар арасында азаматтылық пен патриоттылықты дамыту дарынды жастарды қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету; жастардың білім деңгейін көтеруге ықпал ету; "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар мен студенттерді құрылыс еңбек отрядтарына тартуды ұйымдастыру; саналы азаматтық қатынастардың құрылымын оқыту бойынша халықтың мақсатты тобы үшін мінез-құлықтың оң үлгілерін құру арқылы патриоттыққа тәрбиелеуге ықпал жасау үшін ұйымдастырушылық алғышарттары мен азаматтардың саналы азаматтық ынтымақтастық сезімін қалыптастыруға арналған шаралар жүйесін, мемлекет пен азамат арасындағы органикалық міндеттемелік байланыстар құру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Жастар саясатын жүргізу | Қазақстан Республикасы өңірлерінде студенттік құрылыс отрядтарының қызметін ұйымдастыру проблемалары бойынша республикалық форум. Қазақстан Республикасының өңірлерінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мониторингін жүргізу: жұмыс сапарлары және мақсаттық топтармен кездесулер. Халықаралық жастар ынтымақтастығы саласында семинар өткізу. "Патриот" республикалық акциясын - "Жас Ұлан" солдат әндерінің фестивалі Жастар ақпараттық бюллетенін шығару. Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулықтар шығару. Үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен жастар арасындағы девиация проблемаларына арналған дөңгелек стол өткізу. Жастар арасындағы нашақорлықтың, алкоголизмнің және шылым шегудің алдын алу бойынша республикалық семинар өткізу. Қазақстанның жыл сайынғы ұлттық жастар Дельфийлік ойындарын өткізу. Қазақстанның Ұлттық жастар Дельфий комитетінің отырысын өткізу. Менің отбасымдағы Ұлы Жеңістің ізі» атты шығармалар мен суреттердің халықаралық конкурсын өткізу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жастар бастамасы орталықтарының белсенділері үшін нұсқаулық армиялық жиынды өткізу. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысын өткізу. Аула клубтары, жастар ұйымдары мен әлеуметтік қызметтердің республикалық слетін өткізу. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің жастар ісі жөнінде мемлекеттік органдардың басшылары Кеңесінің отырысы. Жастарға әлеуметтік қызметін көрсетуді қолдау. Әлеуметтік маңызы бар жастар жобаларын іске асыру. Қазақстан және Украина жастар ұйымдарының Слетіне қатысу. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтарының қызметін республикалық және облыстық деңгейде Білім және ғылым министрі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жасыл ел" еңбек отрядтарын дамыту жөнінде іс-шараларды өткізу. "Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының қызметтеріне ақы төлеу. "Жасыл ел" акциясын өткізу. "Жасыл ел" жарнама іс-шараларын өткізу. "Жасыл ел" дөңгелек столдарын өткізу. "Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының қатысушыларын жарақтандыруды қамтамасыз ету. "Менің Отаным - Қазақстан", "Бұл - біздің Tу!", "Бұл - біздің Әнұран!" атты акциялар өткізу. Білім беру ұйымдарына зерделеу үшін қосымша ақпараттық материалдарды енгізу мақсатында қолданыстағы оқу материалдарына ұлттық бірлік тақырыбы бойынша сараптама жүргізу. Социологиялық мониторингі одан әрі жүзеге асыру үшін азаматтық келісім мәселесі бойынша қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауал жүргізу. Этносаралық өзара қарым-қатынас, еуразияшылық идеясын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қызметінің қорытындылары бойынша Республикалық Слет өткізу. "Біз өзіміздің жарқын болашағымызды орнатамыз! - Біз жаңа Қазақстанды паш етеміз!" атты республикалық акция өткізу. Балалар мен жасөспірімдерге арналған патриоттық мазмұндағы кітаптар шығару. Қазақстанда жаңа қоғамдық-саяси қатынастарды қалыптастыруға арналған студенттік жұмыстардың конкурстарын өткізу. Әлеуметтік маңызы бар бастамашылық конкурсы шеңберінде қатысушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, экскурсиялық, өлкетану жұмыстары жөніндегі бағдарламаны әзірлеу. Соғыс ардагерлерімен, халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының ар-намысын қорғаған спортсмендермен, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарымен жастардың тақырыптық кездесулерін өткізу. Түп тегі қазақ емес балалар мен жастар арасында мемлекеттік тіл біліміне арналған республикалық конкурс өткізу. "Қазақ тілі - Ана тілі" республикалық акциясын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: коммерциялық емес жастар ұйымдарының базасында қосымша 8 әлеуметтік қызметті құру;
республика жастарының көшбасшылық қасиетіне оқытуға және дамытуға бағытталған 15 жалпыреспубликалық іс-шара;
жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жастар ақпараттық бюллетенін, әдістемелік оқу-құралдарын және нұсқамалар шығару;
"Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру шеңберінде көгалдандырумен және сәулеттендірумен айналысатын кәсіпорындарда жастарды еңбекпен қамту және олар атқаратын қызметке ақы төлеу - 12 мың сарбаз;
"Жасыл ел" отрядтарының 12 мың сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз ету;
"Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының 1 республикалық және 15 облыстық штабтары қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
республиканың 16 қаласында "Жасыл ел" бастамасын түсіндіріп таратуға бағытталған кемінде 45 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу;
кемінде 8 дөңгелек үстел өткізу;
"Жасыл ел" бастамасын түсіндіріп таратуға бағытталған клипті радио мен теледидарда трансляциялау;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған 13 республикалық іс-шара;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша бағдарламаны әзірлеу;
патриоттық мазмұндағы балалар және жасөспірімдер кітаптарын шығару;
азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыру бойынша жастар үшін тақырыптық кездесулер ұйымдастыру;
оқу процесін жастар арасына патриотизм сезімін орнатуға бағытталған жаңа әдістемелермен және материалдармен интеграциялау.
Түпкі нәтиже: еліміздің жастар ұйымдары мен бастамашы топтары көшбасшыларының 80 пайызғы өз жұмысын мемлекеттік-патриоттық негізде құрады;
кемінде 2 млн. жас адамдарды қоғамдық-саяси процеске белсене қатысуға тарту;
жастар ұйымдарының жұмысына кемінде 700 мың жас адам қатысатын болады;
ормандар мен ағаш өсіруді қайта өндіру, орманды сақтау, қорғау және қайта өндіру саласындағы жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған елді мекендерді көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жастарды тарту - 12 мың сарбаз;
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестендіру деңгейін көтеру;
азаматтардың патриоттық қозғалысқа қатысу қызығушылығын арттыру;
азаматтардың патриоттық санасын арттыру мемлекеттік саясатын іске асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді күшейту;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған шараларды жандандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық деңгейдегі бір іс-шараны өткізуге арналған орташа шығыстар - 3000,0 мың теңге;
"Жасыл ел" бір сарбазының қызметіне ақы-төлеуге арналған орташа шығыстар - 20,0 мың теңге;
"Жасыл ел" бір сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 8,3 мың теңге;
"Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 1300,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3900,0 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарларында белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шаралар өткізу
Сапасы: жастардың әлеуметтілігі, оқуы және кешенді өзін-өзі ұстау білуі, еліміздегі жастардың кемінде 50 пайызының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестерге жауапты азаматтық қатысуын нығайту;
азаматтардың санасы мен ой-өрістерінде патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді арттыру.
278-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
279-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
280-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
281-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
282-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет
шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілетін даму трансферттері"
деген 045 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1784242 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен төрт миллион екі жүз қырық eкі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының құрылуы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік сыныптарды құру тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану көптеп оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 045 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілеті н даму трансферттерi | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты берілетін даму трансферттерді аудару: - орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу үшін; - бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін, жұмыссыз тұрғындарды, сондай-ақ балалар үйлері тәрбиеленушілерін мектеп негізінде компьютерлік біліміне оқыту үшін; - бюджеттен тыс сала қызметкерлері мен басқа да азаматтарды студенттер күшімен компьютерлік біліміне оқыту үшін; - аймақтарда ақпаратты технология айлықтарын жүргізу үшін аудару. Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету. Тұрғындарды компьютерлік біліміне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2007 жылы:
- орта білім беру ұйымдарына арналған 600 компьютерлік сыныптары құрылады, соның ішінде: Ақмола облысында - 20, Ақтөбе облысында - 20, Алматы облысында - 75, Атырау облысында- 15, Шығыс Қазақстан облысында - 55, Жамбыл облысында - 50, Батыс Қазақстан облысында - 15, Қарағанды облысында - 75, Қостанай облысында - 30, Қызылорда облысында - 25, Маңғыстау облысында - 20, Павлодар облысында - 20, Солтүстік Қазақстан облысында - 15, Оңтүстік Қазақстан облысында - 130, Астана қаласында - 20, Алматы қаласында - 20;
- 200 000 кем емес адам оқытылады;
- ақпараттандыру технологиялар бойынша айлықтар өткізіледі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір классты құруына орта есеппен алғанда 1 382 мың теңге жоспарлануда, бір тыңдаушыға 3 900 теңге құрайды.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 20 пайызға дейін ұлғайту.
Уақтылығы: іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапасы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізетін компьютерлік кластарға келушілерге Интернет ақы ұсыну және үйрету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 282-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
282-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
046»«Мемлекеттік білім беру жүйесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 467 398 мың теңге (он екі миллиард төрт жүз алпыс жеті миллион үш жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «2007-2010 жылдарға арналған»Мемлекеттік - жеке серіктестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа сапалы білім беру қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: типтік жалпы білім беру мектептердің жаңа инфрақұрылымын жасақтау, оқушыларға нормативтік талаптарға сәйкес жағдайлар жасау.
ҚР Үкіметінің 2007.31.10. № 1017 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар-лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Мемлекеттік білім беру жүйесінің әлеуметтік инфрақұрылы- мын дамыту | | | |
| | 100 | Жалпы орта білім берудің әлеуметтік инфрақұрылы-мын дамыту | Оңтүстік Қазақстан облысының, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 44 мектеп салу үшін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес аванстық ақы төлеуге нысаналы даму трансферттерін беру | шілде- желтоқ-сан | Қазақстан Республи-касының Білім және ғылым министр- лігі, Оңтүстік Қазақстаноблысы, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдері |