2. Құқық бұзушылық жасау кезіндегі айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен асатын сома осы баптың мақсаттары үшiн iрi мөлшер деп танылады.
167-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңының редакциясында.
167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты
қалыптастыру туралы заңдарының талаптарын бұзу
1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
167-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi № 572-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
168-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдарының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпарат табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өздерiне жүктеген мiндеттердi ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану арқылы орындамауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
168-1-бап. Микрокредиттiк ұйымдар туралы заңнама талаптарын бұзу
1. Микрокредиттiк ұйымдардың микрокредиттiк ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабiлеттілігi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының отыз процентiне дейiнгi мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микрокредиттiк ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
жеке тұлғаға -айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi орган жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн банктердiң әлденеше рет бұзуы, -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттілігi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептілік жасауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-2-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгеріспен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгеріс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк қызметiн көрсетуге
байланысты талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -
заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
169-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
169-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
170-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы
зейнетақы қорының немесе банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз
алуға байланысты бұзушылықтар
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңының редакциясында.
170-1-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы
зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына байланысты бұзушылықтар
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуы, -
лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органның алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -
лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-1-бап ҚазақстанРеспубликасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгізілді; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
171-бап. Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуге,
сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс
етуге байланысты бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс ету
Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты уақтылы табыс етпеуі немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуі не олардың дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс етуі -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
171-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңының редакциясында.
172-бап. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
мақсатсыз пайдалану
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктiң мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -
кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394-II, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы
зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептілік пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 72-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
173-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген
талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi органға есеп-қисапты не сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты дер кезiнде табыс етпеуi, табыс етпеуi не анық емес етiп табыс етуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес есептіліктi не уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы табыс етпеуi, табыс етпеуi не дұрыс емес есептілік пен ақпаратты табыс етуi-
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оны тiркеу үшiн бiрлескен қызмет туралы шартты уәкiлеттi органға табыс етпеуi не дер кезiнде табыс етпеуi,-
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұза отырып жүзеге асыруы, -
мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Өзара сақтандыру қоғамының мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiн бұза отырып жүзеге асыруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, -
лауазымды адамға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентi мөлшерiнде, бiрақ жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептілік көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, -
лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -