5) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына осы Кодекстің 291, 292-баптарында белгіленген соттылық тәртібін бұза отырып берілсе;
6) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 458-бабына сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.
Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайта беруге болады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 463-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 463- бап жаңа редакцияда
463-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс сұратылуы мүмкін.
2. Қадағалау шағымы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
3. Қадағалау шағымының алдын ала қаралатын күні туралы шағым берген адамға хабарланады, алайда оның келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғау негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 464-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 464- бап жаңа редакцияда
464-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын қаулылар
1. Сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша:
1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс
жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
4) қадағалау шағымын берген адам;
5) қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер;
6) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері;
7) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге тиіс.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 465-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 465- бап жаңа редакцияда
465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмесін, сот отырысын өткізу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, істің қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жібереді.
2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге іс қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 466-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 466- бап өзгертілді
466-бап. Сот үкімінiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкімінiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртібімен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 467-бап өзгертілді
467-бап. Iстi қадағалау сатысында қараудың тәртібі,
қадағалау сатысы сотының шешiмдерi
1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушiнiң қандай сот шешiмi және кiмнiң шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып жатқаны, сот құрамына кiмдердiң енетiнi және сот отырысы залында iс жүргiзуге қатысушылардың қайсысы келiп отырғаны туралы хабарламасымен ашылады. Iстi қараудың уақыты және орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкiндiгiн терiске шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы мiндеттi.
2. Мәлiмделген наразылықтар мен өтiнiштер шешiлгеннен кейiн сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды. Сот iстi тыңдауды жалғастыру туралы шешiм қабылдаған кезде төрағалық етушi қадағалау шағымын (наразылығын) берген процеске қатысушыға сөз бередi. Егер мұндай қатысушылар бiрнешеу болса, онда олар өздерi ұсынған сөз сөйлеу кезектілігiн соттың назарына салады. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегiн сот белгiлейдi.
3. Шағым (наразылық) берушi адам, өз пiкiрi бойынша, шағым жасап отырған шешiмнiң заңсыз, негiзсiз, әдiлетсiз болып табылатыны туралы дәйектерi мен дәлелдемелерiн айтып бередi. Онан соң төрағалық етушi процестiң өзге қатысушыларына сөз бередi.
4. Егер шағымды қорғанушы тарап берген болса, онда алғашқы сөздi оның өкiлдерi болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздерiнiң қол жеткiзген уағдаластыққа сәйкес ондай уағдаластық болмаған жағдайда соттың шешiмiмен белгiленедi.
5. Егер шағымды (наразылықты) айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкiлдерi бiрiншi болып сөз алады, онан кейiн төрағалық етушi сөздi процестiң басқа қатысушыларына бередi.
6. Iстi қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесiнде сот осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының талаптарын сақтай отырып кеңесу бөлмесiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады;
2) апелляциялық және қадағалау сатыларының үкімі мен қаулысын өзгертедi;
3) үкiмнiң және барлық бұдан кейiнгi шешiмдердiң күшiн жояды және iстi жаңадан сот қарауына жiбередi;
4) үкiмнiң және кейiнгi барлық қаулылардың күшiн жояды және iстi қысқартады;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып апелляциялық және қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылардың күшiн жояды;
6) апелляциялық сатыдағы соттың үкімі мен қаулысын өзгерiссiз қалдыра отырып қадағалау сатысы шешiмдерiнiң күшiн жояды.
7. Iстi қадағалау тәртібімен қарау кезiнде үкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге осы Кодекстiң 412-бабында көрсетiлген мән-жайлар негiз болып табылады.
8. Бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулылары, егер осы қаулымен бiрiншi сатыдағы сот заңсыз және негiзсiз шешiм қабылдаған не алдыңғы қаулыларды немесе iс бойынша үкiмнiң жоғарыда тұрған сот заңсыз және негiзсiз күшiн жойған немесе өзгерткен деп танылса, не егер iстi жоғары тұрған сотта қаралуы кезiнде қабылданатын шешiмнiң дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуi мүмкiн болған заңды елеулi бұзуға жол берiлсе, күшi жойылуға немесе өзгертiлуге жатады.
9. Егер қадағалау тәртібімен iстi қарау кезiнде iстi заңсыз қысқартуға немесе сотталушыға жазаны жұмсартуға жол берiлген болса, жоғары тұрған қадағалау сатысы төмен тұрған қадағалау сатысы қаулысының күшiн жоюға және бiрiншi сатыдағы соттың үкімін, апелляциялық қаулысын өзгертiп немесе өзгерiссiз күшiнде қалдыруға құқылы.
10. Iстi қадағалау тәртібімен қарайтын сот сотталғанға тағайындалған жазаны жеңiлдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана алады. Сот сондай-ақ, егер прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлсе, сотталғанға тағылған айып шегiнен шықпай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы не жазаны күшейтуi мүмкiн. Қадағалау сатысындағы соттың сот талқылауының нысанасы болмаған фактiлердi анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге құқығы жоқ.
11. Iс жаңадан қарауға жiберiлген жағдайда қадағалау сатысындағы сот айыптаудың дәлелденгенi немесе дәлелденбегенi туралы, қандай да болмасын дәлелдердiң ақиқаттығы немесе ақиқат еместiгi туралы және бiр дәлелдердiң екiншiлерiнен артықшылығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қандай да болмасын қылмыстық заңды қолдану туралы және жаза шарасы туралы мәселелердi шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкiн қорытындыларды шешуге құқылы емес.
12. Iстi қарайтын сот қадағалау шағымдарын берген адамдарға қатысты да, сондай-ақ олардың жағдайларын нашарлатпау шартымен iс бойынша барлық сотталғандарға қатысты да сот үкімінiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн толық көлемiнде тексередi. Сот жағдайды нашарлататын шешiмдi тек прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталғанның жағдайын оның қадағалау шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 468-бап өзгертілді
468-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 469-бап өзгертілді
469-бап. Iстi соттың үкімі мен қаулысының күшiн
жойған соң қарау
1. Қадағалау тәртібімен сот үкімінiң немесе қаулысының күшi жойылған соң iс жалпы тәртiппен қаралуға жатады.
2. Iстi тиiсiнше бiрiншi, апелляциялық қадағалау сатысындағы сот қараған кезiнде жазаны күшейтуге немесе мейлiнше ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер алғашқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртібімен жазаның жұмсақтығына орай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған, сондай-ақ егер үкiмнiң күшi жойылған соң iстi жаңадан тексеру кезiнде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын жағдайда ғана жол берiледi. Бiрiншi сатыдағы соттың шығарған үкіміне iстi жаңадан талқылау кезiнде шағым жасалуы және жалпы тәртiппен наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 470-бап өзгертілді
470-бап. Соттың үкіміне және қаулысына қайта
шағым жасау, наразылық бiлдiру
Апелляциялық тәртiппен немесе қадағалау тәртібімен бұрынғы үкiм мен қаулының күшi жойылуына байланысты шығарылған қайталама үкiмге немесе қаулыға шағым, наразылық соттың бiрiншi үкімінiң немесе қаулысының күшiнiң жойылу себептерiне қарамастан жалпы негiздерде мәлiмделуi (енгiзiлуi) мүмкiн.
51-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайларға
байланысты іс бойынша іс жүргізуді
қайта бастау
16.03.01 ж. № 163-II ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 471-бап өзгертілді
471-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi
1. Соттың заңды күшiне енген үкiмнiң, қаулысының күшi жойылуы және iс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзу қайта басталуы мүмкiн.
2. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi:
1) соттың заңды күшiне енген үкімінде анықталған жәбiрленушiнiң немесе куәгердiң айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы;
2) соттың заңды күшiне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс-әрекеттерi;
3) соттың заңды күшiне енген үкімінде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi;
4) осы Кодекстiң 474-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар;
5) өзіне қатысты осы Кодекстің 315-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының, ол қылмыстық процесті жүргізуші органға келген жағдайда ерік білдіруі ;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығару кезінде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы болып табылады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында аталған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының мерзiмнiң ескіруiне орай, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсiнiң нәтижесiнде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысы арқылы анықталуы мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 472-бап өзгертілді
472-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға
жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкімі;
2) ақтау үкімі;
3) iстi тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкiн.
473-бап. Iс жүргiзудi қайта бастаудың мерзiмдерi
1. Айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiммен шектелмейдi.
2. Сотталушының қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.
3. Ақтау үкімін, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ жазаның жұмсақтығы себебi бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгi бойынша айыптау үкімін қайта қарауға қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 69-бабында белгiленген мерзiмнiң ескіруi iшiнде ғана және жаңа мән-жайлардың ашылған күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.
4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып:
1) осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көзделген жағдайларда - жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдер ұсынуға, терiс аударма жасауға немесе iстi тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық iстерi үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң (қаулының) заңды күшiне енген күнi;
2) осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында көзделген жағдайда - жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау қажеттiгi туралы қорытындыға прокурордың қол қойған күнi есептеледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 474-бап өзгертілді
474-бап. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзу
1. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғау құқығы прокурорға тиесiлi.
2. Азаматтардың өтiнiштерi, оның iшiнде процеске қатысушылардың осы iс бойынша өтiнiштерi, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.
3. Егер келiп түскен өтiнiште немесе хабарламада осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көрсетiлген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкімінiң бар екендiгiне сiлтеме болса, прокурор өзiнiң қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғайды, тиiстi тексеру жүргiзедi, үкiмнiң көшiрмесi мен оның заңды күшiне енгенi туралы соттың анықтамасын талап етедi.
4. Егер өтiнiште немесе хабарламада осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетiлсе, прокурор өз құзыретiнiң шегiнде жаңадан ашылған мән-жайға орай iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығарады және алдын ала тергеу органына тергеудi жүргiзу туралы тапсырма бередi. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезiнде осы Кодекстiң ережелерi сақтала отырып жауап алу, тексеру, сараптама жасау, сұрыптап алу және өзге де тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн.
475-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеу аяқталғаннан
кейiнгi iс-әрекетi
1. Тексеру немесе жаңадан ашылған мән-жайды тергеу аяқталғаннан кейiн iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастауға негiздер болған кезде прокурор iстi осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көзделген жағдайларда өзiнiң қорытындысымен, үкiмнiң көшiрмесiмен және нақ осы баптың екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында көзделген жағдайларда тергеу материалдарымен, бұл ретте осы Кодекстiң 471-бабының бiрiншi бөлiгiн басшылыққа ала отырып, тиiстi сотқа жолдайды.
2. Прокурор iс бойынша iс жүргiзуді жаңғыртуға негiздер болмаған кезде өзiнiң дәлелдi қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзi қозғаған iс жүргiзудi тоқтатады.
3. Iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы осы Кодекстiң 476-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайларға орай осы iс бойынша iс жүргiзудi жаңғырту туралы мәселенi шешуге құқылы сотқа шағымдану құқығын мүдделi адамдарға түсiндiре отырып, олардың назарына жеткiзiледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 476-бап өзгертілді
476-бап. Соттың iс бойынша iс жүргiзудi жаңарту
туралы мәселенi шешуi
1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешiмдерiн қайта қарауды облыстық және соларға теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы, ал егер тиiстi iс бойынша қадағалау тәртібімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы немесе қадағалау алқасы жүзеге асырады.
2. Iстiң апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен алдыңғы қаралуы оны сол сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi жаңғырту тәртібімен қарауға кедергi келтiрмейдi.
3. Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастау туралы қорытындысы осы Кодекстiң 467-бабында белгiленген ережелер бойынша соттың отырысында қаралады.
477-бап. Прокурордың қорытындысын қараушы соттың қаулысы
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастау туралы прокурордың қорытындысын қарап, сот:
1) сот үкімінiң немесе қаулысының күшiн жою және iстi жаңадан тергеу немесе жаңадан сот талқылауын жүргiзуге беру туралы;
2) сот үкімінiң немесе қаулысының күшiн жою туралы және iс бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жаңадан тергеу немесе соттың талқылауы қажет болмағанда, iстi тоқтату туралы;
3) прокурордың қорытындысын қабылдамай тастау туралы қаулылардың бiрiн шығарады.
478-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөніндегі сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеу және сот талқылауы, сондай-ақ шығарылған жаңа сот шешiмдерiне шағым жасау және наразылық бiлдiру осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
479-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi
қайта қозғау кезіндегі азаматтық талап
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкiмнiң күшi жойылған жағдайда iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негiздерде қайтадан қаралады. Азаматтық талап бөлiгiнде ғана iстi қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен жол берiледi.
11-бөлім. Қылмыстық істердің жекелеген
санаттары бойынша іс жүргізудің
ерекшеліктері
52-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары
туралы істер бойынша іс жүргізу
480-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы
iстер бойынша iс жүргiзудiң тәртібі
1. Осы тараудың ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртібі осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртібі:
1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасаған қылмыстар туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлген;
2) айыпталушы сот iсiн жүргiзу сәтiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
481-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер
бойынша анықтауға жататын мән-жайлар
Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, осы Кодекстiң 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:
1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);
2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;
3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;
4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.
482-бап. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша
жариялылықты шектеу
Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс.
483-бап. Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлу
1. Ересектермен бiрге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты iс осы Кодекстiң 49-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-тармағына сәйкес алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуде бөлiнедi.
2. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге бөлу iстiң жағдайын жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн айтарлықтай кедергi жасауы мүмкiн болатын жағдайларда ересектермен қоса бiр iс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады.
484-бап. Кәмелетке толмаған сезiктiнi,
айыпталушыны шақырудың тәртібі
1. Кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы тергеушiге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкiлдерi арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.
2. Арнаулы балалар мекемесiнде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған - ол ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады.
485-бап. Кәмелетке толмаған сезiктiден,
айыпталушыдан жауап алу
1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу осы Кодекстiң 216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн - хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.
2. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиiс.
486-бап. Қорғаушының қатысуы
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағына сәйкес мiндеттi.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуына кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал айып тағылғанға дейiн ұсталған не қамауға алынған жағдайда - ұсталған не қамауға алынған кезден бастап рұқсат етiледi.
3. Егер кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi адвокатпен келісім жасаспаса, тергеушi, прокурор, сот iс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.