│ │Бұрынғы КСРО-ның │ │ 1 АЕК** │ │
│ │"Еңбек сiңiрген" │ │ │ │
│ │құрмет атағы бар │ │ │ │
│ │қызметкерлерге және │ │ │ │
│ │республиканың │ │ │ │
│ │атақтарына ие болған │ │ │ │
│ │қызметкерлерге │ │ │ │
└───┴──────────────────────┴─────────────────┴─────────────┴─────────────────┘
* лауазымдық ақыдан (ставкадан)
** АЕК - заңнама кесiмдермен белгiленген айлық есептік көрсеткіш
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
20-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 20-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылған
қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу
┌─────────────────────────────────┬──────────────────────────────────────────┐
│ Оқитындар контингентi │ Сағат бойынша ақы төлеу мөлшері* │
│ ┼────────────────┬─────────────┬──┬────────┤
│ │Профессор, ғылым│Доцент, ғылым│ Ғылыми │
│ │ докторы │ кандидаты │ дәрежесі │
│ │ │ │жоқ адамдар│
├─────────────────────────────────┼────────────────┼─────────────┼───────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │
├─────────────────────────────────┼────────────────┼─────────────┼───────────┤
│ Мектептердiң, кәсiби-техникалық │ │ │ │
│ оқу орындарының, гимназиялардың,│ │ │ │
│ лицейлердің, арнайы орта оқу │ │ │ │
│ орындарының оқушылары және │ │ │ │
│ оқушылардың осыған ұқсас басқа │ │ │ │
│ да санаттары, арнаулы орта │ │ │ │
│ білімдi талап ететiн лауазымға │ 0,07*** │ 0,06*** │ 0,05*** │
│ ие қызметкерлер, жұмысшылар, │ │ │ │
│ курс тыңдаушылары; │ │ │ │
│ студенттер; │ 0,08**** │ 0,07**** │ 0,06**** │
│ аспиранттар, басшы қызметкерлер │ │ │ │
│ мен мамандардың біліктілігiн │ │ │ │
│ арттыру жөніндегі оқу │ 0,09***** │ 0,08***** │ 0,07***** │
│ орындарының тыңдаушылары, │ │ │ │
│ дәрiгерлердiң консультация │ │ │ │
│ берулерi │ │ │ │
└─────────────────────────────────┴────────────────┴─────────────┴───────────┘
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері* |
Оқу сабақтарын жүргiзуге қатысатын, пластикалық кейiптердi көрсететiндердің еңбегiне сағат бойынша ақы төлеу ставкасы мынадай мөлшерлерде белгiленедi: киімсiз немесе күрделi кейiпте кейiп көрсеткенi үшiн киім киiп тұрып кейiп көрсеткенi үшiн | 0,03 0,02 |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері |
Оқу сабақтарын өткiзуге қатысатын оқу-қосалқы қызметкер қатарындағы адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы ғылыми дәрежесi жоқ адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасының 50-пайызы мөлшерiнде белгiленедi | 50% |
┌───────────────────────────────┬───────────────────────────────────────────┐
│ Қызметкерлер санаты │ Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері** │
├┬──────────────────────────────┼───────────────────────────────────────────┤
¦Ғылыми дәрежесi мен атағының │ 3% │
│болуына қарамастан, денсаулық │ │
│сақтау және әлеуметтiк │ │
│қамсыздандыру мекемелерiнiң │ │
│консультанттарына │ │
├Қазақстан Республикасының │ 25% │
│Ұлттық ғылым академиясының │ │
│толық мүшелерiне және │ │
│корреспондент мүшелеріне │ │
└───────────────────────────────┴───────────────────────────────────────────┘
* Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген базалық лауазымдық жалақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерiнiң тиiстi мөлшерлерiн ескере отырып анықталады.
** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы лауазымдық жалақысынан пайыз есебiмен анықталады.
Ескерту.
Ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын біржолғы консультация беруге бір сағат ретiнде ақы төленедi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу демалыс үшiн төленетiн ақыны да ескередi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесi үшiн берiлетiн қосымша ақыны ескередi.
Жоғары білімi бар жоғары оқу орындарының қызметкерлерiне негiзгі лауазымы бойынша жұмыс күнiнен тыс жоғары оқу орны ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын сағат бойынша еңбек ақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.
"Халық" деген құрметтi атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы профессорлар, ғылым докторлары үшiн көзделген мөлшерлерде, ал "Еңбек сiңiрген" құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшiн көзделген мөлшерлерде белгiленедi.
Конкурстар мен байқаулардың әдiлқазылар алқасының мүшелерiне, сондай-ақ конкурстық жұмыстар рецензенттерiне еңбек ақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетiн адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы бойынша жүргiзiледi.
*** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбек ақы төлеу үшiн;
тiлдердi үйрену жөніндегі курстардың оқытушыларының еңбегiне ақы төлеу үшiн;
университеттердің, педагогикалық, инженер-педагогикалық институттардың (факультеттердiң) студенттерi педагогикалық практика өтетiн оқу-тәрбие мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн.
**** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелерiне, сондай-ақ өндiрiстерден тартылатын мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
егер студенттерге өздерi берген пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдайтын немесе дипломдық жоба жетекшiсi бола отырып дипломдық жобаны қорғауды қабылдайтын жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшiн ректорлар мен проректорлардың еңбегiне ақы төлеу;
сағат бойынша жұмыс iстейтiн оқытушылар өнер және мәдениет жоғарғы оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргiзу кезiнде;
медбикелердi даярлау үшiн азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлерiн, қоғамдық кәсiптер факультеттерiне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбек ақы төлеу үшiн;
оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезiнде;
практикалық қызметiнде шет тілін қолданғаны үшiн жалақыға үстемеақыларды алатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнен шет тілі бойынша емтихан қабылдау алу кезiнде;
шет тілін жедел меңгеру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргiзу кезiнде;
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердiң далалық және педагогикалық практикасына жетекшілік жасағаны үшiн қолданылуы мүмкiн.
***** Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкалары, сондай-ақ:
мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшiн тартатын оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
диссертациялық зерттеулердiң консультанттары ретiнде тартылатын басқа ұйымдардың жетекшi ғалымдары мен мамандарының еңбегiне ақы төлеу үшiн (бір докторантқа жылына 50 сағат);
оқу орындары ректорларының, проректорларының және басқа да басшы қызметкерлерiнiң, сондай-ақ түрлi экономикалық қызметтiң жоғары біліктi мамандарының, соның iшiнде оқу жылында 100 сағаттық еңбегiне сағат бойынша ақы төленетiн кафедра меңгеру жөніндегі жұмыстарды атқаруға тартылатын басшы лауазымдардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
басшы қызметкерлердiң және мамандардың білiктілігiн арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу;
халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақтар (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
21-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 21-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және
мемлекеттік органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін және
мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi
Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажы белгiлi бір лауазымдар санатына жататын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатымен есептеледi.
1. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-біліктілік кестесiне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттік органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесіндегі қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, соттарында, КСРО-ның мемлекеттік қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген;
4) КСРО Мемлекеттік банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесiнде жұмыс iстеген;
5) жүктілігi және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлген, баланы күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
6) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың ішiнде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкілдi органдары депутаттарының өкiлеттіктерiн тұрақты негiзде жүзеге асырған;
8) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттік органда жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
9) ұйымдарда мемлекеттік органдардағы мамандықтармен бірдей мамандықтар бойынша қызметтерде кейiнгi жұмыс iстеген уақыты кiредi.