6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу | Санақ аралығы кезеңдерінде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу; ауыл шаруашылығының бұдан кейінгі іріктеме зерттеулерін жүргізу үшін байқау объектілерінің бас жиынтығын әзірлеу шаруашылық жүргізуші шағын бірліктер (жеке тұлғалар) және шаруашылықтың құрылымдық белгілері бар топтамалар туралы деректер алу; ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңін жүргізу; бірінші және екінші кезеңдердің алынған деректерін өңдеу және жариялау. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңін жүргізу.
Түпкі нәтиже: «ауыл шаруашылығы» саласын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер алу:
ауыл шаруашылығы жануарларының саны, олардың жыныс-жас және тұқымдық құрамы, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ұстауға арналған қора-жайлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, машина-трактор станциялары, жөндеу шеберханалары және басқалары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар, ғимараттар және тоңазытқыштар, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кішігірім цехтар;
Ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша бастапқы деректерді алу, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ауыл шаруашылығы санағының дерекқоры ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құрамаларының тіркелімдерін жаңғырту үшін пайдаланылатын болады.
Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
422-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14000 мың теңге (он төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Yй шаруашылықтарына іріктеме зерттеулер жүргізу (маусым-шілде); зерттеу нәтижелерін жариялау (қазан-қараша). | Жыл бойына | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: статистиканың жаңа саласын - ақпараттық қоғам статистикасын құру.
Түпкі нәтиже: Интернет желісін пайдаланушылардың негізгі көрсеткіштері мониторингін жүргізу:
пайдаланушылардың жалпы саны тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, қала және ауылға бөлінген облыстар бойынша;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу (компьютерді және Интернетті пайдалану орны және жиілігі);
Интернетті пайдаланушыларды жыныс-жас сипаттамасы бойынша бөлу;
пайдаланушыларды білім деңгейі және компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша бөлу;
негізгі қол жеткізу пункттері және желге қосылу үшін пайдаланылатын жабдық;
Интернет желісін пайдаланудың негізгі мақсаттары және Интернет желісіндегі ең көп талап етілетін қызметтер;
Интернет-коммерция көрсеткіштері (Интернет арқылы тапсырыс берілген қызметтер мен тауарлардың құрылымы);
Интернетті пайдалану кезінде туындайтын негізгі проблемалар.
Қаржы-экономикалық нәтиже: компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау және халықты Интернет қызметімен қамтамасыз ету. Бұл зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отыр.
Уақтылығы: шараларды іске асыру мерзімі сәйкес жыл бойына.
Сапасы: Ұйғарынды ақпарат 21 000 үй шаруашылықтарын зерттеу барысында алынған бастапқы ақпаратты қорытындылау және тарату негізінде қалыптастырылады.